Чек-парақ: тату сеансына дейін нені білу керек

Шеберді таңдау. Жасаған таңдауыңа күмәнданасың ба? Онда мына чек-парақ саған арналған!
Стерильділік және гигиена
Шебердің қандай дезинфекция, зарарсыздандыру құралдарын қолданатынына назар аударыңыз. Бір реттік инелерді, қолғаптарды және бояуларды араластыруға арналған қалпақшаларды қолдану өте маңызды (шебер бәрін Сіздің көзіңізше ашу керек), олар процесс аяқталғаннан кейін жойылады. Сондай-ақ сіздің көзіңізше жұмыс орны мен шебердің қолдары зарарсыздандырылуы керек

Кәсіби біліктілігі
Шеберді таңдау үшін оның біліктілігі мен татуировкадағы ұнамды стиліне міндетті түрде назар аударыңыз. Сіз шебердің кәсіби біліктілігіне ғана емес, онымен бір-біріңді түсінетіндігіңізге де сенімді болуыңыз керек. Сурет салу стиліндегі талғамдарыңыз бен басымдықтарыңыз ұқсас болуы қажет.

Портфолио
Біліктілік пен сертификаттардың болуынан басқа, шебердің кәсіби практик екеніне көз жеткізіңіз. Жұмыс портфолиосы татуировканы қай стильде жасағыңыз келетінін түсінуге көмектеседі.

Қызмет құны
Шебер қызметтерінің күдікті төмен бағасынан сақ болыңыз. Бұл олардың өндірушіні таңдауына және бояу сапасына тікелей әсер етеді

Жаднама
Нағыз кәсіпқойды теріге минималды жарақат келтіріп, суретті жан-жақты дәл салу сипаттайды. Татуировканы сапалы орындау үшін жақсы суретші болу жеткіліксіз. Суреттің түсі мен фрагменттерін жақсы жеткізу, сонымен қатар адамның дене бітімін ескере отырып, суретті жасау аймағын таңдау маңызды. Егер осы сәттердің бәрі ескерілсе, мұндай шеберге ойланбастан сенім артуға болады.
Автор:
Алтынай Иманова

Сурет дереккөзі: behance.net


Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© UYATEMES.KZ