Сұлулық стандарттары және бодибейтараптық

Қоғам үнемі тура немесе жанама түрде бізге сұлулық стандарттарын белгілейді. Адамдар үшін сен тым арық немесе тым толық, тым қысқа немесе тым ұзын бойлы көрінесің. Айналамыздағы адамдар біздің әрқайсымыз бірегей екенін және бірдей адамдардың болмайтынын ұмытып кетеді.
Ерте жастан бастап бізге қандай болуымыз керектігін айтады. Теледидарда модельдер шоуы бар, кинода барлық актерлер мен актрисалар әрдайым журнал мұқабасындағы сияқты жақсы көрінеді. 2021 жылға қарай сұлулық стандарттары түрлі өзгерістерге ұшырады. Бірақ бұл стандарттар бізге қалай әсер етеді?

Ендігі беталыс – бодипозитив бағыты. Бодипозитивтің идеясы өз сыртқы келбетіңді қабылдауға және өз денеңді сүюге негізделген. «Кез келген дене әдемі", - дейді жарнамалық науқандар. Бірақ бұл қазіргі қоғамның сұлулыққа деген құштарлығы сияқты мәселесін шешпейді, кейде тіпті күрделендіре түседі. Сән саласында плюс сайз өлшемдерінің модельдері пайда болды, олар тек сыртқы келбеттің жаңа стандарттарын орнатты. Осы модельдердің барлығын да белгілі бір дене бітімі немесе дене құрылысы болады.

Бодипозитив қазіргі қоғамның барлық мәселелерін аша алмайтындықтан, оның орнына жаңа ұғым – бодибейтараптық келді. Бұл термин алғаш рет 2015 жылы пайда болды. Бодибейтараптық үйлесім мен тыныштықты табуға көмектеседі. Алдымен, осы екі бағыттың айырмашылықтарын талдайық. Содан кейін саған қайсысы жақын екенін өзің шеше аласың. Айта кететін жайт, екінші бағыт біріншісінің арқасында пайда болды.
Бодипозитив
  • Мен өзімді жақсы сезінемін, өйткені әдемі екенімді білемін.
  • Тартымдылық сезімі – бақыттың кепілі.
  • Сенің денең барлық кемшіліктерімен әдемі екенін түсін.
  • Біз қоғамдағы сұлулық анықтамасын өзгертуіміз керек.
Бодибейтараптық
  • Менің өзіме деген көзқарасымның сыртқы келбетіме ешқандай қатысы жоқ.
  • Айнадан көргенге қатысты алаңдаушылық бақытсыздыққа әкеледі.
  • Сырт келбетің – сенің барлық қызықты жақтарыңның тек бір бөлігі екенін түсін.
  • Біз қоғамдағы сұлулықтың маңыздылығын өзгертуіміз керек.
Денемізді қабылдаудың соңында жүріп, ең басты нәрсе – денсаулық екенін ұмытып кеттік. Дене саулығымен қатар, менталды денсаулық жайында да айтамыз. Көбінесе жасөспірімдер бақытты болу үшін денелерін жақсы көруге тырысады. Ештеңеге қарамастан, әрқашан өздерін жақсы көру керек деп сенеді. Бірақ кей күндері сырт келбетімізді ұнатып, ал басқа күні ұнатпай жататынымыз қалыпты жағдай. Дене бізге ұнамауы мүмкін, бірақ оған деген көзқарасымыз өзімізді жаман әрі кінәлі сезінуге немесе алаңдауға себеп емес. Егер саған өз денең жайлыболса, ештеңені өзгертудің қажеті жоқ. Егер өзіңе ыңғайлыболып, бірақ саналы түрде өзгергің келсе – салмақ жоғалтқың немесе қосқың келсе, бұл қалыпты жағдай екенін ұмытпа. Еңбастысы - денсаулығың мен ішкі жай-күйіңді бақылауды ұмытпау.
Бодибейтараптықты қалай қолдануға болады:
  1. Өз денеңді тыңда. Ең бастысы – организмді және ішкі сезімдерді тыңдау. Егер шаршап, әлсірегеніңді сезсең, денеңе демалуға мүмкіндік бер.
  2. Өз денеңе қатысты ойларды өзгерте баста. Оның сен үшін қаншалықты көп нәрсе жасайтыны туралы ойла.
  3. Қалайтын тамағыңды же. Ағзаңа пайдалы өнімдерді жеуге тырыс. Егер тәтті десерт пен зиянды тағамды қаласаң, ләззаттан рахат ал және содан кейін өзіңді жазғырма.
  4. Егер компаниядағы әңгіме денеңмен немесе салмағыңмен қанағаттанбау жайлы болса, акценттерді дұрыс қойған жөн – адамның сырт келбетіне емес, сезімдеріне назар аудар.
  5. Сырт келбетке емес, жетістіктерге көңіл бөл.
Бастысы, өз менталды денсаулығыңды ұмытпа. Тамақтанумен болатын проблемалардың немесе жағымсыз тағамдық әдеттердің болуын сезсең, осының бәрін реттеу қиын болса, мамандарға жүгін. Мінсіз денеге ие болу үшін интернеттегі диеталарды ұстанудан аулақ бол. Осы жағдайда саған көмек көрсете алатын адамдарға айт.

Өзіңмен үйлесімге келіп, осы өмірден толықтай ләззат аласың деп үміттенеміз.

Есіңде болсын, СЕН – қандай болмасын, жай ғана дене емессің.
Мақала келесі материалдар негізінде жазылған:
sobaka.ru
heroine.ru
Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© UYATEMES.KZ