Егер де отбасыңа жігітің/қызың ұнамаса, не олар ғашық адамыңмен бірге болуға қарсы болса, сен қатты қиналасың.
Сол үшін қайғырасың, ыза боласың, жалғызсырап, не істеріңді білмейсің. Мұндай жағдайда былай істеуге болады:
Олардың неліктен қарсы екенін анықтап ал
Мүмкін, отбасыңның серіктесіңнің жүріс-тұрысына, жасына, жыныстық тиістілігіне, дініне, нәсіліне қатысты қарсылығы бар шығар? Не өзге де себептері болуы ықтимал.
Ата-анаңа өзіңді қалай сезінетінің жөнінде айт
Бұл мәселені талқылап, шешуге тырыс.
Өзің сенетін адамнан көмек сұра
Отбасыңның мүшесімен, мұғаліміңмен немесе сенетін адамыңмен мәселең жайлы айт .
Олармен сөйлес
Біздің кеңесшіге жаз немесе 111 сенім телефонына қоңырау шал. Біз саған қол ұшын беріп, қолдау үшін осындамыз.