Жыныстық зорлық-зомбылық

Егер де сен жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болсаң, не болмаса мұндай жағдайды басынан кешіріп жатқан біреуді білсең, біз саған көмектесе аламыз. Мұнда сен не істеуге, кіммен сөйлесуге және қайдан жәрдем алуға болатыны жайында ақпаратты таба аласың.

Бұл парақта:
Жыныстық зорлық-зомбылық дегеніміз не?
Мұндай жағдай неліктен орын алады?
Жыныстық алымсақтық (бопсалау, харассмент) деп нені айтамыз?
Харассментті қалай тоқтатуға болады?
Жыныстық зорлық-зомбылықжайында қалай айтса…
Сен не істей аласың
Жыныстық зорлық-зомбылық дегеніміз не?
Жыныстық зорлық-зомбылық деп біреуді басқа адаммен сексуалды әрекеттерге мәжбүрлеуді, күштеуді немесе алдап көндіруді айтамыз.

Жыныстық зорлық-зомбылықтың мысалдары:

  • ықтиярыңсыз және рұқсатыңсыз саған жағымсыз түрде тиісу
  • біреу саған өзінің жыныс мүшелерін онлайн (интернетте) немесе офлайн (шын өмірде) көрсету
  • сені секспен айналысуға, сексуалды мазмұндағы фотолар мен бейне материалдарды көруге, сексуалды әрекетке немесе онымен айналысып жатқан адамдарды бақылауға мәжбүрлеу
Жыныстық зорлық-зомбылыққа зорлау, сексуалдық сипаттағы шабуыл, жыныстық алымсақтық (бопсалау), онлайн груминг және кейде жанұядағы зорлық-зомбылықжатады.

Сондай-ақ осыған жыныстық қанауды (ақшаға немесе есірткіге айырбас ретінде басқа біреумен секске мәжбүрлеу), секстингті және балалар порнографиясын жатқызуға болады.

Жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты 6 факт:
  • жыныстық зорлық-зомбылық қыз және ұл балалармен де болуы мүмкін
  • жыныстық зорлық-зомбылықты кез келген адам жасай алады: бейтаныс адам, жақсы көретін және сенетін адамың, жігітің/қызың
  • жыныстық зорлық-зомбылықты өз жынысыңның адамы да жасауы мүмкін
  • жыныстық зорлық-зомбылық қашанда «нағыз сексті» білдірмейді. Бұл жанасу, сүйісу, оралды секс немесе кез келген басқа да сексуалды әрекеттер тәрізді жат қылықтар түрінде де болады
Жыныстық зорлық-зомбылық неліктен орын алады
Бұл жағдайдың неліктен болғаны, не болмаса орын алып жатқандығы жайында білгің келуің қалыпты құбылыс. Бұның сенің кім екеніңе, не айтқаныңа немесе істегеніңе ешқандай қатысы жоқ. Ал кей адамдар билік жүргізіп, бақылауды қалайтыны белгілі.

Олар өз ісінің бұрыс екенін біле тұра, ол жайында ешкімге айтпауын сұрайды немесе оның әрекетінің күнделікті құбылыс екеніне сендіре алады. Бұл груминг болып табылады, яғни адамның өз зорлық әрекеттерін жалғастыру үшін сенімен сенімді қарым-қатынасты орнатуы. Груминг та онлайн болуы мүмкін.
Жыныстық алымсақтық (бопсалау, харассмент) деп нені айтамыз?
Жыныстық алымсақтық (бопсалау) – бұл сексуалдық сипаттағы буллинг. Ол кез келген жерде – мектепте де, үйде де, жұмыс орнында да кездеседі. Сондықтан өзіңді қорланғандай сезініп, қымсынып жасқанасың.

Жыныстық алымсақтық деп:
  • сені басқа біреу омырауыңнан немесе жыныс мүшелеріңнен шымшып алғанда, ұстай алғанда
  • сен жайлы сексуалдық сипаттағы қауесет таратқанда
  • сен қысылатындай саған ерсі сөздер айтқанда
  • саған әдепсіз сөйлеп (сайқал, жезөкше және т.б.), тіл тигізгенде
  • дене мүшелерің жайында айтып, саған зат ретінде қарағанда
  • қалауынсыз шешіндіргенде
  • жағымсыз түрде сені қолымен ұстағанда
  • сені күшпен сүйісуге немесе сексуалды сипаттағы басқа бір әрекетті жасатуға мәжбүрлегенде, өзіңді жайсыз сезінуді айтамыз.
Харассментті қалай тоқтатуға болады?
Доғаруды өтін
Ол адамға оның әрекетінің ұнамайтынын, осымен доғаруын қалайтыныңды айт. Егер де сен үшін бұл қауіпті болса, онда тәуекелге барма. Саған қолдау көрсете алатын адамнан көмек сұра

Өзіңе сенімді бол
Өзіңе сенімдірек болу жолдарын және өз сезімдерің жайлы қалай айту керектігін біліп ал

Басқаларды қолда
Осындай жағдай басқа біреудің де басынан өтіп жатқанын байқасаң, бір-бірлеріңе қолдау көрсетіп, жәбір көрсетуші адам жайында бірге хабарлаңдар

Өз құқықтарың жайлы біліп ал
Жәбірлеуші адамның қылығына күліп, не жымиып қарама. Оның әрекетінің жарамайтын қылық екенін көрсетуге тырыс. Есіңде болсын: саған қатысты комментарийлер мен тиісулерге «жоқ» деп жауап қайтаруға құқылысың.

Бәрін жазып ал
Харассменттің қай жерде және кіммен жасалғаны жөнінде жазып отыр.

Бұл жайлы сөйлес
Өзің сенетін ересек адамға – мұғалімге, сынып жетекшісіне, ата-анаңа айт.

Қолдау көрсетушіні тап
111 (кез келген телефоннан тегін) немесе 150 (кез келген қала телефонынан немесе ұялы телефоннан [Tele2-дан басқасы] тегін) сенім телефондарына қоңырау шал.
Жыныстық зорлық-зомбылық жайында қалай айтса…
Көмек сұрау үшін саған қатысты жасалған/жасалып жатқан жыныстық зорлық-зомбылық жайында қалай айтуға болатынын білмесең, бұлай істе:

Ортаңнан сенетін адамыңды таңда
Жыныстық зорлық-зомбылық жайында біреуге айту – өте батыл әрі қиын іс. Ол адам әжең немесе атаң, анаңның досы, мұғалімің, жергілікті діни көшбасшы немесе дәрігер болуы мүмкін.

Мәтін жаз
Зорлық-зомбылық жайында айту оңай емес, дегенмен сенімен болған жағдай туралы ашық баяндағаның маңызды. Әңгіменің орнына хат жазуыңа болады.

Уақыт тап
Айтуға бекінген адамыңмен асықпай оңашада сөйлесу үшін уақыт тап.

Сені қолдайтын адаммен бар
Жақын досың/құрбың болса, сол жағдай туралы хабарлаған кезде жаныңда болуын өтін.

Кінәсіз екеніңді түсін
Сенімен болған жайт үшін өзіңді кінәлі сезінерсің. Қысылма. Сенетін адамыңмен сөйлескен кезде бұл сезімнің кедергі жасамағаны маңызды.

Қашанда сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады
111 немесе 150 нөмірлеріне қоңырау шал, мұнда сенімен сөйлесіп, саған қолдау көрсетіп, ары қарай кімге жүгінуге болатыны жайында кеңес береді. Қоңырау шалу тегін.

Жыныстық зорлық-зомбылық жайында ашылып айту қашанда ауыр. Саған жасалған жыныстық зорлық-зомбылықтан кейін сен қорқақтанып, жалғызсырайсың, жасқанасың. Бірақ, мұнда СЕНІҢ КІНӘҢ ЖОҚ, және де біреуге бұл жөнінде ашық айту қашанда кеш емес. Саған көмектесе алатын адамдар бар екені рас.

Сен не істей аласың
Сен не істей аласың
Жыныстық зорлық-зомбылық – жағымсыз, теріс әрекет. Қанша рет болғаны, қай кезде және кім жасағаны, ер адам ба, не әйел адам ба – ол маңызды емес. Бастысы, саған қол ұшын беріп, қолдай алғанғандары. Біреуге айту қашан да кеш емес.

Айғақтар жина
Айғақтарың жоқ болса да, біреуге болған жайтты айту қажет. Қолыңнан келсе, саған қарсы зорлық-зомбылық жасаған адамнан түскен хабарламаларды, имейлдарды және смс-хабарламаларын сақта, әрекет жасалған уақытты жазып ал. Қолыңда заттай дәлелдерің болмаған күнде де көмек сұрай алатыныңды ұмытпа.

Ешқашан берілме
Жыныстық зорлық-зомбылық сияқты маңызды мәселе жайында айтқан кезде кейбір адамдар көңілі түсіп, абыржып қалар. Сен айтқан жайтты қабылдау оларға қиынға соғады. Мүмкін, олар бұл мәселеге араласқысы келмей, сен асыра көрсетіп, дұрыс түсінбедің деп те айтады. Мұның барлығы саған қарсы жасалған зорлық-зомбылық жайында адамдарға айтпау керек дегенді білдірмейді. Егер де сен біреуге ашылып, ал ол адам көмектесуге ниет білдірмесе, берілме! Басқа адамға айтып көр. Бұл жөнінде айту – дұрыс шешім.

Есіңде болсын: сен жалғыз емессің

  • сен жайында адамдардың не ойлайтыны алаңдатса
  • саған қамқор ата-анаң мен үлкендердің көңілін қалдырып алам деп ойласаң
  • саған немесе әпкеңе/бауырыңа қатысты зорлық-зомбылық күшейсе деп қорықсаң
  • саған зорлық жасаған адам келеңсіздікке ұшырайды деп ойласаң
  • бұл жағдайдың отбасыңның бұзылуына кесірі тиеді деп уайымдасаң, ол – қалыпты құбылы
Бастысы, сенің қауіпсіздігің, ол жағдайды жасырмай, сенетін адамыңа айту. Сен бұның барлығынан жалғыз өтуге міндетті емессің.
Досың/құрбың үшін алаңдасаң, не істеу қажет
Досыңа/құрбыңа қарсы зорлық жасалғандай көрінсе, оларға сол жайында айт. Қолдауыңды білдіріп, сенімен ашық сөйлесуге болатынын көрсет. Мүмкін, олар сенімен ол туралы сөйлескісі келмейтін болар. Басқа біреуге айтса, не болатынын ойлап қорқатын шығар.

Егер де досың/құрбың оларға қарсы жасалған зорлық жайында саған айтып жатса, өздерің сенетін ересек адамға мәлімдеуге кеңес бер. Жанында болып, қолдау көрсет. 111 немесе 150нөмірлеріне бірге қоңырау шалуға болады. Мамандар ары қарай не істеп, қайда жүгінуге болатыны жайында кеңес береді.
Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© 2018-2019 UYATEMES.KZ