Секспен айналысу немесе сексуалды өзара хат-хабар жазысу Секспен айналыса бастау-өмірдегі маңызды шешімдердің бірі. Әр адам бұған дайын екенін өз уақытында сезінеді.
Егер де өзіңді жайсыз сезініп, секске дайын болмасаң, онымен айналысуға міндетті емессің. Сондай-ақ өзіңнің жалаңаш суреттеріңді жібергің немесе сексуалды өзара хат-хабар жазысқың келмесе, оны істемеуге құқылысың. Сенен ондайды күткен адамға өзіңді жайсыз сезінетінің жайында айтқаның дұрыс.
Достарың, жігітің не қызың сезімдеріңе қатысты алаңдаса, онда олар саған қысым көрсетіп, ұнамайтын іс-әрекетті жасатуға мәжбүрлемейді.
Секс жайында көбірек ақпаратты
мұнда біл.
Келеңсіз жағдайларға ұшырау Кейде артынан келеңсіз жағдайларға ұшырататын іс-қимыл жасауға мәжбүрлеп жатады. Мысалы, сені сабақтан бірге қашуға, бірдеңе ұрлауға немесе заңға қайшы әрекет жасауға көндіруі мүмкін.
Дау не әзіл әрекет, әсіресе бұған достарыңның бәрі қатысқан жағдайда саған және өміріңе қалай әсер ететінін айту қиын.
Әрине, өзің сенетін достарыңмен бірге әрекет жасап, көңіл көтеру жақсы. Дегенмен заңды бұзудың ауыр салдары бар.
Түрлі жағдайлар болып жатады, бірақ өткенге оралып, болғанды өзгерте алмайсың. Ал полиция құрықтаса не болмақ? Сондықтан есіңде болсын, сен қашанда достарың мен таныстарыңа «жоқ» деп айта аласың.
Өз іс-әрекеттеріңнің неге әкеп ұрындыратыны жайлы алдын ала ойлағаның дұрыс.