Сұлулықтың не екенін қайдан білеміз?
Нені және кімді әдемі санау түсінігін біз түрлі дереккөздерден аламыз:
- мәдениет
- теледидар/кино
- журналдар
- отбасы
- достар
- мектептегі балалар
Сымбатты деп саналу үшін көпшіліктің пікіріне көнігу қажет. Кейде басқалардың сен туралы ойлағаны мен айтқанынан өзіңді нашар сезінуін мүмкін.
Саған шашың, теріңнің түсі, көзіңнің қиығы ұнамауы мүмкін, көзілдірік таққаннан не брекеттен қысылып ұялуын мүмкін. Егер сен үнемі теріңнің «мінсіз» немесе белгілі бір типтегі тәннің болу керектігі жайлы ойласаң, онда сырт келбетіңді қабылдау қиынға соғады.
Өзіңе сенімдірек болам десең, өзіңді кинодағы, бейнеклиптер мен журналдардағы адамдармен салыстырма. Оларды әдемі киіндіріп, шаш үлгісі мен макияж жасайтынын ұмытпа. Өмірде бұл адамдар мүлдем басқаша. Кемшіліксіз адам болмайды.
Кейде басқалар сенің сырт келбетіңе қатысты жағымсыз сөздер айтып, саған нашар қарауы мүмкін. Сенің киім үлгіңді сынап, олар сияқты киінуің керек дейді. Өзің жайлы сені ешкім де жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқы жоқ екенін естен шығарма.
Дұрыс қарым-қатынаста (достық немесе романтикалық) адамдар сені сол қалпында қабылдап, өзгертуге тырыспауға тиіс.
Саған айтылған сөздерден сен өзіңнің өзгеруіңді, яғни есеюді, биік, аласа бойлы болуды, арықтауды, толысуды қалауың мүмкін. Сенің мазаңды алмау үшін не болса да істеуге барсың. Алайда, басқалардың көңілінен шығу үшін өзіңді өзгерту шарт емес екенін ұмытпа. Есесіне саған қолдау қажет. Сондықтан:
- өзің сенетін адаммен тілдес, өзіңмен не болғанын айт
- мектеп психологымен сөйлес немесе 111 жедел желіге қоңырау соқ
- біздің форумдағы басқа балалармен тілдес