Жобаның авторы, тәуелсіз зерттеуші
КАРЛЫГАШ КАБАТОВА
Психолог, жаттықтырушы
ИРИНА ЮСУПОВА
Гинеколог, сексуалды-репродуктивті денсаулық жөніндегі маман
ГАЛИНА ГРЕБЕННИКОВА

БIЗДIҢ КОМАНДА

UyatEmes.kz-ті ойластырған кезде біздің жеткіншектерге арналған қолайлы білім көзін жасағым келді. Олардың өз сексуалдық-репродуктивтік денсаулығын күтуге, жыныстық алымсақтықтан сақтануға қатысты, жалпы салауатты қарым-қатынас туралы түсініктері шамалы. Ата-аналар бұл тақырыпта сөйлеспейді, ал мектептерде бұны оқытпайды. Сондықтан мектеп бағдарламасына жан-жақты жыныстық сауат ашу пәнін енгізу аса маңызды деп санаймын. Біздің платформа жастарға өздерін және бір-бірін шын мәнінде құрметтеуге үйретіп, ал ата-аналарға балаларымен күрделі тақырыптарға сөйлесуден сәл де болса қорықпауына көмектеседі деп үміттенемін.

Жыныстық сауат ашу тақырыбын 2017 жылдан бастап зерттеп келемін, сондай-ақ Джордж Вашингтон университеті жанындағы ғылыми тағылымдаманың (АҚШ, 2017-2018) және Джон Смит Фондысының Орталық Азияға арналған бағдарламасының аясында да осы мәселені зерделедім. Зерттеуге деген қызығушылығым Бишкекте ЕҚЫҰ Академиясының магистратурасында оқып жүргенде оянып, содан кейін Сорос-Қазақстан Қорының жария саясат саласындағы жас зерттеушілерге арналған бағдарламасынан өттім. Менің зерттеушілік мүдделерім жыныстық сауат ашу, адам құқықтары, жария саясаттың қалыптасуы, гендер мәселелерін қамтиды.
Гинеколог, аналардың, нәрестелердің, балалар мен жеткіншектердің денсаулықтарын сақтау жөніндегі сарапшы; гендерлік теңдік және әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын және мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі маман.
Мен - "Балалар психологиялық клубының" (Қарағанды қ.) және "Балалар психодрамасы Қазақстан" орталығының (Астана қ.) басшысымын. Екі баланың анасы. 2005 жылдан бастап жұмыс жасап, ересек адамдарға көмектестім. Бірде ересектер мәселелерінің балалық шақтан туындайтынын түсініп, олардың салдарымен емес, сол салдарды алдын алу жолында жұмыс жасауды шештім.

Білімім: Ресей-Қазақстан Заманауи Гуманитарлық Академиясы (2000 ж.-2005 ж.) - "Психолог", Мәскеу Топтық Психотерапия және Әлеуметтік Жобалау Институты (2010 ж. - 2012 ж.) - "Психодраматерапевт", Омбы Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің магистранты (қазіргі уақытта), "Colombo Plan" халықаралық орталығының тәуелділік және ортақ тәуелділік мәселелері жөніндегі жаттықтырушысы. Аддиктология, ересектер және балалар психодрамасы, денеге бағытталған психотерапия және т.б. бойынша мамандықтарым бар.
Жасөспірімдердің сексуалдық және репродуктивтік денсаулығы мәселелерібойынша Y-PEER жаттықтырушысы
КАМИЛА ТУЯКБАЕВА
2007 жылы 15-жасымда Y-PEER еріктілер желісіне қосылып, біз өмір сүріп отырған қоғамды сау қылу, яғни бақытты ету идеясы біріктірген еріктілердің үлкен тобымен таныстым. Мен ерікті болдым, көп оқыдым және сексуалдық-репродуктивтік денсаулық бойынша жаттықтырушы болдым. Бұл еріктілік жұмыс мамандық таңдауға өз септігін тигізді, сөйтіп 2016 жылы Аризона Университетін Қоғамдық Денсаулық сақтау мамандығы бойынша бітірдім. Қазақстанға оралғаннан кейін денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарда жұмыс істедім. Жастардың денсаулыққа және ақпаратқа қолжетімділік құқығын қорғауды үйрену үшін 2019 жылы Назарбаев Университетінің Мемлекеттік басқару магистрі атандым.
Коммуникация маманы
МАХАББАТ БОРАНБАЙ
Менің жыныстық ағартумен және оның Қазақстандағы өткір қажеттілігімен танысуым мектепте басталды. 11-сыныпта мені және басқа да сыныптас қыздарды мұғалімдер жинап, қыздардың құлықтылығы мен" тазалығы" туралы дәріс оқыды. Бұл мені қаншалықты ашуландырғаны және неге бұл жайында сыныптың әйел затына ғана айтылатыны туралы сұрағымның (сыныптас бозбалалар 8-ші сыныптан бастап өздерінің "жетістіктері" туралы мақтанатын еді) жауапсыз қалғаны есімде. Сол сәттен бастап мен сырттан жауап іздей бастадым. 2018 жылдан бастап, Y-PEER мен UyatEmes-тің арқасында жыныстық сауат ашу, АИТВ/ЖИТС және ЖЖБИ мәселелері туралы көбірек біле бастадым, сонымен қатар басқаларды да оқытамын. Мен Қазақстандағы жасөспірімдер, жалпы жастар да есею, қарым-қатынас және секс туралы шынайы және достық ақпарат алып қана қоймай, оны бір-бірімен талқылай алуын қалаймын.

Менің ғылыми мүдделерім - бұл Қазақстандағы және жалпы Орталық Азиядағы қарым-қатынас, неке, сексуалдық және репродуктивтік құқықтар. 2021 жылдың күзінде гендерлік зерттеулер магистратурасының студенті ретінде жұмысымды жалғастырамын.
Видеограф
МАРЬЯ ЛЫКОВА
Суретші
ДАРЬЯ САЗАНОВИЧ
Өмірімде жыныстық сауаттылықтың жетіспеушілігіне тап болған кезде осы тақырыптың өте маңызды екенін бұрыннан түсіндім. Сондықтан видеографиядағы осы күнгі дағдыларыммен UyatEmes.kz жобасын қолдауға шешім қабылдадым. Мен осындай пайдалы ақпаратты біздің ұрпақ үшін басты ресурс - әлеуметтік желілер арқылы тиімді таратуда зор әлеуетті көріп отырмын және болашақта да жобаға көмектесемін деген үміттемін.

Қазір мен - Minerva Schools at kgi университетінің студентімін, онда біз онлайн-сабақтарда әлемдік проблемаларды шешуді үйренеміз және бакалавриаттың төрт жылы ішінде жеті түрлі елде тұрамыз. Сонымен қатар мен бейне және фотомен айналысамын.
Мен - мультимедиялық суретшімін, Бременде тұрып, жұмыс істеймін. Жиі мен Sheeborshee лақап атымен жұмыс жасаймын.
Қазір Бремен өнер университетінің Сандық Медиа магистратурасын тәмамдап жатырмын.
Көптеген тәуелсіз медиамен, коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтық бастамалармен бірге қызмет етемін. Әлеуметтік хакатондардың бірінде Қарлығашты кездестірдім, содан бері иллюстратор ретінде UyatEmes-ті жасауға көмектесіп келемін. Жыныстық білім біздің қоғамға әдепті, жауапты, сау болуға көмектеседі. Сондықтан мемлекет жыныстық сауаттандыруға мүдделі емес елдерде мұндай бастамалардың болуы екі есе маңызды!
Өз сұрағыңды қой
Біз жауап табуға тырысамыз
* толтыруға міндетті жолдар
ЖІБЕРІЛІМ
© 2018-2019 UYATEMES.KZ