Ай сайын ішіңдегі аналық жыныс безінің біреуінде (ондай сенде екі без) ұрық жасушасы пайда болады. Осы ұрық жасушасы жатыр түтігінің біреуі арқылы жатырға қарай төмен қозғалады. Ұрық жасушасы аталық жыныс жасушаларымен (ұлдың\жігіттің жасушалары) ұрықтандырылмаған жағдайда, ол ыдырап, денеден қан түрінде шығарылады. Бұл – табиғи құбылыс, сондықтан қорқып, ұялудың еш қажеті жоқ.
Егер ұрық жасушасы аталық жыныс жасушасымен ұрықтандырылған болса, ондай жағдайда ұрық жасушасы жатырдың ішкі қабырғасына бекініп, өсе бастайды. Осылайша жүктілік басталады. Кейін осы ұрық жасушасы балаға айналады.
Етеккір тұрақты түрде келіп тұрса, және де сен жыныстық өмірді бастап кеткен болсаң, ал кейін кенеттен етеккір келмей жатса, онда сенің жүкті болып қалуың ықтимал. Ондай жағдайда дәрігерге қаралу қажет. Не болмаса, жүктілікті анықтау сынақтамасын жасап (дәріханаларда сатылады), ал артынан дәрігерге тексерілген жөн.
Кей қыздар менструация басталғанға дейін бір жұма немесе екі күн бұрын етеккір келер алды синдромына шалдығады. Безеулер пайда болып, омырауларың сезімтал келеді, көңіл-күйің құбылып тұрады.
Менструациядан ұялма. Жер бетіндегі адамдардың жартысына ай сайын етеккір келеді, онда тұрған жаман, не лас ештеңе жоқ! Бұл өмірлік циклдің бір бөлігі.