Секс

Секс жайында сұрау қорқынышты болуы мүмкін, адамдар қысылып, ақымақ көрінуден қорқады. Дегенмен бұл тақырып бәрін де қызықтырады. Бұл – қалыпты жағдай.  Егер де осы тақырыпқа қатысты білгің келген нәрселер болса, ұялма, бізге жаз

Секспен айналыссаң да, айналыспасаң да, бәрін ақылмен жасау үшін контрацепция мен ерікті келісімжайлы білуің керек.

Бұл парақтан білетінің:

Дайын екеніңді қалай түсінуге болады?

Өзіңді жайсыз сезінетіндей ештеңе жасама

Секспен қай жастан бастап айналысуға болады?

Егер де саған таныс емес нәрселерді жасатуға мәжбүрлесе ше…

Дайын екеніңді қалай түсінуге болады?

Егер де секспен айналысуды ойлап жүрген болсаң, ол жөнінде көбірек біліп алғаның жөн болар.  Бұл сенің қаншалықты эмоциялық және тәндік тұрғыда дайын екеніңді түсінуге көмектеседі. Міндетті түрде қызыңмен/жігітіңмен неден үміттенетіндерің, әрқайсыларыңның  нені лайық деп табатындарың жайында сөйлес.

Секспен айналысуға қатысты шешімді тек осыған бола қабылдауға болмайды:

  • осылайша бой жетем/ер жетем деп ойласаң
  • елден ерек болып көрінгің келмейді (яғни, оны жасамаған жалғыз сен болсаң)
  • бас тартқан жағдайда не болады деп уайымдайсың
  • сені біреу мәжбүр етсе
  • ол сені сүйем десе
  • біреудің көңілінен шығуға тырыссаң
  • егер сен бас тартсаң, қарым-қатынастарың аяқталады деп қорқасың.

Өзіңді жайсыз сезінетіндей ештеңе жасама

Секс тек қуаныш пен рақаттану деп ойлап қалуға болады.  Кинода, сериалдарда және бейнеклиптарда секс қашанда бәріне ұнайды.  Ал өмірде кейде секстен ауырсыну, ұялу сезімі болады, өзіңді жайсыз сезінесің.   

Сондай-ақ, секстен әсерлену онымен кіммен айналысуыңа байланысты.  Жиі эмоциялық жақындық тән әуестігі сияқты мәнге ие.

Қаламасаң, ешқашан өзіңді сексуалдық байланысқа түсуге мәжбүрлеме. Саған қалай дұрыс көрінсе, солай жасаған маңызды.

Өзіңе сенімді болған кезде ғана секс өте жайлы. Мүмкін сен өзіңнің сырт келбетіңе қатысты ұялып, алаңдайтын шығарсың, бірақ бәрімізде де өзімізге ұнамайтын қырларымыз бар. Мінсіз адам болмайды, ал өзіңе деген сенімділік уақыты жеткенде келеді.

Өзіңді және келбетіңді қалай қабылдауды үйрену жайында мұнда оқы.

 

Секспен қай жастан бастап айналысуға болады?

Қазақстанда секспен заңды түрде 16 жастан бастап айналысуға болады. Бұл жас сексуалдық келісім жасы деп аталады. Мысалы, егер сенің жасың он алтыда, ал қызыңның жасы он бесте болып, тіпті екеулерің де соны қалап тұрған жағдайда да заң бойынша ол секске өз келісімін бере алмайды. Ал егер секс орын алған жағдайда, саған қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін. Бұл шарт сені жазалау үшін емес, қорғау үшін жазылған.   

Заң бойынша секс 16 жастан рұқсат етілсе де, онымен айналысу керек дегенді білдірмейді. Саған ешкім де қысым көрсетіп, мәжбүрлей алмайды. Тек соған өзіңді дайынмын деп есептесең ғана секспен айналыс.

Кейде адамның секске және сексуалдық әрекеттерге шынында келіскен, келіспегенін түсіну қиын. Міндетті түрде сынарыңның айтқанына құлақ ас, оның бұны нақты қалайтынына көз жеткіз.   

Есірткі, ішімдік, басқалар тарапынан қысым, көндіру, қорқыныш деген нәрселерге байланысты адам бас тарта алмауы да мүмкін.

Егер де адам келісімін беріп, сонымен бірге жылап, қатты масайып, қалтыраса, абыржыса, одан тағы да мұны қалайтынына сенімділігі жөнінде сұра. Ешкімді ешқашан секске мәжбүрлеме. Бұл дұрыс емес. Сондай-ақ, бас тартқаны үшін адамды кінәлі сезіндіруге мәжбүрлеу де дұрыс емес.   

Сені бір жағдай мазаласа немесе секс жайында білгің келсе, бізге жаз.

Қауіпсіз секс: контрацепция және инфекциядан қорғану

Контрацепция – жүктіліктің алдын алу үшін әрекет қылу. Ең қарапайым тәсілдердің бірі презервативті қолдану болып табылады.

Презервативті алғашқы секс кезінде де қолдану қажет. Ол жүктіліктен және кейін аяғы СПИД-кеайналуы мүмкін хламидия, гонорея, сифилис және ВИЧ сияқты қауіпті ЖЖБИ-ды (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, яғни секс арқылы) жұқтырып алудан қорғайды. 

Өз сексуалдық денсаулығың дысақтау өте маңызды. Контрацепция мен ЖЖБИ-дан қорғанудың түрлі тәсілдері жайында мұнда білуге болады.

Секске қатысты алаңдау

Әсіресе жыныстық жетілу кезінде сексуалдық ойлар мен сезінулер қалыпты жағдай. Басында сен ұялып қысыласың, бірақ кейіннен денең өзгерістерге үйрене бастағанда, жеңілірек болады.   

Алғашқы секске қатысты алаңдау да қалыпты құбылыс. Ол – сенің өміріңдегі зор қадам.   Бастысы, өз қалауыңмен болып, қауіпсіздікті сақтасаң болды.

Егер де сен күмәнданып, ал секс жайлы ой абыржытса, мүмкін уақытың әлі келмеген шығар.

Егер де саған таныс емес нәрселерді жасатуға мәжбүрлесе ше

Кей кездері біреулер жігітін немесе қызын сексте жаңа бір нәрсені жасап көруге мәжбүрлейді. Әдетте бұндай жағдай порнодан бірдеңе көргенде, не басқа адамдар солай жасайды деп естігенде болуы мүмкін.

Есіңде болсын:

  • бұрын да біреумен секспен айналысқан болсаң, бұл секспен ары қарай да айналысу міндет деген сөз емес
  • келісім деп екі адамның секспен айналысуға келісуін және сексте жаңа бір нәрсені жасап көруге қатысты талқылауын айтамыз
  • бір жолы секске келіссең де, бұл болашақта да секске келістім дегенді білдірмейді.

Әлдебіреу сенің қалауыңсыз секспен немесе секске байланысты нәрсемен айналысуға мәжбүрлесе, ондайға дайын еместігіңді айтуың керек. Ол адам сенің шешіміңді құрметтеуі тиіс. Қалай табанды болу жайында мұнда біліп ал.

Егер де біреу секспен немесе секске байланысты нәрсемен айналыс мақсатында саған күш жұмсаса, бұл сексуалдық алымсақтық болып табылады. Ешкімнің де сенімен мұндайды жасауға құқы жоқ. Қолдау көрсету үшін 111 сенім телефонына хабарласуыңа немесе біздің кеңесшілерге сұрақ қоюға болады.

Поделитесь:

Leave a Reply