Жаңа қарым-қатынас

Сіз бұрынғы сүйіктіңізбен әлдеқашан айырылыстыңыз, жаңа қарым-қатынасты бастау уақыты келді, бірақ қандай да бір себептермен ештеңе шықпайды. Мүмкін, бәріне қорқыныш себепші шығар?

Қарым-қатынас үзілгеннен кейін, адаммен ажырасқан соң немесе ауыр айырылысқаннан кейін жаңа қарым-қатынасты бастау үшін ерекше батылдық қажет. Сіз "ғашық болғым келеді, бірақ қорқамын" деген күйде болуыңыз мүмкін. Немесе біреумен соңғы рет танысқаннан және/немесе кездескеннен бері көп уақыт өтті.

Бейтаныс адамның өміріңізге енуі оңай емес, бірақ сарапшылардың пікірінше, бұл жағдайда даусыз артықшылықтар да бар. Дәл осы уақытта өзіңіз үшін өзгеше, бақытты болашақ құруға мүмкіндігіңіз бар.
Мүмкіншілікті бағалау
Жаңа қарым-қатынасты бастамас бұрын, үзіліс жасап, мүмкін перспективаларды бағалау керек. Ол үшін алдыңғы қарым-қатынастарға талдау жасап, ненің дұрыс болмағанын және қарым-қатынастың неліктен бұзылғанын түсіну керек. Осылайша сіз келесі жолы одан аулақ болу мүмкіндігін арттырасыз.

Отбасылық психотерапевт Елена Улитова: "Қарым-қатынастың бұзылуында өз рөліңізді бағалау өте маңызды", - деп түсіндіреді. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: серіктеспен айтарлықтай түсінбеушіліктер қашан пайда болды? Не үшін жиі дауластыңыздар? Қазір, эмоциялық шиеленіс төмендеген кезде, басқаша әрекет жасар ма едіңіз? Адал жауаптар бұрынғы қателіктердің алдын алып, жаңа қарым-қатынасты құруға көмектеседі.

Қарым-қатынасты не күшейтетіні және оларға не кедергі келтіретіні туралы ойланыңыз. Адамдар бәрін бірден өзгертуге бейім, бірақ сіз қарым-қатынаста жинап-терген барлық тәжірибеңізді жоғалтқыңыз келмейді ғой? Сондықтан проблемалар мен қиындықтарды талдау ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынаста болған жақсы нәрселерге назар аудару өте маңызды.

"Сондай-ақ, серіктес сізге берген нәрселерден бүгін өзіңіз неге қол жеткізе алатындығыңызды және бізге басқа адамдар не үшін қажет екенін түсініңіз", - деп түсіндіреді Елена Улитова. Тіпті, егер біраз уақыттан кейін қарым-қатынас үзілсе де, кез келген махаббат байланысында оған мүмкіндік беретін нәрсе бар.

Бұрынғы серіктесіңіздің қай қасиеттерін ұнаттыңыз? Неліктен сіз оны таңдадыңыз? Бұрынғы серіктесіңіздің жағымды қасиеттерінің қайсысын өзіңіздің жаңа серіктесіңізден тапқыңыз келеді? Жаныңызда көргіңіз келетін адамның бейнесін неғұрлым нақты елестетсеңіз, жаңа адаммен кездескенде, ортақ болашақтарыңыз бар ма, жоқ па, соны түсіну соғұрлым оңайырақ болады.
Кездесуге дайындалу
Жаңа лайықты серіктесті кездестіру қашанда сәттілік болып табылады және бұл кездесудің қашан болатынын білмейсіз. Бірақ бұл кездесуге дайын болу сіздің қолыңызда.

Шағын нәрседен бастаңыз. Мысалы, танысу сайтында тіркеліңіз, достарыңызға жаңа қарым-қатынасқа дайын екеніңізді айтыңыз, барлығына "Мен ғашық болғым келеді!" деген жаңа мәртебеңізді жариялаңыз. Сіз жаңа қарым-қатынасқа дайын екеніңізді көп адамдар білетін болса, олардың таныстарының арасында қызығушылық танытатын адамның табылып қалуы мүмкін.

Танысу сайтында орналастыруға болатын сауалнамаға қатысты ойланыңыз. Онда тіркелгіңіз келмесе де, мұны бәрібір жасаңыз: бұл өзіңізді қарым-қатынасқа дайын адам ретінде сезінуге көмектеседі. Жұмыстың келесі кезеңі: достарыңыздан сіздің портретіңізді жасауын сұраңыз. Олар сіздің барлық артықшылықтарыңызды жалған қарапайымдылықсыз сипаттап, айтып берсін.

Елена Улитова өмірбаяныңыздың сәтті кездерін еске түсіре отырып, өзіңізді жоғары бағалау үшін біраз жұмыс істеуге кеңес береді. Нақты мақсаттар қою да маңызды.

"Өзіңізден орасан зор жетістікке жетуді талап етпеуіңіз керек", — дейді психотерапевт. - Кейде өзіңізді жеңімпаз сезіну үшін ыдыс-аяқты жуу немесе үйден шығу жеткілікті. Өзіңізді артық мақтап қоюдан қорықпаңыз. Сізде бәрі жақсы екенін растайтын дәлелдерді іздеңіз».

Келесі кезең: қарым-қатынастан не күтетіндігіңізді, басқасына не бере алатындығыңызды, өмірдің жаңа кезеңінде сіз үшін түбегейлі маңызды нәрсені анықтауға тырысыңыз... Егер сіз осы сұрақтарға тереңнен ойлансаңыз, жауаптар сізге өзіңізді түсінуге және өзіңізді жолдарыңыз бір емес адамдардан қорғауға көмектеседі.
Жаңа нәрселерге дайын болу
Мүмкін, жүрегіңіз жаралы шығар. Мүмкін, қарым-қатынастарыңыз бұрынғы сүйіктіңіздің жағымсыз нәрселерді айтқандығынан немесе істегендігінен бұзылған шығар. Мұның бәрін өткенге қалдырып, алға қарай ұмтылу туралы шешім қабылдаңыз. Бұл біраз уақытты алуы мүмкін, бірақ қиындықтар мен азаптар ауыртпалығын қалдырып, өзіңізге жаңа өмір бастауға мүмкіндік берсеңіз, романтикалық жолығулар мен кездесулер түріндегі барлық салдарлары бар "ғашық болғым келеді" жоспары іске асырыла бастайды.

Жаңа адаммен танысқан кезде өзіңізді қорғауға тырыспаңыз. Егер сізден бас тартады деген қорқыныштан немесе өзіңізге деген сенімсіздіктен ашылып, өзіңіз болуға мүмкіндік бермесеңіз, ол адамға нені қалайтыныңызды түсіну қиын болады. Ашық, мейірімді болыңыз, өзіңізді еркін ұстаңыз. Өзіңіздің қандай әсер қалдыратыңыз жайлы ойламауға тырысыңыз.

Сіздің серігіңіз де сенімсіз болып, мазасыздық сезінетін шығар. Егер сіз танысуға қызығушылық танытсаңыз, әңгімелесушіге мұқият болсаңыз, сұрақтар қойсаңыз, міндетті түрде жақсы әсер қалдырасыз.
Бұл материал psychologies.ru мақаланың қысқартылған нұсқасы болып табылады

Сурет дереккөзі: Asia Kang


Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© UYATEMES.KZ