Тым сұлу

UyatEmes.kz Онлайн груминг (домогательства)
Көпшілік мінсіз болуға ұмтылады және көбіне уақытында тоқтай алмайды. Бала кезімізден сәннің өзгеріп отыратынын байқаймыз. Тек бір нәрсе өзгеріссіз: талдырмаш ап-арық қыздар, әдемі жүріс және сымбатты келбет. Бақыт деген осы сияқты! Расында да солай ма? Мұның артында не жатыр?

Көбінесе адамдар өздерінің "сұлулық эталонына" жету үшін қауіпті әдістерге жүгінеді. Тағамдық мінез-құлықтың бұзылуы - 21 ғасырда жасөспірімдер арасындағы ең көп таралған менталдық аурулардың бірі: сауалнамаға қатысқан респонденттердің 95%-ы булимия мен анорексияның дамуы 12 мен 25 жас аралығына сай келгенін айтты.

Арық болғың келе ме? Анорексия саған талдырмаш және әсем болуға «көмектеседі». Бәрін жеп, бірақ арық болып қала бергің келе ме? Проблема емес! "Көмекке" неғұрлым тартымды әдіс - булимия келеді.

Булимия - бұл тамақтану бұзылысының бір түрі, булимия кезінде адам бақылаусыз көп тамақтанып, содан кейін істеген ісі үшін өзін кінәлі сезінеді. Бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы жасанды түрде құсу рефлексін тудырып, жеген тамағынан "құтылу" деп санайды. Бұл оқиғаға қатысты ең өкініштісі, булимиямен ауыратын адам өзімен ештеңе істей алмайды. Қажетті нәтижеге қол жеткізсе де, бұл процесті тоқтатып, қалыпты тамақтануға оралу қиын.

Көбінесе булимия әлеуметтік проблемалар себепші болуы мүмкін өткен шақта шамадан тыс тамақтанудан кейін пайда болады. Сексуалдық зорлық-зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, шатақшыл жаңа ұжым сияқты жоғары стресстік жағдайлар булимияны тудыруы мүмкін. Мектептегі немесе университеттегі проблемалар, сүйікті адаммен айырылысу, ата-анамен немесе достармен ұрсысып қалу, өзін-өзі төмен бағалау, өзін-өзі жетілдіруге деген жағымсыз ұмтылыс - осы және басқа да көптеген факторлар жастарды қауіпті, бірақ бір қарағанда тез және тиімді әдістерге жүгінуге итермелейді.

Тағы бір қиын жағы - тамақтануды бұзуға үндейтін әлеуметтік желідегі кейбір топтар. Әкімшілер мен қоғамдастық мүшелері зиянды әдістерді қолдана отырып, әлсіреп, қажығанға дейін арықтауға шақырады: олар денсаулыққа ауыр зиян келтіретін арнайы диеталар жасайды, анорексиямен ауыратын адамдардың фотосуреттерін таратады, бір-бірінің денесіне түсініктеме беріп, сол арқылы оларды артық салмақтан арылуға итермелейді. Мұндай «атмосферада» бола отырып, тіпті психикасы тұрақты болып көрінетін адамға да «достық қолдау» ретінде көрінетін зорлық-зомбылыққа төтеп беру қиынға соғады.

Мен "басқалардай болмаудың" не екенін жақсы білемін. Нормадан артық салмақтың болуы, ең жақын адамдардың "қатты сөздеріне" шыдау, мектепте өзіңмен-өзің болып, таңғы, түскі және кешкі ас ішудің қаншалықты ауыр екенін сезінесің. Бір сәтте бәрі мағынасыз көрініп, жағдайды өзгертуге сенімді түрде шешім қабылдайсың. Сенің әрбір тамақтануың қажетсіз ауыртпалық сияқты, сондықтан сен дәретханаға өзіңнің сүйікті "ақ досыңа" сенімділікпен барасың, 2 саусағыңды ауызға салып, қалаған нәтижеге жақындай отырып, керемет жеңілдікті сезінесің.

Тамақтан құтылу процесі аяқталғаннан кейін булимиямен ауыратын адамдардың өздерін қалай сезінетіні жайлы ешкім білмейді. Өздерінің сүйікті кафесінде әдеттегі түскі ас кезінде достарымен немесе ата-анасымен бірге отырғанда, қандай жағдайда болатынын, арықтауда осындай «керемет нәтижеге» жеткені туралы сұрақ қойылғанда немесе өз проблемаларымен жалғыз қалғанда, өздерін қалай сезінетінін ешкім білмейді.

Булимиямен ауыратын адам үшін әр күн – жеңісі де, жеңілісі де қатар жүретін күрес. Тамақтану процесі бұрынғыдай қызықтырмайды. Сүйікті шоколадты немесе қос ірімшік қосылған пиццаны жегеннен ләззат алмайсың. Сен тек ақырғы нәтиже мен қалаулы килограммдар туралы ойлайсың.

Булимияның дамуы кезінде туындайтын проблемалар немесе оның салдары туралы ешкім дерлік айтпайды. Бұл туралы айқайлау керек! Шаштың түсуі, асқазан, қалқанша безінің проблемалары, психикалық күйдің тұрақсыздығы және өзін-өзі бұрмалап қабылдау - бұл ұзақ уақытқа созылатын механизмнің басы ғана. Өлімге әкелетін жағдайларды тіптен айтпаймын...Ешқандай қалаулы параметрлер немесе дене бітімі аурудың жан түршігерлік салдарына тұрмайды. Ол сізді басып тастайды, шаршатады,азап шектіреді. Өз-өзіңмен бұл шайқаста қалай жеңуге болады?

Бұл туралы өзіңнің достарыңа, ата-анаңа, психологқа немесе сенімді кез келген адамға айтуың керек. Мәселе жайында айту және оны түсіну - проблеманы шешу жолындағы үлкен қадам. Бұған нүкте қойып, қайтадан кәдімгі қарапайым жасөспірім болғым келгенде, өз проблемам туралы айттым: әлеуметтік желілерде пост жаздым, психологқа бара бастадым. Иә, мен қорқып, ұялдым, бірақ бұл көмектесті! Шынымен де жақын адамдар қандай жағдай болса да сені түсініп, қолдау көрсетеді.

Өз проблемаңнан ұялмауың керек! Бірнеше шағын бөліктерге бөліп, тамақтың мөлшерін азайтуға тырыс. Маманға жүгінуден қорықпа, өйткені саған қажет білікті көмек алуда ұят ештеңе жоқ. Бұзылған денсаулығыңа, жүйкеңе және қоғам зорлап міндеттеген жалған «сұлулық идеалына» тұрмайтын орны толмас салдарлар туралы ойлан.

Сен жалғыз емессің, соны біл! Миллиондаған адамдар үнсіз қалуда, бірақ олар да өздерін солай сезінеді. Егер досыңның, құрбыңның немесе таныс адамның осылай істегенін байқасаң, оған көмектес! Қолдау мен қамқорлық көрсет, өйткені бұл оның ғана жеке мәселесі емес. Сен оның сауығуы жолында маңызды рөл атқара аласың.

Егер өзің осындай жағдайға тап болсаң, өзіңді кінәлама, жек көрме. Сенің шамаң жетеді, қорқынышыңды да жеңе аласың. Өзіңді арықтауға және қоғамның дайын үлгісіне еліктеуге мәжбүрлемеуің керек. Өзіңді ыңғайлы салмақта сүйіп, бағалауды үйрен. Сен әрқашан көмек және қолдау сұрай аласың. Жағдайды бақылауға алып, булимияға мүмкіндік берме. Есіңде болсын, сен – аянышты стереотиптік сән үлгісі емес, қайталанбас тұлғасың.
Мақала келесі материал негізінде аударылған: teenergizer.org

Cурет көздері: Louise Mcnaught


Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© UYATEMES.KZ