Порноместь: зачем она существует и как влияет на жертв

Порно кек дегеніміз не?
Порно кек - бұл адамның келісімінсіз интернетте ұятсыз мәндегі (жалаңаш түрдегі, сексуалдық іс-әрекет үстіндегі) фотосуреттер мен бейнелерді тарату. Бұл проблема ересектерге де, балаларға да қатысты. Бірақ жасөспірімдер мен 20-жастағы адамдар одан көп зардап шегеді, өйткені өздерінің ұятсыз суреттерін басқа адамдарға жіберудегі қауіп-қатерлерді әрдайым түсіне бермейді.

Көбінесе "порно кек алушы" - интимдік қатынаста болған адамның ұятсыз мәндегі фотосуреттері мен бейнелеріне ие бұрынғы жігіті/қызы. Егер бір адам қарым-қатынасты тоқтатып, ал екіншісі оны қаламаса, онда кек алу үшін осындай суреттер мен бейнелерді таратуы мүмкін. Порно кек алушының мақсаты - бұрынғы серіктесін қарым-қатынасты аяқтағаны үшін қорлау және жазалау, оның абырой-беделін түсіру немесе адамды қайтаруға мәжбүрлеу.

Алайда мұны қашанда бұрынғы сүйіктілер жасай бермейді. Кейде қаскүнем хакерлер адамдардың телефондарын, компьютерлерін немесе әлеуметтік желілерін бұзып ашып, осы суреттерді таратамын деп қорқыту арқылы ақша алады. Немесе олар бұл адамның өмірін талқандап, оның жұмыстан босатылуына, не болмаса өзін-өзі өлтіруіне қол жеткізгісі келеді.
Бұл қалай басталды?
Көптеген елдердегідей, Қазақстанда да сексуалдық сипаттағы қылмыстардың құрбандары полицияға сирек шағымданады. Ал порно кек жағдайында мұндай статистика жоқтың қасы. Бірақ, мысалы, Ұлыбританияда порно кек алу құрбандарының полицияға жүгіну саны 2015-2016 жылдары өсе бастады. Жасөспірімдермен қоса, барлық дерлік адамдарда қазір фотокамерасы бар смартфон бар, сондықтан көптеген адамдар жыныстық серіктестерімен мессенджерлер және әлеуметтік желілер арқылы өздерінің ұятсыз фотосуреттерімен бөлісе бастады.
Порно кек зардап шегушіге қалай әсер етеді?
Қарым-қатынас жаман аяқталған кезде, кейбір адамдар өздерінің бұрынғы жігітінен/қызынан кек алуға шешім қабылдайды. Мұндай кек құрбандарға үлкен зиян келтіреді. Адам өзінің интимдік фотосуреттерімен бөліскен кезде, әдетте оларды сенетін жақын адамына арнайды. Егер бұл фотосуреттер көпшілік назарына ұсынылса, оларда бейнеленген адам оларды бақылауынан шығарып алады. Көбінесе порно кек құрбандары қыздар мен әйелдер болғандықтан, олар ұялып, қысылады, қорланады, сенімдеріне қиянат жасалғандай сезінеді. Өйткені қыз өзінің сексуалды сипаттағы фотосуреттерін жігітке жібергенде, ол оған қасақана және әдейі зиян тигізеді деп ойламайды. Сенімге қиянат жасау адамның жанына жазылмайтын жара салып, психологиялық денсаулығын бұзады және болашақ қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін.
Жәбірленген адамды қандай заңдар қорғайды?
Қазақстан Республикасының (ҚР) заңнамасында "порно кек"деген ұғым жоқ. Бірақ басқа адамның мұндай әрекеттері - жеке өмір туралы ақпаратты заңсыз жинау немесе тарату, хат алмасу және телефон арқылы сөйлесу құпиясын бұзу (аккаунттарды бұзу) келесі қылмыстардың құрамына кіруі мүмкін:

Жала жабу - ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі);

Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы - ҚР АК 144-бабы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі);

Өз бейнесіне құқық - ҚР АК 145-бабы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі);

Тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы - ҚР АК 146-бабы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі).
Мақала келесі материалдар негізінде жазылған:
safeline.org
eige.europa.eu
mashable.com
factcheck.kz

Cурет көздері: Asia Kang


Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© UYATEMES.KZ