Қызғанышпен қалай күресуге болады

Қызғаныш арадағы қарым-қатынасты бұзады; сонымен қатар, бұл өміріңді өзгертуге қатысты белгі болуы мүмкін. Қызғаныштың басқа адамдармен қарым-қатынасыңды бұзуына жол берудің орнына, бұл қасиетті өзіңнің пайдаңа жаратуға тырыс. "Жауды" тани отырып, онымен күресу оңайырақ. Егер сені қызғанатын болса, шектен асуға болмайтын нақты шекараларды белгілеп, өзіңді қорға.
Сен қызғаныш танытсаң
Бұл қасиеттің мәнін түсін. Қызғаныш бір уақытта бірнеше эмоцияны қамтуы мүмкін: қорқыныш, жеңіліс, іштарлық, қайғы, сатқындық, өзін кем санау және қорлану. Егер сен қызғаныш танытсаң, сол сәтте эмоциялардың барлық спектрін бастан кешетініңді есте сақта, яғни қызғанышқа ең бірінші назар аударылады. Эмоцияларыңды талдауға жеткілікті уақыт бөл.

  • Эмоцияларыңды қағаз бетіне түсіруге тырысып көр. Өз сезімдерің мен эмоцияларыңды қызғанышпен байланысты түрлі эмоцияларды көрсететін суреттер немесе диаграммалар түрінде жеткізе аласың.
  • Біздің ағзамыз эмоцияларымызға сезімтал келеді. Қорқыныш көбінесе жүрек айну сияқты іштегі жағымсыз сезінулер арқылы білінеді. Ашуланғанда бас пен қол тырысып ауырып, күйіп-жану байқалады.

Эмоцияларыңмен күрес. Қызғаныш сезімі болған кезде оны талдауға үйрен. Мысалы, өзіңнен: "Қызғануым немен байланысты: қорқынышпен бе немесе ашу-ызамен ба? Бұл сезімдер неліктен пайда болды?" Осы сұрақтарға ойлана отырып, эмоцияларыңды бақылай аласың және қызғанышпен қатар жүретін жағымсыз эмоциялардан зардап шекпейсің.

Қызғаныштың себебін түсін. Негативті сезімдер мен эмоцияларды бастан кешіріп жатқаныңды мойындау қиын болуы мүмкін. Кейде мұндай жағдайда біз басқаларды кінәлауға бейімбіз. Бұл жағымсыз қасиетке жанашырлықпен қарамауға тырыс. Неліктен оларды бастан өткеріп жатқаныңды ойлау арқылы эмоцияларыңды объективті бағалауды үйрен. Қызғанышпен қандай эмоциялар байланысты және олардың пайда болу себебі неде екендігі туралы ойлан. Мысалы, егер серіктесіңді қызғанып жүрсең, неге мұндай сезімді бастан кешкеніңді ойлан.

Мүмкін, өз серіктесіңді жоғалтудан қорқатындықтан, сенде қорқыныш болуы мүмкін (мүмкін, сен өткен өміріңде қайғылы жағдайға тап болған шығарсың). Сонымен қатар, бұл адамды жоғалту туралы ойлар сені қайғыға батыруы мүмкін. Сондай-ақ, серіктесің саған тиісті көңіл бөлмейтіндіктен, ол опасыздық жасағандай сезінетін шығарсың. Ақыр соңында, өзіңді махаббатқа лайықсыз санап, басқалардан өзіңді кем сезінуің мүмкін.

  • Сезімдеріңді ұшықтыратын нәрсе жайлы ойланып, оны қағазға жазуға тырыс. Мысалы, қорқыныш сезінуің мүмкін, өйткені соңғы қарым-қатынасың өте ауыр үзіліп, бәрі қайталануы мүмкін деген ой мазалайды. Өзіңді махаббатқа лайықсыз сезінуің мүмкін, өйткені бала кезіңде ата-анаңнан жеткілікті махаббат ала алмадың.

Сенуге үйрен. Жақсы көретін адамдарыңа сене біл. Егер адамның сені алдап жүргеніне дәлелдерің болмаса, оған сенуің керек. Өзіңнің сүйікті адамыңды күдікпен қадағалаудың қажеті жоқ, оның сөздеріне сенуді үйрен. Егер жақын адамыңа сенбесең, қызғаныш қарым-қатынастарыңды бұзуы мүмкін.

Кешірім сұрап, қылықтарыңның себебін түсіндір. "Сені досыңа қызғанғаным үшін кешірім сұраймын. Бұл саған сенбеймін дегенді білдірмейді. Осындай сәттерде мен өзімді қорғансыз сезінемін. Мені тыңдағаның үшін рахмет". Бұл сөздер жағдайды түсіндіру үшін жеткілікті болуы керек. Бұл әңгімеде өзіңді сенімсіз және қорғансыз сезінетіндігіңді, сонымен қатар бір-біріңе ашық болғың келетініңді көрсетуің керек.

Жақын адамыңмен өз сезімдеріңді талқыла. Досыңмен немесе серіктесіңмен ойларыңмен және сезімдеріңмен алмасу берік қарым-қатынас құруға көмектеседі. Сонымен қатар, жақын адамың қарым-қатынаста оған қойылатын талаптардың қайсысын аса бағалайтынын айта алады. Қызғаныш сезімін мойындау оңай емес, алайда адалдыққа негізделген қарым-қатынас өзін-өзі алдауға негізделген қатынасқа қарағанда әлдеқайда мықты болады.

  • Басқа адамды кінәлама. Жақын адамың сенің жағымсыз эмоцияларды бастан кешіргеніңе кінәлі емес. Өз сезімдерің мен эмоцияларыңа тек сен ғана жауаптысың.
  • Мәселені талқылағанда, "сен" емес, "мен" деп айт. "Сен мені қызғануға итермелейсің..." деп айтудың керегі жоқ. "Сен мұны істемеуің керек еді" деп айтудың орнына мынаны айт: "Мен сенімен бірге болған кезде өзімді жаман сезінемін, өз сезімдеріме қарсы тұра алмаймын".
  • Серіктесіңнің жағдайды мүлдем басқаша қабылдауы мүмкін екенін ескер. Егер сен онымен келіспесең де, оны тыңдап көр.

Қажетті көмекті ал. Егер серіктесіңе айқайлап немесе оны қудалау арқылы оған физикалық зиян келтірсең, қарым-қатынастарыңда үзіліс жасап, кәсіби көмекке жүгін. Жеке кеңесті немесе топтық психотерапияны тағайындайтын психотерапевтпен кеңес.
Сені қызғанса
Қызғанышты махаббаттан ажыратуды үйрен. Қызғаныш - бұл махаббат емес, егер сен қызғанышты сезінсең, бұл сенің ғашық екендігіңді білдірмейді. Бұл сезім физикалық және эмоционалды зиян келтірмесе, сондай-ақ адам өзінің жұбының өмірін толық бақылауға алуға тырыспаса, кейбір адамдар қызғанышты махаббаттың бір көрінісі санап, қателеседі. Әдетте қызғаншақ адам өзін қорғансыз сезініп, ұялады.

Рұқсат етілген шектерді белгіле. Егер серіктесің сені қызғанса, оның эмоцияларының шығу шегін белгіле. Егер сен қаламасаң, сұрақтарға жауап берме. Достарыңмен жоспарларыңды бұзба және жақын адамдарыңмен қарым-қатынасыңды үзбе.

  • Сабырлы дауыспен нақты былай айтуға болады: "Мен сенің сұрақтарыңа жауап беремін, бірақ оны бір-ақ рет жасаймын. Мен бір нәрсені бірнеше рет талқыламаймын".
  • " Мен сені тыңдап, қазіргі уақытта не сезінетініңді түсінуге тырысамын, бірақ өзімді жақсы көретін адамдардан оқшауламаймын ".
  • " Егер айқайласаң, үйден кетіп, ата-анамның үйінде түнеймін ".
  • " Егер сен менімен сөйлеспесең, үндемей, наразылық білдірсең, мен есікті жауып, кетемін. Сен маған қоңырау шалған кезде ғана ораламын ".

Дөрекілікке көнбе. Істемеген нәрсе үшін жауапкершілікті арқалама. Сені жалған кінәлаған кезде кешірім сұрап, кінәні өз мойныңа ала салу жеңіл шығар. Дегенмен, өзіңді сен ғана жақсы білесің. Жасамасаң, өзің қылымсыдың деп сендіруге ешкімге жол берме. Егер адам саған қатысты жасалған қиянатына өзіңнің арандатқаныңды айтса, онымен келіспе.

  • Егер серіктесің сені айыптамай, өзінің сезімдері жайлы айтса, оны тыңдап көр. Оған сені айыптауға жол берме.
  • Егер серіктесің сені физикалық тұрғыдан шектесе, ренжітсе немесе заттарды бүлдірсе, одан кет.

Көмек ал. Егер серіктесіңнің тарапынан қауіп төнсе, мүмкін болса, кетуге тырыс. Қызғаныш - некедегі кісі өлтірудің басты себебі. Сонымен қатар, көбінесе ерлердің қызғанышына байланысты әйелдер ұрып-соғудан зардап шегеді.

  • Егер серіктесің саған қатысты агрессия танытса, үйден шығып кет. Қажет болса, әйелдерге арналған дағдарыс орталығына немесе 102, 112 нөмірі арқылы полицияға қоңырау шал.
Материал дереккөзі:
ru.wikihow.com

Сурет дереккөзі: behance.net


Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© UYATEMES.KZ