Бұрынғы сүйіктіңмен өзіңді қалай ұстау керек

Компанияда кездескен кезде
Сабыр сақтауға тырыс. Бұрын сен бұл адаммен өте жақын (эмоционалды және физикалық тұрғыда) болдың, сондықтан бірден қарым-қатынастың жаңа моделін құра аламын деп ойлама. Бұрынғы сүйіктіңмен қандай да бір компанияда кездесіп қалуға тырыспа (тым болмаса, алғашқы кездері). Сарапшылар кем дегенде 8 апта бойы бұрынғы серіктеспен кез келген байланыс жасаудан аулақ болуды ұсынады. Бұрынғы сүйіктіңмен қарым-қатынасың үзілгеннен кейін бірден кездесу сенің әрі қарай өмір сүруіңді қиындатады.

Әріптесіңе қалай қарасаң, бұрынғы сүйіктіңе де солай қара. Жылы шырай танытып, құрмет көрсет, бірақ жақын қарым-қатынас орнатпа.
Бұрынғы қарым-қатынастарыңдағы күрделі мәселелерді талқылаудан аулақ бол. Егер бұрынғы сүйіктің қандай да бір жеке мәселені көтере бастаса немесе талқылауға тырысса, тақырыпты өзгерт.

Ішімдік ішпе. Өйткені, алкоголь эмоцияларымызды оятады. Егер ішімдік ішсең, өзіңді еркін сезініп, бұрынғы сүйіктіңе кейіннен өкінетін нәрселерді айтуың мүмкін.

Бұрынғы сүйіктіңді әлеуметтік желілерден алып таста. Онымен әлеуметтік желілерде сөйлеспе. Иә, әрине, бұрынғы сүйіктіңнің өмірін мезгіл-мезгіл бақылап отыру және оның сенсіз қаншалықты бақытсыз екенін, біреумен кездесе ме, жоқ па, білу өте қызықты. Бірақ бұған қызықпасаң, әлдеқайда жақсы болады.

  • Өзін солай ұстайтын адамдар жалықтырып жібереді. Психологтар мұндай мінез-құлықты "электронды бақылау" деп атайды, өйткені көпшілігіміз әлеуметтік желіні бұрынғы серіктестің өмірін бақылау үшін пайдаланамыз.

  • Бұл сенің эмоционалды денсаулығыңа өте зиян және бұрынғы сүйіктіңмен үнемі кездесіп тұрғандай боласың. Егер онымен әлеуметтік желілерде сөйлесе бастасаң, айырылысу азабынан құтылу қиынға соғады.

  • Бұрынғы сүйіктіңді міндетті түрде әлеуметтік желілерде бақылап отыру керек болса, онда көрген нәрселерің оның өмірінен таңдалған үзінділер ғана екенін есте сақта. Бұрынғы сүйіктің қарым-қатынастың үзілуі жайында мұңды посттар жазбағандықтан, бұл айырылысу тек саған ауыр тиді деп ойлама.
Бұрынғы сүйіктіңмен дос болып қалуға тырыссаң, өте мұқият әрекет ету керек. Көптеген адамдар қарым-қатынасты үзгеннен кейін дос болып қалуды ұйғарады және бұл дұрыс та шығар, әсіресе сендер бірге жұмыс істеуге немесе бір компанияда болуға мәжбүр болсаңдар. Неліктен саған мінез-құлқыңды өзгертіп, бірге баскетбол ойнауға, бастыққа шағымдану үшін қоңырау шалуға, сондай-ақ суық болған кезде одан күртке сұрауға болмайды? Бірқатар себептер бойынша:

  • Екі ұшты қарым-қатынасты алдын алу үшін физикалық және эмоционалды қашықтықты сақтау қажет. Тым жақын қарым-қатынас, қылымсу және бір-біріңе үнемі жанасу екеуіңді де шатастырады.

  • Қарым-қатынасты шекте. Оған күніне бірнеше рет жазудың қажеті жоқ (тіпті кейде күніне бір рет – тым көп). Егер дос болуды шешсеңдер, керемет. Бірақ бұрынғы сүйіктің - барлық жаңалықтарды айтуға болатын адам емес.

  • Бұрынғы сүйіктіңді қайтару үшін ғана дос болудың керегі жоқ. Егер онымен романтикалық қарым-қатынастың болғанын қаласаң, бірақ ол сенің лебізіңе жауап бермесе, барлық қарым-қатынасты үзгенің дұрыс.

Қарым-қатынастарыңның түрлі ерекше жағдайларға әсер етуіне жол берме. Сендердің ортақ таныстарыңның болуына байланысты бұрынғы сүйіктіңмен әр түрлі іс-шараларда кездесіп қалуларың мүмкін: туған күндер, бітіру кештері, үйлену тойлары және тағы басқалар. Бұған көнуге тура келеді.

  • Мұндай іс-шараларда бір-біріңді елемеуге болмайды, бірақ бірге отырудың да қажеті жоқ. Егер екеуің де әлденеге ренжісіп жүрсеңдер, жанжал шығуы мүмкін. Сонымен қатар, басқа адамдардың сендерге қатысты сұрақтарына жауап бергің келмейтіні анық.

  • Маңызы аз оқиғаларға қатысты келісіп алуға болады. Мысалы, достарыңның диплом алу салтанатына бірге барып, ал одан кейінгі түскі асқа бірге бармағандарың жөн.
Егер бұрынғы сүйіктіңмен оқуда немесе жұмыста көрісіп тұрсаң
Әрқашан кәсіби түрде әрекет етуге тырыс. Қарым-қатынастарыңдағы проблемалар мансапқа немесе білімге кедергі болмауы керек. Ең дұрысы, қарым-қатынастарыңды талқыға салмай, бірге жұмыс істеуді (немесе оқуды) жалғастыру керек. Қарым-қатынастарыңдағы сәтсіздіктің оқуыңа немесе мансаптық болашағыңа қауіп төндіргенін қаламайсың ғой.

  • Егер бұрынғы сүйіктің сенің ашуыңа тисе, үйреншікті дүниені өзгертуге тырыс. Мысалы, жұмыста әртүрлі уақытта үзіліс жаса, көшірме жасау немесе басып шығару үшін әртүрлі кеңселерді пайдалан.

  • Бұрынғы сүйіктіңмен сөйлескеніңді бастығыңның/оқытушыңның бақылап тұрғанын елестетіп көр. Бұл саған таза іскерлік қарым-қатынасты сақтауға қосымша мотивация береді.
Егер қандай да бір мәселені талқылау қажет болса, мұқият бол. Егер бұрынғы сүйіктің оған деген кәсіби көзқарасыңды бұзуға тырысса, бұл мәселені кейінірек талқылағың келетінін айт (немесе кәсіби түрде айтылатын басқа жауапты таңда). Егер сенде ондай мүмкіндік болмаса, мәселені талқылауға келіс. Бірақ көзбе-көз емес, телефон немесе электрондық пошта арқылы жаса.

Буферді тап. Егер микротолқынды пеште түскі асты жылыту кезінде бұрынғы сүйіктіңмен жалғыз қаламын деп алаңдасаң, әріптестеріңмен бірге түскі ас ішу туралы ойлан. Егер сендер компаниямен бірге болсаңдар, араларыңдағы қолайсыздық азаяды.
Бұрынғы сүйіктіңнің жаңа серіктесімен кездескенде
Кездесу табиғи түрде өтуі керек. Біреуден бұрынғы сүйіктіңнің басқа біреуді тапқанын естіген бойда, олардың суреттерін интернеттен іздеп табуға тырыспа. Сонымен қатар, бір күні кездесуге тура келетін нәрсені қабылдау маңызды. Жоспарланған кездесу болсын, кездейсоқ болсын, өзіңе сенімді болуға тырыс.

  • Бұл жағдайды қабылда. Егер бұрынғы сүйіктіңнің жаңа серіктесін көргің келмесе де, көшеде кездейсоқ көріп, бұрыштар мен дүкендерден жасырынғаннан гөрі, сәлемдесу әлдеқайда дұрыс болады. Сен бұл жағдайды бастан өткеруің керек, мұны жасағаннан кейін өзіңді әлдеқайда сенімді сезініп, әрі қарай әрекет ете аласың.

  • Есіңде болсын, өзіңе деген сенімділік өте үлкен рөл атқарады. Егер бұрынғы сүйіктіңмен және оның жаңа серіктесімен бетпе-бет келетініңді білсең, өзіңді жайлы және сенімді сезінетін киімді ки. Осылайша, өзіңді байсалды және жайбарақат сезінесің.

Жылы шырай таныт, бірақ шын жүректен сияқты көрінуі керек. Өзіңді сыпайы ұстап, жылы шырай танытуға болады, бірақ осы жұппен ары қарай уақыт өткізетіндей кейіп танытуға тырыспа.

Өзімшіл болма. Бұл кездесу бұрынғы серіктесің үшін де жағымсыз екенін ұмытпа. Сондықтан әрқайсың осы кездесуді тыныш өткізіп, мүмкіндігінше тезірек аяқтағыларың келеді, сондықтан сендердің мүдделерің осы жағдайда сәйкес келеді.

Өзіңе сабақ ал. Қабылдау қиын болса да, бұрынғы сүйіктіңнің ғашығымен кездесу сен үшін өте пайдалы болуы мүмкін. Әсіресе, жаңа қарым-қатынасты бастауға дайындығыңа қатысты болған жағдайда.
Араларыңда ортақ бала болған жағдайда қарым-қатынас жасау
Қарым-қатынас кезінде ашық және біржақты бол. Сендерге өте жиі қарым-қатынас жасау керектігін ұмытпа. Ортақ бала болған кезде қарым-қатынасты үзу процесі өте күрделі. Айырылысу кезіндегі эмоциялар сізге ғана емес, балаға да әсер етеді. Оның үстіне, сен қатты қаласаң да, бұрынғы сүйіктіңмен барлық байланысты үзе алмайсың. Мамандар балаларды бірге тәрбиелеген дұрыс дейді.

  • Балаларды бірлесіп тәрбиелеу жиі қарым-қатынас жасауды, уақытты бірге өткізуді және бірлесіп шешім қабылдауды талап етеді. Ол үшін бұрынғы сүйіктіңмен ашық және біржақты қарым-қатынасты сақтау керек.

  • Егер саған ашық және біржақты сөйлесу қиын болса, балаларыңа қатысты барлық маңызды ақпарат жазылған блокнот арқылы сөйлесу туралы ойлан.

Сыпайы бол. Қандай да бір шешім қабылдаған кезде бұрынғы сүйіктіңе мейірімді болуға тырыс. Айқай-шу, ұрыс-керіс, жанжалдың басқа да түрлері балалардың психикасына теріс әсер етіп, олардың басқа адамдармен қарым-қатынасына нұқсан келтіреді.

Агрессия танытпа және бұрынғы сүйіктіңді балағаттама. Бірақ өзіңді немесе балаларыңды қорғау керек болса, бар күшіңді сал.
Материал дереккөзі:
teenslive.info

Сурет дереккөзі: Antonio Uve


Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© UYATEMES.KZ