Өз адамыңды кездестіргеніңнің бес белгісі

Көп жағдайларда жігіт пен қыз бірге сияқты көрінеді, бірақ іс жүзінде бір-бірінен өте алыс. Айырылысқылары келмейді, өйткені олар ұзақ уақыт бірге, екі жақтың туыстары мен достары олардың жұп екендіктеріне үйреніп қалған. Тіпті болашаққа қатысты ортақ жоспарлары да бар. Бірақ бір-бірі үшін жаралғандығы сезілмейді.

Ол сенің адамың ба, жоқ па, соны қалай түсінуге болады? Араларыңда болашағы бар, шынайы, салауатты қарым-қатынас екенін қандай белгілер бойынша анықтауға болады?

Неліктен көп адамдар лайықсыз, "уытты" қарым-қатынаста "қалып қояды" деген сұраққа қызығушылық танытып, отбасылық терапевт Энн Милфорд бір нәрсені зерттеп білді: мұның себебі, адамдар өмірде қандай адаммен тұрмыс құру керектігін әрдайым түсіне бермейді. Бұл мәселені тереңірек зерттеу үшін ол өзінің әріптесі, отбасылық терапевт Дженнифер Говейнмен бірге жүздеген әйелдермен, ер адамдармен сұхбаттасып, өз адамыңды тапқаныңды және қарым-қатынастарыңның салауатты, бақытты екенін білдіретін бес әмбебап белгіні анықтады.

Осы белгілердің қарым-қатынасыңда бар-жоғын тексер:
1.Сендер бір-біріңдегі ең жақсы қасиеттерді оятасыңдар
Бір-біріңе жан-дүниелеріңді жетілдіруге, эмоционалды және кәсіби тұрғыдан дамып өсуге көмектесесіңдер (оқуда көмектесесіңдер, қызығушылықтарыңды қолдайсыңдар және т.б.). Бұл ретте екеуің де өзгерістердің өмірдің жағымды және пайдалы бөлігі екеніне сенесіңдер.

2.Қиын жағдайларда бір-біріңе сене аласыңдар
Оның дұрыс жасайтынына сенімді боласың. Араларыңда қызғанышқа, жорамалдарға орын жоқ, өтіп кеткен нәрсеге де сын айтылмайды.

3.Бірге көңіл көтеруді ұнатасыңдар
Ойын қарым-қатынасқа рең береді, ал күлкі - әлемдегі ең жақсы афродизиак.

4. Өмірге деген көзқарастарың мен құндылықтарың ортақ
Эмоционалды және рухани деңгейдегі байланыс физикалық тартымдылықтан да маңызды.

5. Айыптау мен сынаудың орнына бір-біріңе қамқорлық танытасыңдар
Қарапайым тест: біреуді сынағанда немесе айыптағанда, дауысың қалай өзгереді? Сүйікті адамыңа шынымен қамқорлық жасасаң, жанашырлық танытып, қажет болған кезде көмектескің келсе, бұл жағдайда онымен өктем дауыспен сөйлескенің қызық болар еді, солай емес пе?

Сенің қазіргі қарым-қатынасың осы белгілерге сәйкес келе ме? Сәйкес келмесе, өзіңді тыңда. Әрқайсымыз жүрегіміздің түбінде бұл жігіттің/қыздың бізге сәйкес келетінін, не келмейтінін білеміз.

Жалғыздық, гормондар және "іштегі көбелектер" тіпті ең ақылды адамның ақыл-ойын бұлдыратуы мүмкін. Бірақ салауатты қарым-қатынастың не екенін нақты түсіну жағдайды нақтылауға және үмітсіз романмен қоштасуға көмектеседі. Есесіне, сенің көзің мен жүрегің ашылып, өміріңде өз адамың пайда болған кезде оны тану саған оңай болады.
Материал дереккөзі:
teenslive.info

Сурет дереккөзі: behance.net


Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© UYATEMES.KZ