Бұрынғы сүйіктіңді қалай қайтаруға болады

Бұл мақала бұрынғы қыздар туралы жазылса да, барлық ұсыныстарды бұрынғы жігіттерге де қатысты қолдануға болады. Егер сен қыз болсаң және бұрынғы қарым - қатынасыңды қайтарғың келсе, онда оқы!
Сенің ықыласыңмен болмаған айырылысу ауыр және жағымсыз процесс, бірақ кейде бұрынғы қызың қамығып, бәрін қайтарғысы келеді. Егер сен қарым-қатынасты қорланғандықтан емес, шынымен қайтарғың келсе, онда бұл туралы айырылысқаннан кейін бірден ойлана бастауың керек. Сенің кез келген әрекетің сезімді қоздыруға ықпал етуі де, кедергі келтіруі де мүмкін. Өз сезімдеріңді ақылға салып, өзіңмен жұмыс жасауға және бұрынғы қызыңа қатысты әрі қарайғы әрекеттеріңнің стратегиясын жасауға біраз уақыт бөл - мұның бәрі бұрынғы қарым-қатынасыңды қайтаруға көмектеседі.

Қарым-қатынастан бас тарту ережесін ұстануға тырыс. Бұрынғы қызыңмен қарым-қатынас жасамайтын және байланысқа шықпайтын уақыт кезеңі туралы шешім қабылда. Байланыс түріне тек жеке кездесулер ғана емес, сонымен қатар телефонмен сөйлесу, СМС, әлеуметтік желілердегі хабарламалар жатады. Өзің әңгіме бастама және сенімен байланысу әрекеттеріне жауап берме. Осылайша екеуіңнің де оңашада қалуға, осы қарым-қатынастан кейін өз-өздеріңе келуге және өз сезімдеріңді ақылға салуға мүмкіндіктерің болады.

  • Қарым-қатынастан бас тарту кезеңі әдетте шамамен 21, 30 немесе 45 күнді құрайды. Осы нұсқалардың қайсысын таңдасаң да, сен осы мінез-құлық стратегиясын ұстануың керек.
  • Қатынаспау екеуіңе де қарым-қатынастан кейін өз-өздеріңе келуге мүмкіндік береді, ал пайда болған бос уақыт бұрынғы қызыңның сені сағынуына ықпал етеді.
  • Егер ауыр айырылысқан жағдайда, бұл кезең сендерге сәл тыныштанып, жағымсыз сезімдерді басуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік желілерде оның мазасын алуды доғар. Бұрынғы қызыңмен сөйлеспесең де, оның әлеуметтік желілердегі өмірін үнемі бақылау (фотосуреттері мен жарияланымдардын қарау) онымен тілдесуге итермелейді. Егер оның әлеуметтік желілердегі өмірін үнемі қадағалап отырсаң, өзіңді дұрыс ұстау әлдеқайда қиын болады. Сонымен қатар, кездейсоқ білгің келмейтін (мысалы, оның басқа біреумен кездесетіні сияқты) ақпаратты біліп қалуың мүмкін.

  • Сол үшін бұрынғы қызыңды әлеуметтік желілердегі достар тізімінен алып тастауға, одан бас тартуға немесе оның профилін бұғаттауға тура келсе — солай істе. Бірақ бұрынғы қызың сенің осындай шаралар қабылдағаныңды білмеуі керек.
  • Сонымен қатар, қарым-қатынастарыңның үзілуіне байланысты оны қалай сағынғаныңды, саған қаншалықты ауыр және жалғызсырап жүргеніңді жазудың қажеті жоқ.

Бұл қарым-қатынасқа баға бер. Бұрынғы қызыңмен қарым-қатынасты біраз уақытқа тоқтатқаннан кейін, бәрін мұқият ойластырып, бағалауға мүмкіндік алдың. Бұл қарым-қатынастың жаман және жақсы жақтары туралы ойланып, ақылға салып көр. Қандай дұрыс және бұрыс әрекеттерді жасағандарыңды есіңе ал. Егер осы немесе басқа жағдайды "қайталау" мүмкіндігі болса, басқаша істегің келер ме еді және де қалай істейтін едің?

  • Қағаз парағын алып, жақсы және жағымсыз жақтарын жазып алған пайдалы болар еді. Мұндай тізім қарым-қатынастарыңды объективті бағалауға көмектеседі.

Өзіңе қамқорлық жаса және өзіңмен жұмыс жаса. Өзіңнің ең таңдаулы нұсқаң болғың келеді ғой. Сонымен қатар, бұрынғы қызыңды қайтадан кездестірген кезде, бұл сені одан да тартымды етеді. Дұрыс тамақтануға тырыс, спортпен шұғылдан. Отбасыңмен және достарыңмен — сені жақсы көретін адамдармен мүмкіндігінше көп уақыт өткіз. Қызықты нәрсемен айналыс, қарым-қатынаста болған кезде уақыт жетпеген істерге көңіл бөл: ерікті бол, видео ойындар ойна, кітап оқы және т.б.

  • Ешкіммен сөйлескің келмесе, бір жерге барғың келмесе, бұл да - қалыпты жағдай. Қарым-қатынастан кейін өзіңе келуге көмектесетін нәрсемен айналыс. Медитация жаса, күнделік жаз, фильмдер көріп, оңашада уақыт өткіз.
  • Егер қарым-қатынаста болып, өз мінезіңнің жағымсыз жақтарымен бетпе-бет келсең (мысалы, егер шамадан тыс ашуланшақтықты, қызғанышты, өз күшіне сенбеушілікті, басқа адамды тиісті түрде қабылдау әдетін, оны бақылау әдетін байқасаң) - осы жағымсыз қасиеттермен жұмыс істей баста. Егер саған маманның көмегі қажет болса, психологқа жүгінуден тартынба.
  • Қандай адам болғың келетінін егжей-тегжейлі сипатта, содан кейін өзіңмен және сипатталған әрбір сәтпен жұмыс істей баста.

Бұрынғы қызың туралы жаман ойламауға тырыс. Айырылысқаннан кейін қашанда бұрынғы серіктесіңді басқа адамдардың алдында қаралағың келеді. Бірақ есіңде болсын, бұл туралы артық сөйлеп қоюың мүмкін. Сонымен қатар, бұрынғы қызыңа қатысты жағымсыз сөздерді айтқаның (әсіресе, оның отбасымен, оның немесе сенің достарыңмен сөйлескен кезде) жағдайды шешпейді. Егер сенің бұрынғы қызың ол туралы жағымсыз сөздер айтып жатқаныңды білсе, бұл онымен қайта қосылу мүмкіндігіңді жоққа шығарады.

  • Қарым-қатынастарың туралы түп-түгел айтудың қажеті жоқ.
  • Қарым-қатынастарың туралы әлеуметтік желілерде жазбалар мен жарияланымдар жасама. Жазбалар мен жарияланымдар сендердің қарым-қатынастарыңмен байланысты жазбаларды да қамтиды: ән сөздері, дәйексөздер.

Бұрынғы қызыңмен тілдесуді баста
Байланысқа шық. "Үнсіздік" кезеңі аяқталғаннан кейін, бұрынғы қызыңмен байланысуға тырыс. Электрондық хат жазуға, қоңырау шалуға, кәдімгі хат немесе қысқа хат жіберуге, хабарлама жазуға болады. Егер сен оған хат (немесе электрондық хат) жазуды шешсең, осы айырылысу туралы ұзақ ойланғаныңды, бұған көнгеніңді жаз, қарым-қатынаста дұрыс жасамаған істерің үшін кешірім сұра және айырылысқаннан кейін өміріңде болған қызықты жайтты айт.

  • Егер қызға хабарлама жіберуді шешсең, жәй ғана әңгіме бастау үшін бір нәрсе жаз. Бұл жеңіл флиртті меңзейтін және жағымсыз ассоциацияларды тудырмайтын нәрсе болуы керек.
  • Мысалы: "Сәлем, мен теледидардан "X адамдарын" көріп, сен туралы ойладым:)" деп жазуға болады. Сондай-ақ, хабарламада бірге өткізген жақсы сәттер туралы еске салуға болады. Мысалы: "Сол керемет мейрамханаға барғанымыз есімде...»
  • Алғашқы әңгімеде қарым-қатынасты қайтарғың келетінін, оны жақсы көретіндігіңді және т. б. айтудың қажеті жоқ.

Қателіктеріңді мойындап, кешірім сұра. Осы қарым-қатынас туралы ойлануға уақыт болды. Енді қателіктеріңді мойындап, олар үшін кешірім сұрайтын кез келді. Осылайша сен өзіңнің ересек және жетілген адам екендігіңді, онымен қарым-қатынасың туралы ойлануға көп уақыт жұмсағаныңды көрсетесің. Сонымен қатар, бұрынғы қызың сенің жақсы адам болу үшін белгілі бір шаралар қолданып жатқаныңды көреді.

  • Мұны жеке кездесуде де, телефон арқылы да жасауға болады. Бірақ хат алмасуда ұзақ эмоционалды әңгіме жүргізу қолайсыз.

Кездесуге шақыр. Бұрынғы қызыңмен қайтадан қарым-қатынасты бастағаннан кейін, оған бір жерге кездесуге баруды ұсын. Оны бір жерге шақырған кезде, мүмкіндігінше сыпайы болып, жылы шырай танытуға тырыс. Шақырған кезде табиғи және қарапайым болып көріну керек, одан ерекше оқиға жасама. "Мүмкін кофе ішерміз?" немесе: "Бір жерге бірге барайық" деп айт. Сонымен қатар, "кездесу" сөзін "бірге уақыт өткізейік " деген қарапайым сөйлеммен алмастыруға болады.

  • Егер қыз бас тарта бастаса: "Бұл жай ғана кофе, не дұрыс болмауы мүмкін?" - деп айт.
  • Егер бұрынғы қызың бірге ешқайда барғысы келмесе, оған қысым жасама. Оған жеке кеңістік бер. "Мен сенің шақыруымнан бас тарту туралы шешіміңді құрметтеймін. Бірақ ойың өзгеріп жатса, қоңырау шал. Сені көрсем, қуанамын" - деп айт.

Оның көңілін тап. Бұрынғы қызыңды қайтару үшін, онымен қарым-қатынасыңның алғашқы кезеңдерінде оның көңілін табу үшін жасаған іс-әрекеттеріңді жасау керек. Оған бұрын гүл сыйлаған болсаң немесе сүйкімді ашықхаттар жазсаң, қызыңды сол ұсақ-түйектермен қайтадан қуанта баста. Бұл мүмкіндікті жаңа қарым-қатынас ретінде қабылда. Сен оған тағы да қол жеткізуің керек.

  • Әрине, оны тағы да таңдандырғың келеді, бірақ одан тағы бір мүмкіндік беруін сұрап, жалбарынба. Мұндай мінез-құлық әлсіздігіңді және өз күшіңе сенбеушілікті ғана көрсетеді. Кінәлік және аяушылық сезімінен емес, керемет жігіт болғандықтан, бұрынғы қызыңның саған қайта оралғаның қалайсың ғой.
  • "Сенсіз өмір сүре алмаймын" сияқты жаттанды сөз тіркестерін айтпа.

Өткенді еске түсірме. Сен бұл қызбен барлығын жаңадан бастауға тырысып жатырсың. Сондықтан назарыңды бірінші рет бәрі басталған оң нәрселерге аудар. Егер алғаш рет оны әзіл-оспағыңмен өзіңе қаратсаң, оны қайтадан күлдіруге тырыс. Егер оған тамақты қалай дайындайтының ұнаса, дәмді бір нәрсе пысырып бер.

  • Екеуіңде ортақ жаңа әсерлер пайда болуына көңіл бөл. Ол уақыт өте келе бәрінің өзгеретініне көзі жетуі керек.

Асықпа. Есіңде болсын, егер сендер қосылсаңдар, бұл бәрін аяқталған сәттен бастай аласыңдар дегенді білдірмейді. Бұған жаңа қарым-қатынас сияқты қараңдар. Асықпаңдар - бір-біріңді тағы да жақынырақ білуге тырысыңдар. Сондай-ақ, қызбен болған қарым-қатынасты мүмкіндігінше тезірек қайтару үшін оған қысым жасамау керектігін есте сақта. Бұл жағдайда берік достық орнатуға назар аударған дұрыс.

  • Күн сайын оған жазба, қоңырау шалма.
  • Оны кездесуге шақыр және қызықты іс-шаралар ойлап табуға тырыс. Ол ұнататын және ұнатпайтын нәрселерді біліп ал, оның әдеттері туралы көбірек біл — бәрі алғашқы кездердегідей сияқты.
  • Қызбен физикалық тұрғыдан жақындасуға асықпа, романтика мен сүйкімді әңгімелерге көбірек көңіл бөл.

Егер адамды еркіне жіберудің уақыты келсе — солай жаса. Егер бұрынғы қызың сенің кез келген жақындасу әрекеттеріңе немесе онымен болған қарым-қатынасты қайтаруға қарсы болса, оның шешіміне түсіністікпен және сыйластықпен қара. Егер қыз мазасын алмауды сұраса, алға жылжуды шешкенін айтса, онда сен де сол адамсыз алға жылжуың керек. Егер көнбесең немесе оған жалбарынсаң, онда болашақта қарым-қатынасты қайтару мүмкіндігін жойып, ар-намысың мен қадір-қасиетіңнен айырыласың.

  • Егер бұрынғы қызыңның сүйіктісі болса, бұл жаңалықты лайықты түрде қабылда. Оның жаңа серіктесімен қарым-қатынасын бұзуға тырыспа. Шыдамдылық танытып, сырттай байқа: бұл шынымен маңызды қарым-қатынас па, әлде жай ғана "көңіл сергіту" ме?

Кеңестер

  • Қарым- қатынастың үзілуі өте күрделі және қайғылы процесс, бірақ берілме. Қызбен сөйлес. Егер ол қарым-қатынасты қайтарғысы келмесе, осы фактіні қабылдап, алға жылжы.
  • Шыдамды бол. Қарым-қатынасты қайтару сен ойлағаннан да көп уақытты алуы мүмкін.
  • Қарым-қатынасты қайтару оның идеясы екеніне қызды сендіруің керек. Ол үшін оның арманындағы адам болу керек.
  • Бұрынғы қызыңмен болған қарым-қатынасты қайтара алмасаң да, уақыт өте келе бәрі жақсы болатынын ұмытпа.
Материал дереккөзі:
ru.wikihow.com

Сурет дереккөзі: behance.net


Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© UYATEMES.KZ