Буллинг
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.


Бұл бетте білетіндерің:
Буллинг дегеніміз не?
Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?
Егер сен өзің біреуді қорлап журген болсаң ше?
Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?

Буллинг дегеніміз не?

Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:
  • адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
  • оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру
  • сол жайында өсек тарату
  • оны елемеу немесе жекелету
  • ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
  • ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
  • қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту
Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?
Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:
  • уайымдау
  • ұйқының бұзылуы
  • тәбеттің болмауы
  • өзі жайлы жаман ойлау
  • өз-өзіне физикалық зақым келтіру
  • өлім туралы ойлау
  • сабақ үлгерімдерінің нашарлауы
  • ауыру
  • «маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау
  • өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану
  • қорқу
Буллингтің түрлері
Гомофобтық буллинг
Адам өзінің жыныстық көзқарасы жағынан қорлауға ұшыраған кезді жатқызамыз. Мысалы, біреуді «гей» деп атау немесе «гей» сөзін қорлау сөзі ретінде қолдану.
Расисттік буллинг
Біреудің нәсіліне, түсіне, нанымына байланысты басқаша көзқарас туындау. Сондай-ақ адамның нәсіліне қарай жағымсыз сөздер айту жатады.
Таптық буллинг
Адамдар біреудің белгілі бір әлеуметтік тапқа жататындығын анықтағаннан кейін, сол адамға жаман көзбен қарау. Мысалы, біреулер «ауылдан келген» деп адамды жекелету.
Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг
Біреуді көпшілікке ұқсамағандығы үшін кемсіту, мысалы адамның шашы жирен болуы немесе қысқа бойлы болуы, я болмаса көзілдірік киіп жүруі үшін.
Сексисттік буллинг
Адамның жынысына қатысты басқаша көзқараспен қарау. Мысалы, ұлдар қыздарға қарағанда жақсырақ деген оймен қыздарды келемеждеу. Не керісінше, қыздар жасай алатын кейбір нәрселер ұлдардың қолынан келмейді деген ұғым қалыптастыру.
Дінге қатысты буллинг
Біреуді дініне немесе нанымына байланысты қорлау немесе әдепсіздік таныту. Мысалы, киелі кітапты оқу, мешітке бару сияқты діни дәстүрлерді мазақ ету.
Ксенофобтық буллинг
Басқа елден келгендіктен, адамдарға қысым көрсету.
Мүгедектерге қатысты буллинг
Адамды мүгедек болуына байланысты қорлау және оған тіл тигізу.
Есіңе сақта:
  • ешкімнің сені қорлауға құқы жоқ
  • буллинг сенің достарыңның, отбасыңның, мектептегі балалардың немесе бөтен адамдардың тарапынан болуы мүмкін, қалай болған жағдайда да, ол дұрыс емес және бұлай болуға тиіс емес
  • буллингті тоқтатуға және өзіңді бағалауға үйренуге болады
Сен әрдайым 111 сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады
Бұл қызмет сондай-ақ «жедел желі» деп аталады. Мұнда саған қиындықтарыңмен күресуге көмектесу үшін арнайы адамдар жұмыс істейді. Сен кез келген уақытта үй немесе ұялы телефоннан 111 нөміріне қоңырау шала аласың – олар тәулік бойы жұмыс атқарады. Қоңырау шалған кезде, басыңнан қандай оқиға өтіп жатқанын баяндап бер, содан кейін олар саған әрі қарай не істеу керектігін айтып, кеңес береді.
Буллинг пе, әлде жәй ғана әзіл ме?
Егер сені біреу мазақ қылған жағдайда немесе достарыңмен жанжалдасып қалғанда, саған бәрі де жаман көрініп, барлық адамдар саған қарсы деген ой туындайды. Тіпті «бұл жәй ғана әзіл-қалжың ғой» деп айтқан жағдайда да, сен өзіңді әлі де ыңғайсыз сезінуің мүмкін. Бірақ, бұның барлығы өткінші екенін ұмытпа.

Өзіңе деген сенімділікті, батылдықты қалай арттыруға болатындығы жайында біздің кеңестерімізді оқы. Бұл саған жаңа достар табуды, өз ойыңды қысылмай білдіруді үйренуге көмектеседі. Және де есіңнен шығарма, сен әрдайым бізге сұрақтар қоя аласың, біздің форумда басқа балалармен тілдесе аласың немесе 111 сенім телефонына қоңырау шала аласың.
Мұғалім тарапынан туындаған буллинг
Сенің мұғалімдерің саған үнемі бас-көз болуы тиіс. Мектепте жұмыс істейтін ересектердің бірінің сені кемсітуі дұрыс емес. Ешкімнің сені ақылсыз сезіндіруге, мазақтауға немесе әділетсіз жазаға тартуға құқығы жоқ.

Егер бұндай жағдай орын алып жатса, ол туралы өзің сенетін мұғалімге, мектеп психологына, ата-анаңа айт. 111 жедел желісі жөнінде де ұмытпа!
Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?
Өзіңе деген сенімділікті арттыр
Буллинг өте жиіркенішті жайт. Соған байланысты сен өзіңді жаман сезіне бастайсың. Бірақ, сен өз-өзіңді ұнатуға үйренуіңе болады. Мүмкін, бұл бірден көмектесе қоймайтын шығар, дегенмен көп жағдайда адамның өзіне деген сенімділігі артқан сайын буллинг проблемасы жойылады.

Жаңа нәрселер жасауға тырыс
Сабақ үстінде қол көтеру сияқты онша елеулі емес нәрселер жасауға болады. Сен бұрын қолыңнан келмейді деп ойлаған нәрселерді жасай алатындығынды байқайсың. Жаңа нәрсе жасауға тырыссаң, бірте-бірте өзіңе деген сенімділігін арта түседі.

Өзіңнің ұнамды жақтарыңды жазып отыр
Әр адамның өзіне ұнамды жақтары болады. Сондықтан, өзің туралы тізім жаса. Мүмкін, сенің музыкалық талғамың жақсы шығар? Әлде әңгіме барысында сенің басқаларды тындай білу қасиетің бар шығар?

Басқаларға жақсылық жаса
Біреуге қошемет айтып, мақтауға болады. Отбасыңа үй шаруасымен көмектес. Басқаларға жақсылық жасаған кезде, өзіңді бірден жақсы сезіне бастайсың.

Батыл болуға үйрен
Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың.

Кейде біреумен келіспеген жағдайда өзіңді шын мәнінде қалай сезінетініңді жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене аласың. Ол үшін айтқың келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде сенің батылдығыңның арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды.
Жәбірлеушіні бұғатта
Телефондағы байланыс нөмірлерін бұғаттауға болады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде басқа пайдаланушыларды бұғаттап, оларды достар тізімінен өшіріп тастауға болады. Олар саған қонырау шалмаса немесе хабарлама жазбаса, сенің көңіл-күйің орнына келіп, мазасыздануын азаяды. Және де олардың көзіне түспеу үшін мектептен үйге қарай басқа жолмен баруыңа болады немесе мектепте олармен сөйлеспеу үшін аулақ жүруге тырысу керек.
Расскажи кому-нибудь
Құрбыңмен/досыңмен бөліс
Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. Сонымен қатар, достарың жәбірлеушілер енді мазаңды алмас үшін оларға қалай жауап беру керектігін айта алады.

Және де сен біздің форумдаөз уайымыңмен бөлісе аласың. Мүмкін, ол жерде басынан тура сондай оқиғаны кешіріп жүрген балалар бар шығар.

Ересек адамдармен бөліс
Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе сенімді ересек адамның біреуімен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап, мәселені шешуде ақыл-кеңес бере алады.

Сондай-ақ,111сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады. Онда саған көмек пен қолдау көрсетіледі.

Мұғаліммен бөліс
Мектебіңдегі мұғалімдер саған бас-көз болуға міндетті. Сен мектепте болған кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай құқығың бар. Мүмкін, сенің мектебіңде буллингке қарсы тұруға қатысты кейбір нұсқаулар бар шығар. Сонымен қатар, сен мектеп психологына да жүгіне аласың.

Буллингпен күреспе
Жәбір көрсетушілерге жауап бере бастасаң, өзіңе зақым келуі немесе қиындыққа ұшырауың мүмкін. Буллингке жауап қайтармауда ешқандай ұялатын нәрсе жоқ.

Мазақы хабарламаларға жауап қайтарма
Егер сені мазақтап, қорлайтындарға жауап берсең, буллинг әлдеқайда күшейе түседі. Осының арқасында сенің көңіл күйің бұрыңғыдан да түсіп кетуі мүмкін.

Алайда, сен бұл хабарламаларды сақтап, олардан «скриншот» жасасаң, оларды мұғалімге немесе басқа ересек адамға дәлел ретінде көрсете аласың.
Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?
Сені біреуге қорлық көрсетуге не итермелейді?
Мүмкін сенің өміріңде қиын жағдайлар болып жүргендіктен, сен қамығып немесе ызаланып журген боларсың?

Егер солай болса, онда сенім артатын адамыңмен сөйлесіп, я болмаса 111 сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады. Сонымен қатар, сен біздің кеңесшілерімізгеде сұрақ қоя аласың.

Сен өзіңнің оқиғаң туралы басқа адамдарға айтсаң, олар сені түсінбейді немесе айыптайды деп ойлауың мүмкін. Бірақ егер сен біреуді қорлап жүрген болсаң, бұл сенің көмекке мұқтаж екеніңді білдіреді.

Алғашқы қадам – өзіңнің басқа адамды қорлап жүргеніңді мойындау. Бұны өзің мойындағанда ғана, оны тоқтату оңайырақ болады.
Бірнәрсе істеуден бұрын жақсылап ойлан
Адамды ренжітетін хабарламалар жіберме. Егер сен басқа адамды жәбірлейтін хабарлама, sms, email жібергің немесе пост, твит жазғың келсе, оның барлығы буллинг болып саналады. Тіпті мәтінді теріп қойған болсаң да, оны өшіре аласың.

Адамды қорлайтын «посттарды» немесе хабарламаларды қолдама. Себебі, сенің әзіл түрде жазған «комменттерің» немесе «смайликтерің» біреудің жүрегіне өте ауыр тиуі мүмкін. Ақыр аяғында ол адамға барлық әлем қарсы шыққан сияқты болып көрінеді.
Адамдардың құрметіне лайық болу үшін басқа әдістер ойлап тап
Сен өз талантыңды дамыта аласың, яғни сүйікті спорт түрімен көбірек айналысу, жақсырақ ән айтуға, би билеуге, сурет салуға, музыкалық аспапта ойнауға үйрене аласың. Себебі, айналысатын сондай нәрсе көп! Бір адаммен дос болу үшін, не біреудің құрметіне лайық болу үшін адамды мазақ кылып, қорлау дұрыс емес.

Сен қорлап жүрген адамға деген қарым-қатынасынды өзгертіп, оған жылы көзбен қарауды бастап көр. Қателіктеріңді мойындау – үлкен батылдық. Мүмкін болып жатса, сол адамнан кешірім сұрауға тырыс.
Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?
Қандай себеп болмасын, қорлау – қашан да жаман қылық. Әдетте біреуді қорлап жүрген адам

  • басқаларды көре алмайды немесе қызғанады
  • басқаларға ұнағысы келеді
  • өзін басқаларға қарағанда жоғары екенін сезінгісі келеді
  • достары сияқты болғысы келеді
  • оны барлығы тындағанын қалайды
  • өзгелердің қорлауынан зардап шеккен
  • қорлау басқаларға қасірет тудыратынын түсінбейді


Cурет көздері: Steve Scott, Andy J. Pizza, Gerhard Human

Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© 2018-2019 UYATEMES.KZ