Френдзонадан (достық аймағынан) шыққым келеді!

Френдзона (достық аймағы) деп бір адам екіншісіне жасырын немесе ашық түрде ғашық болып, ал ол оны тек дос/құрбы ретінде қабылдайтын қарым-қатынас түрі.

Егер бұл сөзді ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударсақ, "достық аймағы" тіркесі шығады. Мұндай жағдайда адам біреумен қалыптасқан қарым-қатынас түрін өзгерткісі келмейді, оған басқа адаммен дос ретінде араласу ыңғайлы. Өйткені, бұл қарым-қатынас жасауды, идеялармен, ойлармен алмасуды, ортақ хобби мен қызығушылықтардың болуын, бірге серуендеуді білдіреді. Ал, кім достарынан айырылғысы келеді?

Егер сен осындай жағдайға тап болып, френдзонадан шыққың келсе, сенің басты міндетің - өзіңді басқа қырыңнан көрсету. Ол сені тек жақсы дос қана емес, сонымен қатар романтикалық қарым-қатынасты қалайтын адам ретінде де қабылдауы керек.
Төмендегі бес кеңес саған осы процесте көмектеседі:

  • Сүйікті адамыңның жеке кеңістігі аймағында болуың оған қолайсыздық туғызбайтынына көз жеткіз. Егер сен құшақтағанда және оған жанасқанда, оң көзқарас танытса, адам сені түпсанасымен қабылдап, саған сенеді, ал бұл - үлкен плюс.
  • Өз мінез-құлқыңды өзгертуге тырыс. Кәдімгі достық серуенді романтикалық серуенге айналдыр: сүйікті кинотеатрларыңа немесе кафеге, танысуларыңның тарихымен байланысты жерлерге барыңдар. Бұл қарым-қатынастарыңның маңыздылығына, оның тарихына және кейбір ерекше, дәстүрлі нәрселерге назар аударуға көмектеседі.
  • Өзіңді өзгерт. Бұл сүйікті адамың үшін өзіңді түбегейлі өзгерту керек дегенді білдірмейді. Толыққанды адам болу, дамып жетілу, оң қасиеттеріңді жақсарту маңызды. Мықты және өзіне сенімді адамдар әрқашан басқаларға ұнайды, олармен таңданады.
  • "Картаны аш". Егер жоғарыда сипатталғанның ешқайсысы жұмыс істемейтінін сезсең, шешуші қадам жаса – өз сезіміңді білдір. Бұл жерде ұят нәрсе жоқ, өйткені махаббат – барлық адамды бағындыратын керемет сезім. Мүмкін, ол адамның да саған деген сезімі бар шығар, бірақ сен сияқты оны білдіруден қорқады. Дос және қымбат адамды жоғалтудан қорқу қалыпты жағдай. Бірақ кейде өз сезімдеріңді ашық мойындаған дұрыс, содан кейін не істеу керектігін нақты білетін боласың.
  • Егер саған деген сезімі болмаса, уайымға салынуға асықпа. Бұл жағдайда ең бастысы - адамды түсінуге тырысу, қарым-қатынасты сабырлықпен жалғастыру және өз сезімдеріңді зорлап міндеттемеу. Мұны қарым-қатынастарыңның сәтсіздікке ұшырауы деп қабылдама. Жалпы кез келген жағдайдың артында қандай да бір жағымды нәрсе бар. Мүмкін, жақын арада сен (немесе екеулерің) бұл оқиғаны күлімсіреп еске алатын шығарсыңдар.
Материал дереккөзі::
teenslive.info

Сурет дереккөзі: behance.net


Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© UYATEMES.KZ