Жауапсыз ғашықтық:
3 кеңес

1-кеңес: Жағымсыз жауапты қабылда және иллюзияға бой алдырма.
Мұндай жағдайда жағымсыз жауапқа дайын болу өте маңызды. Бәрін түзетуге болатынына өзімізді сендіруді жалғастырсақ, жауапсыз махаббаттан арыла алмаймыз.

Әрине, мұндай жағдайға тап болған адамды әр түрлі ойлар мазалайды.

«Мүмкін, егер мен тағы біраз тырыссам, ол менің сезіміме жауап берер».

«Мүмкін, мен оны дұрыс түсінбеген шығармын».

«Алты айдан кейін ол өз пікірін өзгертетін шығар, адамдар ойын өзгертіп жатады ғой».

Бірақ, шынымен де, кейбір адамдармен жараспауымыз да мүмкін. Мұндай жағдайларда «жоқ» - «жоқ» дегенді білдіреді. Мұны қабылдау маңызды.
UyatEmes.kz Онлайн груминг (домогательства)
2-кеңес: сенен бас тартқан кезде жаныңның ауыратынына, сезімдерің туралы айтуға өзіңе ерік бер.
Сенен бас тартқанын қабылдау бұған қатысты бірден уайымдауды тоқтату дегенді білдірмейді. "Болды, доғар, мен қазір бұл туралы ойлауды тоқтатамын" деп өзіңе айтудан пайда жоқ.

Мұндай жағдайды басыңнан өткеру оңай емес. Мен өкпеледім, ренжідім, маған ауыр, бір нәрсеге үміттендім, жайлап айтқанда, басқасына тап болдым. Күрделі және күшті эмоциялар көп болады. Мұндай жағдайда адамға уақыт қажет және эмоциялық тұрғыда жұмыс жасауы керек.

Бәрінен бұрын жақын адамдармен болған оқиға туралы сөйлесу көмектеседі. Бір нәрсені қайталап айтсақ та, біреу бізді көп мәрте тыңдай берсе, керемет болар еді.

Егер адам бізді тыңдап, айтып отырған сезімдерімізді түсінсе, бұл біздің оларды сезіне алу қабілетімізді растайды. Яғни, менде бәрі дұрыс екенін, бұл менің эмоцияларым және мен олар туралы сөйлесе алатынымды түсінемін.

Сонымен қатар басқа адам маған жанашырлық танытып, жеңіл түрде болса да, сол эмоцияларды сезінгенде, оның одан өлмейтінін көремін. Бұл бізге адамның бас тартқанына, ренішке, ұятқа да төзуге болатынын сезінуге көмектеседі

Сөйтіп, біз уайым-қайғымызға төзе аламыз. Эмоциямызды ешкімге көрсетпестен іште сақтап, оның басылуын күту әлдеқайда қиын.
3-кеңес: жан азабының аяқталатынын түсіну.
Тек көркем әдебиетте бір эмоциялық күй өмір бойы сақталады. Ғылым мұны жоққа шығарады. Бұл жақсы жаңалық. Яғни, адамнан бас тартқан кездегі ауыр сезім өтеді дегенді білдіреді.

Идеалдандырылған романтикалық көзқарас - бір ғана шынайы және мәңгі махаббат болады деген идея - жауапсыз ғашықтықтан арылуға кедергі келтіреді.

Адам: "Менде шынайы махаббат болды. Егер ол одан бас тартқан болса, қалай өмір сүремін? Мен өмір бойы махаббатсыз өмір сүремін бе?» деп ойлайды.

Әрине, өткен махаббат шынайы - біз оны бар жүрегімізбен, жан-дүниемізбен сезінеміз. Кейбір сезімдер басқаларға қарағанда тереңірек болады, бұл түсінікті. Бірақ өзге адамға мұндай сезімді ешқашан сезінбейміз деп күмәндануымыз мүмкін.

Мұны жалғыз, әсіресе эмоция шарықтап тұрған кезде, жасау қиын. Бірақ тырысып көрсе ше? Бір ғана махаббаттың болатынын маған қандай фактілер дәлелдейді? Өмір бойы жауапсыз ғашық болған адамдарды қаншалықты көп білемін? Көркем әдебиетте емес, нақты адамдар бар ма?

Иә, мысалы, ата-аналар көбінесе балаларға өмірде бір адамды ғана сүйгендерін айтады. Бірақ олар басқаша айтса, таңқаларлық емес пе? Адамдар өзара сүйіспеншілікті сезініп, қарым-қатынас, отбасы құрған кезде, көбінесе осы тәжірибеге назар аударып, басқасын ұмытып кеткендей болады.

Құрдастарыңа қарап көрші! Мысалы, соңғы екі жылда жауапсыз махаббаттан қиналып жүрген Арман немесе Камила бар делік. Екі жыл бойы адамның сенен бас тартқанына шыдау қалыпты жағдай. Бірақ олардан басқа, Ержан немесе Динара бар, олар жауапсыз махаббаттан кейін басқа біреуді кездестіріп, ғашық болды. Өткен тәжірибелері олардың қазіргі сезімдерін жалған етпей ме? Әрине, жоқ.

Иә, адамның сенен бас тартуын ұмыту өте ауыр. Бірақ бұл жан ауруын қабылдап, одан арылуға болады. Бұл үшін уақыт, жақын адамдардың қолдауы мен өзіңе қамқорлық жасау қажет. Бір күні бәрі де аяқталады.
Бұл мақала осы жердегі vk.com материалдан үзінді

Cурет көздері: Asia Kang


Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© UYATEMES.KZ