Адамдарға тұлғааралық қатынастарды сәтті құруға және жетістікке жетуге көмектесетін 11 мінез-құлық үлгісін ұсынамыз

Бұл тізім, әрине, оған сәйкес болу үшін өзіңді өзгерту керек дегенді білдірмейді. Оны бағдар ретінде қолдан. Мүмкін, осы қасиеттердің кейбірін дамытқың келер.
1. Позитивті ойлау психологиясын қалыптастырып, басқаларды да жігерлендіру
Ұяттан жұрдай болу, басқаларды мазақ ету және әлемге пессимистік көзқарас тұрғысынан қарау қашанда оңай. Бірақ мұндай көзқараспен жетістікке жету және жақсы беделге ие болу екіталай. Ал позитивті ойлау, керісінше, осы мақсаттарға қол жеткізуге айтарлықтай ықпал етеді.

2. Әрқашан құрметпен, жылы шыраймен сөйлесу
Менменшіл, жөн сілтейтін мәнердегі қарым-қатынас бізге өз маңыздылығымызды сезінуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл өзінің әңгімелесушілеріне ұнағысы келетін және достық қарым-қатынас орнатқысы келетін адамдарды сәтсіздікке апарар жол.

3. Әңгімелесушілеріңізді мұқият тыңдау
Адамға деген шынайы қызығушылық, жанашырлық таныту және басқа біреудің позициясын түсінуге деген ұмтылыс қашанда көңілден шығып, құрметке бөлейді. Адамдар сөйлесуге мүмкіндік беретін және қарым-қатынасты әңгімелесушіні танудың тәсілі ретінде пайдаланатын адамдармен сөйлескенді ұнатады.

4. Сабырлылық таныта білу
Тым эмоционалды оң да, теріс те реакция адам туралы жаман әсер қалдыруы мүмкін. Үнсіздік жиі жағымсыз эмоцияларға толы сөздерден гөрі, сұхбаттасушыға ақпаратты тиімдірек жеткізе алады.

5. Әдепті болу
Барлық ойлар мен пікірлерді білдіріп, адамдарды ренжітпеу керек. Сөз бен іс-әрекеттің орындылығы - адамдар жақсы көретін және құрметтейтін маңызды қасиеттердің бірі.

6. Әділетті және ашық болу
Жаңа идеяларды қабылдамайтын және тек ниеттес адамдармен ғана қарым-қатынасты қолдайтын адамдар тұлға ретінде және кәсіби өсу мүмкіндігін жіберіп алады. Өйткені біз жайлылық аймағынан шыққан кезде ғана дамимыз.

7. Күлуден қорықпа
Америка президенті Франклин Рузвельттің ең қымбат қасиеті оның "миллион долларлық" керемет күлкісі болды деп айтады. Дәл сол күлкі оның әңгімелесушілерін қарым-қатынас кезінде еріксіз ашық болуға мәжбүр етті.

8. Күн сайын кем дегенде бір жақсы іс жасау
Ештеңе күтпестен, жай әншейін жақсылық жасау өзімізді жақсы сезінуге көмектеседі.

9. Сәтсіздіктерден сабақ алу
Адамдар сәтсіздіктерді абыроймен қабылдап, оларға төзе білетіндерге таң қалады. Табысты адамдар сәтсіздіктің арқасында ие болған өмірлік даналық үшін тағдырға алғыс айтады.

10. Басқаларды шын көңілмен мақтай білу
Жағымпазданбай, қызғанышсыз басқаларды мақтай білу адамгершілік пен кең мінезділікті көрсетеді. Бірақ мақтау тек лайықты болса ғана құнды.

11. Қателіктерімізді әділдікпен көрсете алатын адамды тыңдау
Біздің кемшіліктерімізді көрсететін адамның болуы тұлға ретінде үздіксіз өсуге көмектеседі. Бірақ, әрине, бұл сіз құрметтейтін және сенетін адам болып, ал оның сын-ескертпесі конструктивті болуы керек.
Бұл материал осы мақаланың негізінде жазылған
teenslive.info

Сурет дереккөзі: Louise Mcnaught


Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© UYATEMES.KZ