Әйелдер төсемелерін қалай таңдауға болады?

Әрбір қызда алғашқы етеккір келген кезде сұрақ туындайды: әйелдер төсемелерін қалай дұрыс таңдау керек? Бұл оңай мәселе емес, сондықтан осы мақалада біз төсемелерді талдаймыз: олар неден жасалады және саған қайсысы келетінін қалай түсінуге болады.
Әйелдер төсемелері әртүрлі болады, мысалы:
  • етеккір кезінде қанды сіңіру үшін қолданылатын әртүрлі қалыңдықтағы классикалық модельдер. Қалың (1-2 см) және жұқа (1 см-ге дейін) түрлері бар;
  • урологиялық. Түрлі дәрежедегі зәр тоқтамауына қарсы, сондай-ақ босанғаннан кейін және қуықтың тонусы уақытша әлсіреген кезде қолданылады;
  • емдік. Беті дәрілік өсімдіктердің сығындыларымен қаныққан. Бұл өнімдер гинекологиялық тәжірибеде қолданылады (өз бетімен емделуге емес, көмекші құрал ретінде);
  • анионды. Бұл гигиеналық құралдар пайдаланған кезде патогендік микрофлораға зиянды теріс зарядты иондар шығарады;
  • күнделікті. Бөлінділер (алғашқы күндердегідей қарқынды емес) киімді ластамау үшін оларды етеккірдің соңғы күндерінде қолдануға болады. Олар шағын, жұқа және мүлдем білінбейді. Гинекологтар күнделікті төсемелерді күн сайын қолданбауға кеңес береді;
  • тест-төсемелер - қағанақ суының ағуын уақтылы анықтау үшін босанғанға дейінгі кезеңде қолданылатын өнімдер. Бұл жағдайда индикатор түсі көкке өзгереді;
  • босанғаннан кейінгі төсемелер перзентханада қолдануға ыңғайлы. Бактерияға қарсы әсері бар өнімдер гинекологиялық операциялардан кейін қолданылады.
UyatEmes.kz Онлайн груминг (домогательства)
Сонымен, әйелдер төсемелерінің қаптамасын сатып алмас бұрын нені ескеру керек?
1. Қорғаныс дәрежесі
Бөлінділеріңізге байланысты, олар қаншалықты көп пе, аз ба, қаптамадағы тамшылардың санын мұқият қараңыз:

3 — аз мөлшердегі бөліндіге арналған;
4 — қалыпты. 3 және 4 тамшы белгілері бар өнімдерді жасөспірімдер мен ересек әйелдер етеккірдің алғашқы күндерінде пайдаланады;
5 — көп мөлшердегі бөліндіге арналған;
6-7 — түнде пайдалануға арналған үлкен өнімдер.
2. Көлемі
Төсемелер шығаратын әр компанияда төсемелердің түрлі көлемдері бар. Қаптамада көрсетілген сандарға назар аударыңыз.
3. Дайындау материалы
Ең маңызды сәттердің бірі — жоғарғы қабат жасалған материалдар және оның қасиеттері. Жұмсақ және торлы жоғарғы бөлігі бар гигиеналық өнімдер деп ажыратады. Қайсысы жақсы — жеке таңдау мәселесі. "Тор" бөліндіні жақсы сіңіреді, ал жұмсақ беті бар өнімдер - аллергияға бейім әйелдердің таңдауы.

Тағы бір жайт — материалдардың ауа өткізгіштігі. Интимдік аймақта жайлылықты қамтамасыз ету үшін бу өткізгіш материалдардан жасалған өнімдерді сатып алу керек. Бұл жағдайда жайлылық қамтамасыз етілген.

Күнделікті төсемелерді таңдау кезінде материалдардың негізінен табиғи және зиянсыз болуына назар аудару керек. Сонда күні бойы жайлылықты сезініп, тері де тітіркенбейді.



Автор: Айдана Максаткызы
Дереккөздері пайдаланылды:
mypick.ru
gadgetok.ru

Сурет дереккөзі: Asia Kang


Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© UYATEMES.KZ