Нұсқаулық:
Сексуалдық зорлық жасалғанда не істеу керек?

Қазақстандық заңнама бойынша (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің [ҚР ҚК] 120-бабы) «зорлау» әйелге немесе оның жақындарына күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп вагиналды жыныстық акт жасау болып саналады. Басқа жағдайларда (жәбірленуші еркек болса немесе акт вагиналды болмаса) «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» деген термин қолданылады (ҚР ҚК 121-бабы). Егер де ауырлататын мән-жайлар болмаса, қылмыскер осы қылмыстары үшін 5-8 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сіз немесе сіз танитын және жәрдемдесе алатын адам сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраса, мынадай қадамдар жасау қажет.
1
Есіңізде болсын: бұл сіздің кінәңіз емес. ЗОРЛЫҚТА ТЕК ҚАНА ЗОРЛАУШЫ АЙЫПТЫ.
2
Душ қабылдамаңыз, ештеңені жуып-шаймаңыз, кір жумаңыз, киімді лақтырып тастамаңыз. Бұлардың бәрі сексуалдық зорлық фактісін дәлелдеуге көмегін тигізеді.
3
102-ге хабарласып, полицияға немесе онлайн qamqor.gov.kz-ке жүгініңіз.
4
103 нөмірі бойынша медициналық жедел жәрдем қызметін шақырыңыз. Медицина қызметкерлері денедегі барлық жарақаттар мен шабуыл іздерін тіркеуге тиіс, сонымен қатар полицияны шақыруға міндетті.
5
Полиция сексуалдық зорлық фактісін куәландыру үшін сізді сот-медициналық сараптамаға жіберуі тиіс. Сот-медициналық сараптаушының қорытындысынсыз зорлау фактісін дәлелдеу кейін қиынға соғады.
6
Мүмкіншілігіңіз болса, жедел жәрдем мен полиция келгенге дейін денедегі және киімдегі барлық іздерді фото-/бейнетүсірілім жасау арқылы өз құрылғыңызға түсіріп алыңыз. Бұның бәрін басқа құрылғыда да (компьютер, екінші телефон) сақтап қойыңыз.
7
Психологтың/заңның көмегіне жүгініңіз:

  • балаларға, жасөспірім мен жастарға арналған бірыңғай ұлттық қызмет - 150 (Билайн мен Актив (KCell)-ден 150 нөмірі), Алтел және Теле2-ден 11616 нөмірі; Whatsapp +7 708 106 08 10)
  • "SVET" қоғамдық қоры @svetpf Instagram-да
  • "Не Молчи KZ" сексуалдық зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысы (Whatsapp-қа жазу және +7 705 151 00 00 жедел желісіне хабарласу)
  • осындай жәрдем бере алатын басқа да ұйымдар мен орталықтар
8
Егер сіз далада қалсаңыз, жергілікті дағдарыс орталығына барыңыз. Онда сізді уақытша 3 айдан 6 айға дейін, ал кейбір баспаналарда бұдан да ұзақ мерзімге орналастырады. Қазақстанның түрлі аумағындағы дағдарыс орталықтарының байланыс ақпаратын мына жерден қараңыз:
9
Егер сіз 102 нөмірін ала алмасаңыз, 115 (кезекші прокурор) нөміріне хабарласыңыз. Полиция бөлімшесінде полициямен көрсетілген қызметтер көңіліңізден шықпаған жағдайда кезекші прокурорды талап етіп, арыз жазуға құқылысыз.
10
Полициядан абьюзерге (жәбірлеушіге) қатысты қорғау нұсқамасын шығаруды міндетті түрде талап етіңіз. Бұл сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді. Қорғау нұсқамасы 30 күн мерзіміне беріледі. Абьюзермен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оны жібереді. Сондай-ақ мән-жайды анықтағанға дейін немесе соттың шешімі бойынша оны тұтқындауы да мүмкін.
11
Денсаулыққа қатысты қиыншылықтарды алдын алу үшін шабуылдан кейінгі алғашқы 72 сағатта (ертерек болса, тіптен жақсы) профилактикадан өткен жөн:

  • сіздің аймағыңыздағы ЖИТС орталығында АИТВ-ге қатысты (мекен-жайлары мына жерде)
  • жыныстық ауруларға қатысты
  • қаламаған жүктілікке қатысты. Жедел контрацепцияны болған жағдайдан кейін 5 күн ішінде қабылдау қажет, ал егер ертерек қабылдаса, тиімділігі арта түседі.

Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© 2018-2019 UYATEMES.KZ