Мүшеқаптар латекс, полиуретан мен жануар терісінен (әдетте қой) жасалады. Бұлардың ең танымалы әрі сенімдісі латекс. Латекстан жасалған мүшеқаптар аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Ол жағдайда полиуретаннан жасалған мүшеқаптар пайдаланады, алайда полиуретан мүшеқаптары қымбаттырақ болады. Жануар терісінен жасалған мүшеқаптарды қолдануға кеңес берілмейді, себебі олар қалаусыз жүктіліктің алдын алса да, жыныстық жолмен жұғатын аурулардан қорғамайды. Сонымен қатар, мүшеқаптардың тиімділігін арттыру мақсатында лубрикант пайдаланылады. Латекстен жасалатын мүшеқаптармен тек суға негізделген лубриканттарды пайдалану қажет. Майға негізделген лубриканттар латекстен жасалған мүшеқаптардың тиімділігін күрт азайтады.
Адамдардың жыныс мүшелерінің әртүрлі пішіндері мен өлшемдері болады. Соған байланысты мүшеқаптардың өлшемін дұрыс таңдаған жөн. Тым тығыз мүшеқап қан жүруіне кедергі келтіріп, эрекция деңгейін төмендетуі мүмкін. Кең мүшеқап жыныстық қатынас кезінде шәуеттің (сперма) ағып кетуіне әкелуі мүмкін. Мүшеқап өндірушілердің стандарт (standard) және үлкен (large) деген өлшемдері біркелкі емес, сондықтан қажет өлшемді табу қиынға соғуы мүмкін. Әр адамның өзінің жыныс мүшесінің ұзындығын және жуандығын білу керек. Оны сәйкесінше өлшегіш пен сантиметрлік лентамен өлшеуге болады. Сантиметрлік лентамен жыныс мүшесінің ең жуан жерін орап, шыққан санды (жыныстық мүше айналымы) 3.14-ке бөлу қажет. Шыққан сан жуандықтың өлшемі болмақ. Содан соң өлшемдерді мүшеқап қабында белгіленген параметрлермен салыстыру қажет. Әдетте, орташа өлшемді жыныстық мүшелері бар адамдарға стандарт өлшем ыңғайлы болады. Жалпы, мүшеқап таңдауда сынаулар және қателер әдісі тиімді болмақ. Өзіңе ыңғайлы мүшеқаптарды бренд пен өлшем бойынша таңдап, оларды киіп көр. Ыңғайына байланысты ең жақсысын таңдап ал. Мүшеқапты таңдауда ақшаны я уақытты үнемдемеген жөн. Мүшеқаптар да жыныстық мүшелер сияқты әртүрлі пішіндері, жуандықтары және тіпті иістері болады. Жыныстық қатынасқа түсетін адаммен ақылдасып, өздеріңізге ұнайтын мүшеқаптарды таңдау аласыз.
Мүшеқапты пайдаланбас бұрын дәріханада ұялмай, асықпай, нұсқауларды мұқият оқып, зерттеп алған жөн. Сыртқы және ішкі қаптамасы бүтін болуы тиіс. Ішкі қаптамасын сәл басып көру кере – ішіндегі ауа зақымданмағандықтың белгісі. Пайдалану уақыты өтіп кеткен жағдайда өнімді қолданбау керек. Мүшеқапты таза қолдарды пайдалана отырып асықпай еппен ашу керек. Қайшы, пышақ, тіс немесе тырнақ мүшеқапты зақымдауы мүмкін. Мүшеқапты алып шыққаннан кейін, оның сәйкес жағын табу керек. Оны визуалды түрде қарап, жиналған жағын ашып көру керек. Мүшеқаптар әдетте лубрикантталған болып келеді, сондықтан оның шырыштығына таңғалмаңыз. Мүшеқаптың ұшын саусақтармен сығымдап кигізу керек. Бұл сығымдалған бөлік маңызды, себебі онда бөлінген шәует жиналып, мүшеқап жыртылмайды. Жиналған жағын жыныс мүшесі бойы жаю керек. Мүшеқап жыныстық мүшені толық қамту қажет. Егер мүшеқаптың ұшы үрленген шар сияқты сезілсе, оның ішінде ауа бар. Оны сол жерде қалдыру жыныстық қатынас кезінде мүшеқаптың жыртылу ықтималдығын арттыруы мүмкін. Қолыңызды жыныстық мүшенің айналасына қойып, презервативті ұшынан негізге дейін ақырын тегістеу арқылы ауаны босатыңыз. Эякуляциядан (іс аяқталғаннан) кейін жыныстық мүшенің көлемі азаяды, сондықтан жыныстық қатынас аяқталғаннан соң тез арада мүшеқапты алып тастау керек. Жыныстық мүшені қынаптан, анустан немесе ауыздан шығарған кезде шәуеттің ағып кетпеуін қамтамасыз ету үшін презервативті негізінен ұстаңыз. Егер презерватив серіктесіңізде сырғып кетсе, оны шешпес бұрын оның ашық ұшын бұрап жабыңыз. Бұл жасалмаса, мүшеқап сырғып кетуі немесе шәует ағып кетуі мүмкін. Пайдаланылған мүшеқапты қоқысқа лақтыру керек. Оны дәретханаға лақтырмаған жөн, себебі мүшеқаптар құбырларды бітеуі мүмкін. Мүшеқапты қайта қолдануға қатаң тыйым салынады (тіпті шәуіт бөлінбесе де). Тағы айта кететін жайт, мүшеқапты сумен немесе ауамен толтырып оның бүтіндігін тексерудің қажеті жоқ, себебі тексеру кезінде оны зақымдау мүмкіндігі жоғарылайды. Сол себепті де жыныстық қатынастан кейін оны тексерудің мәні жоқ. Мүшеқаптар өндіріс кезінде тексеріледі, ал сіз оны тек визуалды түрде тексеруіңіз абзал.