Қазақстанда секспен заңды түрде 16 жастан бастап айналысуға болады. Бұл жас сексуалдық келісім жасы деп аталады. Мысалы, егер сенің жасың он алтыда, ал қызыңның жасы он бесте болып, тіпті екеулерің де соны қалап тұрған жағдайда да заң бойынша ол секске өз келісімін бере алмайды. Ал егер секс орын алған жағдайда, саған қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін. Бұл шарт сені жазалау үшін емес, қорғау үшін жазылған.
Заң бойынша секс 16 жастан рұқсат етілсе де, онымен айналысу керек дегенді білдірмейді. Саған ешкім де қысым көрсетіп, мәжбүрлей алмайды. Тек соған өзіңді дайынмын деп есептесең ғана секспен айналыс.
Кейде адамның секске және сексуалдық әрекеттерге шынында келіскен, келіспегенін түсіну қиын. Міндетті түрде сынарыңның айтқанына құлақ ас, оның бұны нақты қалайтынына көз жеткіз.
Есірткі, ішімдік, басқалар тарапынан қысым, көндіру, қорқыныш деген нәрселерге байланысты адам бас тарта алмауы да мүмкін.
Егер де адам келісімін беріп, сонымен бірге жылап, қатты масайып, қалтыраса, абыржыса, одан тағы да мұны қалайтынына сенімділігі жөнінде сұра. Ешкімді ешқашан секске мәжбүрлеме. Бұл дұрыс емес. Сондай-ақ, бас тартқаны үшін адамды кінәлі сезіндіруге мәжбүрлеу де дұрыс емес.
Сені бір жағдай мазаласа немесе секс жайында білгің келсе, бізге жаз.
Қауіпсіз секс: контрацепция және инфекциядан қорғану Контрацепция – жүктіліктің алдын алу үшін әрекет қылу. Ең қарапайым тәсілдердің бірі презервативті қолдану болып табылады.
Презервативті алғашқы секс кезінде де қолдану қажет. Ол жүктіліктен және кейін аяғы СПИД-кеайналуы мүмкін хламидия, гонорея, сифилис және ВИЧ сияқты қауіпті ЖЖБИ-ды (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, яғни секс арқылы) жұқтырып алудан қорғайды.
Өз сексуалдық денсаулығың дысақтау өте маңызды. Контрацепция мен ЖЖБИ-дан қорғанудың түрлі тәсілдері жайында мұнда білуге болады.
Секске қатысты алаңдау Әсіресе
жыныстық жетілу кезінде сексуалдық ойлар мен сезінулер қалыпты жағдай. Басында сен ұялып қысыласың, бірақ кейіннен денең өзгерістерге үйрене бастағанда, жеңілірек болады.
Алғашқы секске қатысты алаңдау да қалыпты құбылыс. Ол – сенің өміріңдегі зор қадам. Бастысы, өз қалауыңмен болып, қауіпсіздікті сақтасаң болды.
Егер де сен күмәнданып, ал секс жайлы ой абыржытса, мүмкін уақытың әлі келмеген шығар.