Секс туралы ойлар, сексуалды сезімдер мен еріксіз ұрық шашу
Еріксіз ұрық шашу (немесе поллюция) – жыныс мүшесінен (пенистен) шәуеттің, ұрықтың ұйқы кезінде еріксіз кетуі. Бұл сұйықтықтың құрамында еркектің репродуктивті жасушалары – сперматозоидтар бар.
Әсіресе, жыныстық дамып жетілу кезінде денеңнің өзгеруі салдарынан секс жайлы ойлар мен сексуалды сезімдердің болуы қалыпты жағдай. Алғашқыда сенімен болып жатқан дүниелер түсініксіз әрі біртүрлі болып көрінер. Бірақ кейіннен денең өзгерістерге үйренген соң, жеңілірек болады.
Әдетте түсіңе сексуалды образдар кіргенде, ұйықтап жатып еріксіз ұрық кетеді. Кейде сен осындай түстерден оянып кетерсің, ал жиі ұйықтап жатасың.