Әр түрлі жағдайлар орын алып жатады. Онлайн азғындар өздері жөнінде көбінде жалған сөйлейді. Сондықтан оның нағыз дос ретінде не әлдекім сенің арсыз суреттерің мен бейне таспаларыңды алу үшін ғана тілдесіп жүргенін түсіну қиын болады.
Сексуалды суреттеріңді алуды немесе секске көндіруді қалайтын азғынның әрекеттері мынадай:
Бұл жиі және түрлі жолдармен жүзеге асырылады, VK.com, Facebook, Instagram, Whatsapp және басқа да мессенджерлер арқылы.
- екеулеріңнің қатынастарыңды құпия ұстауды сұрайды
Араларыңдағы «ерекше құпияның» болуын сылтау етіп, ешкімге әңгімелерің жайлы тіс жармауды өтінеді, оған сенім артуды сұрайды.
- сен жөнінде көбірек білуге тырысады
Ата-анаң немесе отбасының басқа мүшесі біліп қоймас үшін осы компьютермен тағы біреу қолдана ма, не оның қай бөлмеде тұрғаны жайлы сұрайды.
- ол саған өзінің сексуалды суреттерін жібере бастайды
Бұл білінбей басталуы мүмкін. Мысалы, «Сен сүйісіп көрдің бе?» деген сұрақтар қояды.
- Ол сені бопсалауға тырысады
Өзін жаралаймын/ренжіп қаламын деген сылтаумен арсыз суреттеріңді не бейне таспаларыңды жіберуге мәжбүрлеуі мүмкін. Егер де ондай суреттеріңді жіберіп қойған болсаң, ол жаңасын жібермесең, оларды интернетте жариялаймын не таныстарыңа көрсетемін деп қорқытады.
Белгілері бірден байқалмайтындықтан, онлайн-груминге ұшырағаныңды анықтау қиынға соғады. Осы жайында біреумен бөліскің келсе, біздің кеңесшілерге жазуыңа болады. Сені тыңдап, қолдау үшін біз осындамыз. Есіңде болсын, сондай жағдай басыңнан өтіп жатса, ол сенің кінәң емес.