Сен құқылысың Басқалардың сені құрметтеуіне және саған деген қарым-қатынасы ұнамаған жағдайда, оған ойыңды тіке айтып салуға құқылысың. Қарым-қатынастағы ерікті келісімнің орны бөлек. Яғни, саған қысым көрсеткеннен емес, өзің қалағандықтан бір нәрсені жасау.
Егер біреу сені секспен, қауіптілікпен немесе зорлық-зомбылықпен байланысты бір нәрсені жасауға, не секске мәжбүрлесе, онда бұл дұрыс емес.
Бұрыс қарым-қатынастар деп біреудің сені пайдаланып кетуін, не нашар қарауын айтамыз. Бұлай болмауы тиіс. Сондықтан өзіңнің ішкі түйсігіңе құлақ асып, абыржыған сәттерде көмек сұрай білу өте маңызды. Мысалы, Қазақстанның кез келген жерінен және кез келген телефоннан 111 жедел желісіне қашанда қоңырау шалуыңа болады.
Егер сен өзіңді жайсыз сезініп, ішің бұрап, не істеріңді білмесең, онда бұрыс жағдайдың орын алғаны.
Мүмкін, денең саған белгі беріп жатқан шығар?
Орын алып жатқан жағдай саған ұнамаған кезде денең саған белгі береді
Кесірлі жағдай орын алып жатса, денеңнің саған жолдайтын 7 белгісі: - жүрегің шапшаң соға бастайды
- терлейсің немесе денең қызиды
- ауыр дем аласың
- ішің шаншып ауырады
- тамағың кебеді
- құсқың келіп, басың айналады