Бірқатар халықаралық ұйымдар, соның ішінде ЮНЕСКО денсаулық пен әл-ауқат саласындағы білім берудің кешенді тәсілін тиімді деп санайды. Мұндай тәсіл жыныстық және репродуктивті денсаулыққа тікелей байланысы бар тақырыптарды (анатомия, контрацепция), сондай-ақ қарым-қатынас этикасы және олардың эмоционалды жағы (келісім, зорлық-зомбылық, шешім қабылдау) туралы мәселелерді қамтиды. Қауіп-қатерлер туралы хабардар болу, өзінің және басқа адамдардың денсаулығына деген көзқарас, серіктестер арасындағы сенім, өзін-өзі бағалау, жауапкершілікті алуға дайын болу, келісім мен келіспеушілік – осының барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және шешім қабылдауға кешенді әсер етеді.
Осылайша әр тақырып бойынша толық қамтылған ақпараты болмаса да, Aspan өмірдің осы аспектілері арасындағы үнемі айқын бола бермейтін байланыстарды анықтап, сол арқылы пайдаланушыны оның мәселесін шешуге немесе сұрақтың жауабына жақындата алады.
Көптеген жылдар бойы жасалған зерттеулерге сәйкес, денсаулық саласындағы білім адамдарға ересек өмірге дайын болуға және эмоциялар мен сезімдерді жақсы түсініп, алған білімдердің, құндылықтардың, өзіне деген сенімділіктің арқасында берік және мағыналы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.