«Aspan» чат-ботының
құпиялылық саясаты
1. Терминдер мен анықтаулар

1.1. Оператор - UyatEmes.kz. қазақстандық жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына арналған ағартушылық платформа.

1.2. Чат-бот - жасанды интеллект негізіндегі Aspan чат-боты пайдаланушылардың физиология мен есею психологиясы, жыныстық және репродуктивті денсаулық, психологиялық әл-ауқат және тұлғааралық қатынастарды құру, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу тақырыбындағы сұрақтарына жауап беруге арналған. Оның ішінде: файлдық құрылым және кез келген басқа құрылымдық элементтер, мазмұн, бастапқы және объект коды, дизайн, графика туындылары, аудиовизуалды туындылар, фотосуреттер.

1.3. Пайдаланушы – Оператордың Чат-ботын пайдаланатын жеке тұлға;

1.4. Саясат - осы құпиялылық саясаты;

1.5. Пайдаланушының жеке ақпараты - Жеке деректерді қоса алғанда, Чат-ботпен өзара әрекеттесу барысында Пайдаланушы өзі туралы өз еркімен беретін ақпарат.

1.6. Жеке деректер - анықталған немесе анықталатын жеке тұлғаға тікелей немесе жанама қатысты кез келген ақпарат.

2. Преамбула

2.1. Саясат Пайдаланушымен Оператордың Чат-ботын пайдалану кезінде Пайдаланушы туралы Оператор ала алатын Пайдаланушының барлық жеке ақпаратына қатысты қолданылады.

2.2. Оператордың Чат-ботын пайдаланар алдында Пайдаланушы саясатпен танысқанын растайды және сол арқылы Оператормен Пайдаланушының жеке ақпаратын өңдеуге өзінің келісімін береді.

3. Оператор өңдейтін Пайдаланушылардың жеке ақпараты

3.1. Оператор Пайдаланушының Жеке деректеріне қол жеткізе алады, атап айтқанда: Пайдаланушының аты-жөні және Пайдаланушы қолжетімді жасаған басқа жеке деректер (егер Пайдаланушы Чат-ботпен өзара әрекеттесу кезінде осындай жеке деректерді өзі көрсеткен болса).

3.2. Чат-бот Пайдаланушыдан оның атын сұрайды. Пайдаланушының аты және басқа ақпарат Пайдаланушымен жеке қалауы бойынша ұсынылады және Чат-ботпен өзара әрекеттесу үшін міндетті емес.

3.3. Саясат Чат-ботты пайдалану барысында өңделетін ақпаратқа ғана қолданылады. Пайдаланушының Оператордың Чат-ботындағы қолжетімді сілтемелер бойынша өтуі мүмкін үшінші тұлғалардың сайттарымен ақпараттың өңделуін Оператор бақыламайды және оған жауапты болмайды.

3.4. Оператор Пайдаланушының жеке ақпаратының дұрыстығын тексермейді және Пайдаланушының іс-әрекетке қабілеттілігін бағалауға мүмкіндігі жоқ. Алайда Оператор Пайдаланушының сенімді және жеткілікті ақпарат беретіндігіне және осы ақпаратты өзекті күйде сақтайтындығына сүйенеді.

4. Пайдаланушылардың жеке ақпаратын өңдеу мақсаттары

4.1. Оператор заңнамада қарастырылған басқа жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушымен өзара әрекеттесу үшін Чат-ботқа қажет Жеке ақпаратты ғана өңдейді.

4.2. Пайдаланушының жеке ақпаратын Оператор келесі мақсаттарда өңдейді:

4.2.1. Чат-ботқа келіп түсетін Чат-бот Пайдаланушысының сауалдарын өңдеу;

4.2.2. Пайдаланушы мен Чат-боттың өзара әрекеттесуі шеңберінде Пайдаланушыға аты бойынша жүгіну;

4.2.3. Пайдаланушымен кері байланыс орнату, оның ішінде: Чат-ботпен өзара әрекеттесуге қатысты хабарламаларды, сауалдарды және ақпаратты жолдау.

5. Пайдаланушылардың жеке ақпаратын өңдеу және оны үшінші тұлғаларға беру шарттары

5.1. Оператор Пайдаланушылардың жеке деректерін Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына сәйкес өңдейді. Пайдаланушының жеке ақпаратына қатысты оның құпиялылығы сақталады.

5.2. Оператор Пайдаланушының жеке ақпаратын үшінші тұлғаларға беру заңнамада қарастырылған жағдайда ғана және заңнамада белгіленген рәсім шеңберінде ғана бере алады.

6. Пайдаланушының жеке ақпаратын қорғау үшін қолданылатын шаралар

6.1. Оператор "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V Заңына сәйкес Пайдаланушының жеке ақпаратын қорғау үшін қажетті және жеткілікті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.

6.2. Саясатта көзделген құқықтар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шектелуі мүмкін.

7. Құпиялылық саясатын өзгерту. Қолданылатын заңнама

7.1. Оператор Саясатқа өзгерістер енгізе алады. Өзгерту кезінде соңғы жаңарту күні көрсетіледі. Саясаттың жаңа редакциясында басқасы қарастырылмаса, Саясаттың жаңа редакциясы орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.

7.2. Саясатқа және Саясатты қолдануға байланысты туындайтын Пайдаланушы мен Оператор арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылуға жатады.

8. Кері байланыс. Сұрақтар мен ұсыныстар

8.1. Пайдаланушы Саясаттың мазмұнына қатысты барлық ұсыныстарды немесе сұрақтарды Операторға жолдауға құқылы:

8.1.1. Электрондық пошта бойынша: info@uyatemes.kz