Осы құжат Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылады, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ҚР АК) 396-бабына сәйкес оның шарттарын толық және сөзсіз қабылдау (акцепт) пайдаланушының конклюденттік әрекеттерді жүзеге асыруы, яғни Оператордың веб-сайтындағы интернет желісінде
https://uyatemes.kz/aspan мекенжайында орналасқан "Aspan" чат-ботын пайдалануы болып саналады.
"Aspan" чат-ботын қолдана бастағанда, пайдаланушы келесі шарттармен келіседі:
1. Терминдер мен анықтаулар 1.1. "Aspan" чат-ботын пайдалану шарттарында пайдаланылатын терминдердің осы бөлімге сәйкес, ал осы бөлімде анықтаумен тиісті термин болмаған кезде – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтаулары болады.
1.1.1.
Оферта – ҚР АК 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылатын "Aspan" чат-ботын пайдаланудың осы шарттары.
1.1.2.
Оператор – UyatEmes.kz - қазақстандық жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына арналған ағартушылық платформа, бұл туралы ақпарат Офертаның 9.4 тармағында көрсетілген.
1.1.3.
Чат-бот – жасанды интеллект негізіндегі Aspan чат-боты пайдаланушылардың физиология және есею психологиясы, жыныстық және репродуктивті денсаулық, психологиялық әл-ауқат және тұлғааралық қатынастарды құру, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу тақырыбындағы сұрақтарына жауап беруге арналған. Оның ішінде: файлдық құрылым және кез келген басқа құрылымдық элементтер, мазмұн, бастапқы және объект коды, дизайн, графика туындылары, аудиовизуалды туындылар, фотосуреттер.
1.1.4. Пайдаланушы – Оператордың Чат-ботын пайдаланатын жеке тұлға.
2. Оферта акцептісі 2.1. Акцепт, яғни Офертада баяндалған шарттарды қабылдау Оферта талаптарымен танысуды растау болып табылады. Оферта талаптарымен танысуды растау осы пайдалану шарттарымен танысқаннан кейін Чат-ботты пайдалана бастаған сәтте жүзеге асады.
2.2. Шарттарды қабылдаған адам қабылдау сәтінен бастап Оператор Чат-ботының пайдаланушысы болады және Чат-ботты пайдалануға рұқсат алады. ҚР АК 397-бабына сәйкес Офертаның акцептісі Офертада баяндалған талаптарда шарт жасасумен тең.
3. Оферта мәні 3.1. Оператор қарапайым (айрықшалығы жоқ) лицензия шарттарында Пайдаланушыға Оператордың Чат-ботын пайдалану құқығын тегін ұсынады және Пайдаланушының физиология мен есею психологиясы, жыныстық және репродуктивті денсаулық, психологиялық әл-ауқат және тұлғааралық қатынастарды құру, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу тақырыбындағы сұрақтарына жауаптар бойынша ақпараттық қызметтерді ақысыз негізде көрсетеді.
3.2. Пайдаланушы Оператордың Чат-ботын Оператор тыйым салмаған және Пайдаланушы үшін қолжетімді кез келген тәсілдермен пайдалана алады.
4. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері 4.1. Пайдаланушы міндетті:
4.1.1. Чат-ботты Оферта шарттарына сәйкес пайдалануға;
4.1.2. Құрылғысында жұмысқа қабілетті бағдарламалық жасақтаманың болуын өз бетінше қамтамасыз етуге, оның көмегімен ол Чат-ботты пайдалануға мүмкіндік алады;
4.2. Пайдаланушы құқылы:
4.2.1. Оператордың Чат-ботын Пайдаланушы үшін кез келген қолжетімді әдіспен пайдалануға;
4.2.2. Чат-ботқа сұрақтар қоюға, сұрақтарға жауап алуға.
5. Оператордың құқықтары мен міндеттері 5.1. Оператор құқылы:
5.1.1. Кез келген уақытта Чат-ботты өзгертуге және (немесе) толықтыруға, Офертаға өзгерістер енгізуге;
5.1.2. Оферта шарттары бұзылған жағдайда кез келген Пайдаланушының Чат-ботты пайдалануын тоқтатуға.
6. Чат-ботты пайдалану шарттары мен тәртібі 6.1. Чат-бот - динамикалық жүйе, оның құрамдас бөліктерін Оператор кез келген уақытта өзгерте немесе толықтыра алады, осыған байланысты Пайдаланушы Чат-ботты "сол күйінде" пайдаланады.
6.2. Оператор Пайдаланушыға Чат-бот арқылы берілген ақпараттың дұрыстығына, өзектілігіне, толықтығына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне жауапты болады.
6.3. Пайдаланушының деректерін пайдалана отырып жасалған барлық әрекеттер тікелей Пайдаланушымен жасалған болып саналады. Пайдаланушы аталмыш әрекеттер үшін толық көлемде жауап береді.
7. Құпиялылық, ақпаратты қорғау 7.1. Оператор Пайдаланушының ақпаратын Оператордың құпиялылық саясатына сәйкес өңдейді.
7.2. Оператордың құпиялылық саясаты Оператордың сайтында және Чат-Ботта еркін орналастырылады және танысу үшін міндетті болып табылады. Құпиялылық саясатында көрсетілген шарттарды Чат-ботты пайдаланудың алдында қабылдау міндетті.
7.3. Жеке ақпаратты өңдеу тәсілдері туралы мәліметтер құпиялылық саясатында көрсетіледі.
7.4. Офертаның шарттарын қабылдай отырып, Пайдаланушы Оператордан ақпараттық материалдарды алуға өз келісімін береді және Пайдаланушы көрсеткен Пайдаланушының байланыс деректері бойынша осындай материалдарды жіберуге келісімін береді. Пайдаланушы ақпараттық материалдарды алуға келісімді кез келген уақытта қайтарып ала алады.
8. Дауларды шешу 8.1. Тараптар Чат-ботты пайдалануға байланысты туындайтын және Офертаға қатысты барлық дауларды, қайшылықтар мен наразылықтарды бейбіт жолмен реттеуге бар күшін салады.
8.2. Наразылықтар немесе келіспеушіліктер туындаған Тарап басқа Тарапқа электрондық пошта мекенжайы бойынша туындаған наразылықтар немесе келіспеушіліктер көрсетілген жазбаша хабарлама жібереді.
8.3. Егер Тараптар туындаған наразылықтарды немесе келіспеушіліктерді реттей алмаған жағдайда, дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешілуге жатады.
9. Қорытынды ережелер 9.1. Пайдаланушы Қызметтерді пайдалану үшін қажетті іс-әрекетке қабілеттілігі бар екенін растайды және жасалған әрекеттердің мәнін түсінеді.
9.2. Офертаның 9.4 тармағында көрсетілген Оператордың электрондық поштасы арқылы Операторға хабарламалар жіберуге болады.
9.3. Пайдаланушы авторлықты көрсетуге және Чат-ботты, соның ішінде Сервистерден алынған материалдар мен ақпаратты қалай да болса атап өткен немесе пайдаланған кезде Оператордың Чат-ботына белсенді гиперсілтеме беруге міндеттенеді.
9.4. Оператор туралы ақпарат:
9.4.1. Атауы: қазақстандық жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына арналған UyatEmes.kz ағартушылық платформасы
9.4.2. Электрондық пошта: info@uyatemes.kz