Өзіңді сүйе біл

Өзіңді ұнату – пайдалы! Ол сенімділікті арттырады. Өзіңнің сырт келбетің үшін абыржу да қалыпты жағдай, әсіресе сен тез есейетін өтпелі кезеңде.

Бұл парақтан білетінін

Егер мені сырт келбетім үшін келемеждесе …

Бодипозитив деген не?

Өзіңе деген оң көзқарасты қалай қалыптастыруға болады?

Егер мені сырт келбетім үшін келемеждесе…

Сұлулықтың не екенін қайдан білеміз?

Нені және кімді әдемі санау түсінігін біз түрлі дереккөздерден аламыз:

  • мәдениет
  • теледидар/кино
  • журналдар
  • отбасы
  • достар
  • мектептегі балалар

Сымбатты деп саналу үшін көпшіліктің пікіріне көнігу қажет. Кейде басқалардың сен туралы ойлағаны мен айтқанынан өзіңді нашар сезінуін мүмкін.  

Саған шашың, теріңнің түсі, көзіңнің қиығы ұнамауы мүмкін, көзілдірік таққаннан не брекеттен қысылып ұялуын мүмкін. Егер сен үнемі теріңнің «мінсіз» немесе белгілі бір типтегі тәннің болу керектігі жайлы ойласаң, онда сырт келбетіңді қабылдау қиынға соғады.

Өзіңе сенімдірек болам десең, өзіңді кинодағы, бейнеклиптер мен журналдардағы адамдармен салыстырма. Оларды әдемі киіндіріп, шаш үлгісі мен макияж жасайтынын ұмытпа. Өмірде бұл адамдар мүлдем басқаша. Кемшіліксіз адам болмайды.

Кейде басқалар сенің сырт келбетіңе қатысты жағымсыз сөздер айтып, саған нашар қарауы мүмкін. Сенің киім үлгіңді сынап, олар сияқты киінуің керек дейді. Өзің жайлы сені ешкім де жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқы жоқ екенін естен шығарма. Дұрыс қарым-қатынаста (достық немесе романтикалық) адамдар сені сол қалпында қабылдап, өзгертуге тырыспауға тиіс.   

Саған айтылған сөздерден сен өзіңнің өзгеруіңді, яғни есеюді, биік, аласа бойлы болуды, арықтауды, толысуды қалауың мүмкін. Сенің мазаңды алмау үшін не болса да істеуге барсың. Алайда, басқалардың көңілінен шығу үшін өзіңді өзгерту шарт емес екенін ұмытпа. Есесіне саған қолдау қажет. Сондықтан:

  • өзің сенетін адаммен тілдес, өзіңмен не болғанын айт
  • мектеп психологымен сөйлес немесе 111 жедел желіге қоңырау соқ
  • біздің форумдағы басқа балалармен тілдес

Бодипозитив деген не?

Өз тәніңе деген оң көзқарас ол:

  • басқа адамдардың мінсіз дене жайлы түсініктерімен сай келмесе де, сен өз тәніңді қабылдай біліп, өзіңді жайлы сезінуің
  • кейде сырт келбетіңнің кейбір тұстарын өзгерткің келсе де, сен өзіңе қашан да сенімдісің
  • денеңнің кейбір мүшелері саған ұнайды, кейбірі онша емес
  • өз сырт келбетіңді мақтаныш тұтасың, және де ешкімнің мінсіз емес екендігін білесің
  • сенде керектін бәрі бар екенін білесің және жағымды ойлауға тырысасың

Өзіңе деген оң көзқарасты қалай қалыптастыруға болады?

Егер саған кейде өз тәнің ұнамаса, ондай жағдай тек қана сенің басында болмайтынын біліп қой. Көптеген адамдарға өздерін сол қалпында қабылдау қиынға соғады. Біз өзіңе және өз тәніңе қалай жақсы көзқараспен қарауды бастауға болатынын айтып береміз!

Ол үшін томпақ еріннің, шыныққан бұлшықеттің немесе ұзын аяқтардың болуы шарт емес. Сенің сырт келбетің емес, өзіңді қалай сезінетінін маңызды.   

Өзіңді оң көзқараспен қабылдай бастау үшін өзің жайлы не ойлайтынынды өзгерту қажет.  Ол үшін мыналарды жасауға болады:

  • Өз тәніңді оның мүмкіндіктері үшін сүюге, құрметтеуге үйренуге тырыс. Сенің тәнің ғажап!
  • Күлу, дем алу, жүгіру, ойлану сияқты тамаша нәрселерді күн сайын істей алатының жөнінде ойлан!
  • Өзіңді журналдар мен жарнамалардағы адамдармен салыстырмауға тырыс, себебі стилистер мен визажистер олардың мінсіз болып көрінуі үшін барлығын жасайды. Ал шынында бәрі басқаша, өмірде олар мінсіз емес.  
  • Теледидардан және әлеуметтік желілерден көретін дүниелерге талдау жаса. Тек бет-әлпет жайында әңгімемен шектелетін адамдарға, не басқалардың сырт келбетіңді өзгерту керек деген сөздеріне көңіл аударма.
  • Сырт келбетіңнен бұрын, сен адам ретінде жоғары екеніңді түсін.
  • Саған қуаныш сыйлайтын, көңіл-күйіңді көтеретін немесе қолыңнан келетін нәрсемен айналыс!
  • Уақытыңды өз тәніне жағымды қарайтын адамдармен өткіз, олардан сен де үйренесің.
  • Жүре-бара өзің жайлы жағымды ойлауға үйрен.
  • Өзіңді біртұтас тұлға ретінде қабылдап, сырт келбетіңнен басқа да қырларыңды бағалай біл.
  • Өзіңнің жағымды қасиеттеріңнің тізімін жаса да, оны әр таң сайын оқы! Өзіңнен ұнамды жақтарыңды тапқан жағдайда тізімді толықтырып отыр.
  • Сырт келбетіңнің қайталанбас, ерекше екенін есіңе сақта! Сенің басқалардан өзгешелігің өзіңе тән стиль мен тұлғаны қалыптастырады.

Өзіңді басқадай бола алмағаның үшін ұрысуды доғар, сені сен қылатын қасиеттерің үшін сүйе біл!

Өзіңе деген оң көзқарас мінсіз сырт келбеттің арқасында емес, өзіңді сол қалпында қабылдап, сүйе білу нәтижесінде пайда болады. Бұл лезде бола қалатын жағдай емес, сондықтан күш-жігеріңді салуға тура келеді.   

Cурет көздері: Audrey, Brenna ThummlerYukai Du 

Поделитесь:

Leave a Reply