Жыныстық бағдар және кемсітушілік

Жеткіншек жас – өзгерістер уақыты. Сенің жыныстық пісіп-жетілууақытың. Гормондық және тәнөзгерістері салдарынан сені таң қалдырып, алаңдататын сексуалды сезінулер байқалады. Ал егер көңілің және жеке қалауың басқалардікінен ерекшеленсеше? Онда сені іштей қорқыныш басып, жалғыздықты сезінесің.  

Бұл мақаладан білетінің:

Сексуалдылық пен жыныстық бағдар деп нені айтамыз?

Сексуалдылық – адам ағзасының сексуалды сезінулерге деген туа біткен қажеттілігі және қабілеттілігі. Бұл ас қорыту, демалу және т.б. сияқты ағзаңның қалыпты фукциясы. Сондай-ақ сексуалдылық түсінігіне жыныстық бағдар да кіреді.

Жыныстық бағдар – адамның басқа адамға қатысты сезінетін эмоционалды, романтикалық және тәнқұштарлығы. Жыныстық бағдардың бірнеше түрі бар, мысалы:

  •  Гетеросексуалды (өзгежынысқа құштарлық). Гетеросексуал адамдарда романтикалық және тәнқұштарлығы қарсы жыныс адамдарына болады, яғни гетеросексуал ер адамдарды әйелдер, ал гетеросексуал әйелдерді ер адамдар қызықтырады. Кертартпашыл (консервативті) қоғамда гетеросексуалдарды жиі дәстүрлі жыныстық бағдардағы адамдар деп атайды.
  • Гомосексуалды (өз жынысының адамына құштарлық). Гомосексуал адамдарда романтикалық және тәнқұштарлығы өз жынысының адамдарына болады. Әйел адамдарға қызығатын әйелдер лесбияндар, ал басқа еркектерге қызығатын ер жыныстылар гейлер деп аталады (ағылшын тілінде кейде екі жыныстың да гомосексуал адамдарын, яғни еркектерді де, әйелдерді де гей деп атайды).
  • Бисексуалды (екі жынысқа құштарлық). Бисексуал адамдарда романтикалық және тәнқұштарлығы екі жыныстың да адамдарына болады.
  • Асексуалды. Асексуал адамдардың секске қызығушылығы болмауы да мүмкін, бірақ басқа адамдарға эмоциялық жақындықты сезіне алады.

Бәріміз де әр түрліміз, кейде өзіңнің сексуалдылығыңды түсіну қиынға соғып жатады. Біреу ерте жастан өз қалауынбілсе, ал басқалары бұл мәселеде қиналуда. Сексуалды сезінулер мен ойлар жеткіншек жаста басым, сондықтан бұл үрей тудырып, шатыстыруы әбден мүмкін. Әсіресесаған өз жынысыңның адамдары ұнаған жағдайда ойың сан жаққа жүгірері анық:

  • Бұл менің гей/лесбиян екенімді білдіре ме?
  • Бұған менің ата-анам мен достарым қалай қарайды екен?
  • Дінім менің сексуалдылығым жайында не дейді?

Саған өз жынысыңның адамы қызығушылығыңды тудыруы міндетті түрде сенің лесбиян/гейекеніңді, сол сияқты қарсы жынысты адамға қызығуың сенің гетеросексуалды бағдарыңды білдірмейді. Жасөспірім кезіңде сексуалдылығың ендіенді қалыптасып келе жатады, сондықтан жыныстық бағдарыңды білмеу қалыпты жағдай. Өзіңе уақыт бер.

Адамдар жыныстық бағдарын таңдай ала ма?

Неліктен гетеросексуалдар мен гомосексуалдар бар? Бұл сұраққа оңай жауап жоқ. Әлемдегі көптеген медицина сарапшылары мен ғалымдар жыныстық бағдарды биологиялық, психологиялық және сыртқы факторлардың үйлесімі қалыптастырады деп санайды, сондай-ақ бұнда гормондардың да ролі зор. 

Жалпы айтқанда, адам жыныстық бағдарын таңдай алмайды деген пікір бар. Жыныстық бағдар – адамның табиғаты, туа біткен қасиеті. Бұл пікірмен көбі келісе бермейді, ал бұл жағдай ЛГБТК-жасөспірімдер мен адамдардың өмірінде біршама қиындықтар тудыруда.

Жыныстық бағдарды білдіретін ЛГБТ/LGBT (немесе ЛГБТК/LGBTQ) қысқармасын көрген шығарсың. Бұл қысқарма ағылшын тілінен келген, оның мағынасы:

– lesbian – лесбияндар

– gay – гейлер 

– bisexual – бисексуалдар

– transgender – трансгендерлер. Трансгендерлік деген ұғым жыныстық бағдарға емес, гендерлік сәйкестілікке қатысты айтылған. Гендер ол өзіңді әйелше, не еркекше сезінуің жайлы. Трансгендер адам өзін басқа денеде жаратылғанын сезінеді, мысалы адам ер жынысты болып туылды делік, ал жан-дүниесі әйел адамдікі. Немесе керісінше, адам әйел қалпында дүниеге келіп, әйел адамша көрінгенімен, шын мәнісінде өзін ер адам ретінде сезінеді. Өздерін гетеросексуал адамдардың қатарына жатқызбайтындықтан, трансгендерлерді лесбиян және гейлермен бір топқа біріктіреді. 

– queer – квир-индивидтер – өздерін жыныстық бағдардың немесе санаттың ешбір түріне жатқызбайтын адамдар.

Сондай-ақ Q questioning-ді білдіруі де мүмкін. Осылайша өздерін жыныстық бағдарына қатысты күмәнданатын адамдар белгілейді.

ЛГБТК-жасөспірім болу нені білдіреді?

Көптеген адамдар гетеросексуалдылықты сексуалдылықтың жалғыз дұрыс түрі деп санап, барлық адамдар гетеросексуалды болуға міндетті, ал ЛГБТК қатынастарына теріс түрде қарайды. Кемсітушіліктің бұл түрі гетеросексизм деп аталады. Сондықтан гей және лесбиян жасөспірімдер жиі «қарапайым» гетеросексуалды адамдарға қарағанда өздерін нашармыз деп санайды, жалғызсырайды, ішіндегілерімен ешкіммен бөлесі алмайтын күйге жетеді. Әсіресе, жасөспірімнің жыныстық бағдарын ортасы мен отбасының діні қолдамаған кездерде. 

АҚШ-та 2012 жылы 10000 жеткіншектердің  арасында жүргізілген сауалнама бойынша олардың ішіндегі 92%-ы лесбияндар, гейлер, бисексуалдар мен трансгендерлер жайында жағымсыз пікірлер естігенін айтты.  Барлық қарапайым адамдар сияқты ЛГБТК- жасөспірімдер де өз достарының, жанұясының және қоғамдастықтың оларды қабылдауын қалайды. Бірақ өзгелердің соқыр нанымдары, оларды ешкім қабыл алмай, қудалауға ұшыраймыз деген қорқыныштары ЛГБТК-жасөспірімдерді тұлғасының маңызды жағын жасыруға итермелейді. Осы жасөспірімдер ашылып айтқан күннің өзінде жақындарының арасынан қолдау көрсетуге дайын адамдарына да тіс жармай өтеді. 

Әр жеткіншектің көкейінде мектепке, оқуына, болашақ кәсібіне, достары мен қоғамдағы орнына қатысты уайымы болады. Осы қарапайым алаңдауларға қоса, ЛГБТК-жасөспірімдерді өз болмысын жасыруға байланысты ойлар мазалайды. 

Кейбір жасөспірімдер отбасылары мен достарына өздерінің гей, не лесбиян екендерін ашық жариялайды. Бұл ‘камингаут’ (coming out) деп аталады. Камингаут ЛГБТК-адамдардың өзін жалғыз сезінбей, басқа адамдардан қолдау табуына себін тигізеді.  Дегенмен Қазақстанда және басқа да кертартпа көзқарастағы елдерде ЛГБТК-адамдарға деген қатынас жиі жағымсыз сипатқа ие.  

Бұл жерде ЛГБТК-жасөспірімдер қауіпке ұшырауы мүмкін. Алайда сенің жыныстық бағдарың мен гендерлік сәйкестілігің үшін ешкімнің сені ренжітуге немесе саған қастық жасауға құқы жоқ.  Бұндай жағдай орын алса немесе мүмкін болса, қауіпсіздік жоспарын құрғаның дұрыс болар. Оны жазып ал немесе өзіңе ғана қолжетімді жерде сақта. Ол жоспарда мынандай ақпарат болуға тиісті:

  • Бір жағдай болғанда қоңырау шалуға болатын маңызды телефондар, оның ішінде 111 және 150 жедел желі телефондары.
  • Қауіпті сезінген жағдайда баратын жерің, сол жерге қалай және немен баруға болатыны жазылған ақпарат.
  • Қауіптен құтылуға көмектесе алатын ересектер мен достарың

Жыныстық бағдарың мен гендерлік сәйкестілігің үшін қудалауға ұшырасаң...

Гомофобия – гомосексуал адамдардан қорқу немесе оларды жақтыртпау.

Трансфобия – трансгендерлерден қорқу немесе оларды жақтыртпау.

Гомофобты және трансфобты буллинг немесе, басқаша айтқанда, қудалау мынандай түрде кездесуі мүмкін:

  • сені жайсыз сезіндіру үшін жынысың немесе жыныстық бағдарың жайлы әдейі айту
  • саған тіл тигізіп, келемеждеу
  • ұрып-соғу немесе басқалай бір жеріңді ауырту
  • саған секс жайында меңзеп, не секске қатысты сұрақтар қою
  • сені елемей, топтан шығарып тастау
  • сен жайында онлайн мінеп-сынау.

Қалайша қауіпсіздікте бола аласың?

Жыныстық бағдарың мен гендерлік сәйкестілігің үшін ешкім де саған жаман көзбен қарауға тиіс емес. Әр адам дискриминацияға ұшырамай, өзін қауіпсіздікте сезінуге құқылы. Буллинг саған қатты әсер етуі мүмкін. Сен адамдармен өз сезімдеріңмен бөлісуге қорқа бастайсың. Егер де бұндай жағдай басыңда болcа, сен жалғыз емессің және де саған қолдау көрсете алатын адамдар барын есіңде ұста. Мынаны жасап көр:

Өзіңе құлақ ас

Өзіңді жайсыз сезінетін жерлерге барма. Егер де мазасызданып,  ішің түйілсе, онда бір шикілік барына қатысты тәнің саған белгі беруде. Жаныңда сенімді адамдарыңның болуын ойла.   

Біреуге ашық айт

Егер де сені мектепте қудалайды деп қорықсаң, өзің сенетін ересек адамға айт. Ол адам саған көмектесе алмаса, онда сынып жетекшісінен, мектеп директорынан немесе мектеп психологынан көмек сұра. Мектеп оқушыларды қудалауға қатысты шараларды қолдануға міндетті.   

Сенімен болып жатқан жайттар туралы күнделік жаз

Сенімен болған жайтты сипаттап, оның қашан болғанын және соның кесірінен өзіңді қалай сезінгеніңді жаз. Бұл біреуге айтқан күнде дәлел бола алады.  

Онлайн-кеңістікте қауіпсіздікті сақта  

Интернет жалғызсыратпай, саған қолдау бола алатын адамдарды табуға көмектесе алады. Егер де кибербуллинге (киберқудалауға) ұшырасаң, сен жайлы жағымсыз көзқарастағы комментарийлерді жазатын адамдарды блокка қой. Және де сондай жағдайларға қатысты мәліметті мұнда хабарлауға болады.

Буллингтен кейін өзіңе сенімділігіңді қалай қайтаруға болады?

Буллинг өз-өзіңді бағалау мен өзіңе деген сенімділігіңе қатты кесірін тигізуі мүмкін. Бірақ сен өзің болуға және құрметке лайықсың. Өзіңе деген сенімділігіңді қайтару үшін былай жасап көруге болады:

  • Өзіңнің кім екеніңді және қандай қасиеттерің үшін өзіңді мақтан тұтатыныңды есіңе салып отыр

Оны жазып алуға, сурет салуға, тақпақ құрастыруға және айнаның алдында жай ғана өзіңе айтуға болады.

  • Сенетін адамыңмен сөйлесіп көр

Ұнайтын адамың сені сол қалпыңда қабылдаса, бұл сенің өз-өзіңді бағалауыңа жақсы әсер етеді.

  • Сені бірегей ететін нәрсе жайында ойла

Әрқайсымыз бір-бірімізден ерекшеленеміз, егер де хоббиің мен қызығушылықтарың жайлы әңгімелессек, бір-біріміз жайлы көп нәрсе білуші едік. Бәріміз бірдей болсақ, бұл әлем жалықтырып жіберері анық! Өз бірегейлігіңді қабылда.

  • Басыңнан өткен жағдайға ұшыраған адамдарды тап

Қандай да бір қызығушылықтар бойынша клубтардың құрамына кір немесе онлайн достар тауып ал. Тек абай бол, бәріне сене берме, өйткені интернетте қастық ойлаушылар да бар.

Өз-өзіңді бағалау жайында көбірек оқығың келсе, мұнда бас!

Қазақстандағы және өңірлердегі ЛГБТК, ЛГБТК-ға қатысты дискриминация және олардың құқықтарын қорғау жөнінде ақпаратты мына ресурстардан білуге болады: https://www.kok.team/ruhttp://feminita.kz, https://www.steppeuca.info

Суреттер дереккөздері: Louise Mcnaught, Nick BrightBrianna MercierBrandon Loving

Поделитесь:

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған