Порнография

Бұл мақала жасы 12-ден асқан адамдарға арналған.

Сен порнографияға (порноға) қызығушылық танытып жүрген шығарсың, мүмкін сен оны көріп те қойдың. Порноға әуестік қалыпты жағдай саналады, алайда оның әсерінен сенде қозудан бастап жиіркену сияқты түрлі сезімдер пайда болуы мүмкін. Не сезінсең де, порно жайында білуге қажет біраз нәрселер бар.

Бұл парақтан білетінің:

Білу маңызды

Порно дегеніміз қиял, өмірде бәрі басқаша

Порноның әсерінен өзіңді қалай сезінуің мүмкін

Порно және тәнің

Егер де сені бейнеге не суретке түсірсе

Шамадан тыс порно

Қалайша порно көруді доғаруға болады

Білу маңызды

Сен бір нәрсені не кейбір дене мүшелеріңді біліп тану үшін онлайн порноны көруің мүмкін. Порноның ересектерге арналғанын есте сақтау маңызды. 

Кәмелет жасқа толмағандармен (жасы 18-ге толмаған адамдар) жасалған фотосуреттер мен бейнелер балалар порнографиясы деп аталады. Қазақстанда және өзге де елдерде бұндай материалдарды сақтау, тарату және көру заңсыз.

Егер де жасың 18-ге толмаса, ал жұбың сенің сексуалды фотосуреттеріңді таратып жүрсе, бұл жағдай да заңға қайшы әрекет болып табылады. Бұл үшін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Порноға әуесқойлық – қалыпты жағдай. Бірақ есіңде болсын:

  • порно және өмірдегі секс – бір біріне ұқсамайтын құбылыс
  • үнемі порно көргендіктен, секс және жұп қарым-қатынасы жайында жағымсыз көзқараста болуың мүмкін
  • егер де біреу сені порно көруге мәжбүрлесе, бұл дұрыс емес және де сен олай істеуге міндетті емессің 

Порно дегеніміз қиял, өмірде бәрі басқаша

Порноның ересектерге арналғанын ұмытпау керек. Көп жағдайда порно секстің шын мәнінде қандай болу керектігін айқындамайды. Тіпті порнодағы секс өмірдегідей емес. Мынаны есіңде ұста:

  • барлық адамдардың тәні мен дене мүшелері бір бірінен өзгешеленеді, омырау мен пенистің көлемі, пішіні әр түрлі болады
  • порнодағы кейбір көріністерден өзіңді жайсыз сезіну қалыпты жағдай саналады
  • порнода жиі көрсететін қорғалмаған секс жыныстық инфекциялар мен жүктілікке әкеп соғуы ықтимал
  • кей кездері секстен ауырсынады, және де барлық адамдар оргазмды сезіне бермейді
  • өз жұбыңмен бірге қауіпсіздікті сезініп, оған «жоқ» деп айтуға қорықпау керек
  • дененің интим мүшелерінде түктердің болуы қалыпты құбылыс. Бұл сенің тәнің және түктерді қалдыру не қырып тастау жайында өзің шешесің
  • ЕШҚАШАН адамды секске мәжбүрлеуге болмайды.

Порноның әсерінен өзіңді қалай сезінуің мүмкін

Әдетте порно ашық талқыланбайтындықтан, оны көрген соң аралас сезімде болуың мүмкін. Ондай сезімдер:

  • толқу мен қозу
  • түрлі порноны көруге деген құштарлықты сезіну
  • порно көргеніңді біреудің біліп қоятыны жайлы алаңдау
  • саған порно көрген ұнап, ал әдетте оның дұрыс еместігінен қысылу
  • порно көргенің үшін өзіңнен жиіркену, себебі ол лас әрі әбестік болып саналады
  • көргеннен көңіл күйіңнің бұзылуы
  • секс порнодағыдай болу керек деп ойлағандықтан немесе сенің жұбың порнодағыдай сексті күтетіндіктен, секске қатысты абыржу
  • порнода кейбір адамдардың қандай күйде бейнеленуінен туындайтын ызалық, себебі бұл жиі түрде стереотиптік түсінік (мысалы, әйел адамдарды төмендету)
  • порно көргенің үшін ұялу, өйткені бұлай істеу сенің дініңе қарсы екенін түсіну.

Порно және тәнің

Сен өзіңді порнодағы адамдармен салыстыра бастауың немесе белгілі бір қалыпта болуың жайлы ойлауың мүмкін. Порно нағыз өмірден қатты ерекшеленеді, ал саған өзің жайлы жаман ойламауың абзал. 

Мынаны есіңде ұста:

  • әдетте порнодағы адамдар – актерлер, және де олардың көбі сырт келбетін жақсарту үшін пластикалық ота жасатады, сондай-ақ түсірілім үшін оларға шамадан артық грим салынады
  • кейде порно-актерлерді/актрисаларды пенистерінің/омырауларының көлеміне қарай арнайы таңдап алады
  • порнобейнелер мен фотосуреттер әдетте өңделіп, түзетіледі

Егер де порноны көргендіктен, сен өзіңе жек көрінішті көрінсең, саған жағымды нәрсемен айналысу пайдалы болады. Мысалы:

  • хоббилеріңе ден қойып, саған қуаныш сыйлайтын жаңа және қызықты нәрсемен айналыс
  • өзіңді басқа адамдармен салыстырмауға тырыс, керісінше, өзіңе деген сенімділігіңді арттырып, өзіңді жоғары бағала
  • телефоныңдағы порнороликтерді өшіріп таста, ал қайтадан порноны көргің келген жағдайда немен айналысатыныңды жоспарлап қой.

Егер де сені бейнеге не фотосуретке түсірсе

Интимді нәрсемен айналысқанда сені бейнеге немесе фотосуретке түсірсе, кейін ол порно жасауға пайдаланылуы мүмкін. Өзіңді қашанда қауіпсіздікте сезіну үшін сенің келісімінсіз ештеңе жасатпауың керек. 

Жасың 18-ге толмаған болса, бұның заңсыз екенін ұмытпа.

Қалай батыл болуды, «жоқ» деп жауап қайтаруды мұнда біл.

 

Шамадан тыс порно?

Егер сен порноны шамадан тыс көрсең, бұл сенің отбасың мен достарың арасындағы қарым-қатынасыңа, оқуыңа және тұтастай өміріңе кері әсерін тигізер. 

Порноны жиі көргендіктен, адамдарды порно актерлермен салыстыра бастауың мүмкін. 

Жұбыңның порнодағы адамдардай болуын қалай бастауың да таң қалдырмайды. Өзіңнің не істеп жүргеніңді, сенде порноға тәуелділік мәселесінің пайда болу-болмауы жайында ойлануың маңызды. 

Мүмкін, сенде порноға тәуелділік бар шығар, оның белгілері мынадай:

  • саған порно көруді доғару қиынға соғуда, және бұл сенің күнделікті өміріңдегі маңызды нәрселердің біріне айналуда
  • саған нағыз секс ұнамайды, оның орнына порно көруді артық көресің
  • тез жалықтырып жіберетіндіктен, сен порноның әр түрлерін көргің келеді
  • порно үшін басқа нәрселерге уақытыңды аз бөлесің. 

Қалайша порно көруді доғаруға болады

Егер де сен порно көруді қойғың келсе, келесі нәрселерді жасап көруге болады:

  • назарыңды басқаға аудар – кітап оқы, сурет сал, музыка тыңда, ойын ойна
  • саған шаттық сыйлайтын хоббимен немесе спортпен шұғылдан
  • шағын мақсаттар қой – порно көруді мүлдем қойғанға дейін порно көру уақытын азайтып көр
  • нені өзгерткің келетіні, қандай сезімдерді бастан өткізгің келетіні жайында қағазға жазуыңа болады. Порноны көруге ынтаң пайда болған сайын бұл тізімге көз жүгірт. 

Суреттер дереккөзі: YukaiDu, José Villamayor, Rachel Foo

Поделитесь:

Leave a Reply