Алғашқы қарым-қатынас

Екеу арадағы қарым-қатынас адамды қатты толғандырады. Бір-біріңді тану, бірге уақыт өткізу, ұнайтын адам жайлы ойлағанның өзі сені бақытқа кенелтеді.  Дегенмен қарым-қатынас түсініксіз де болуы мүмкін. Қарым-қатынасқа қатысты алаңдасаң, не істеу керектігін оқы.  

Бұл парақта:

Сендердің жас айырмашылықтарың үлкен болса

Отбасың таңдауыңды мақұлдамаса

Алғашқы қадамды қалай жасауға болады

Айырылысу

Қарым-қатынастың басталуы

Кейбір уақыттарда, әсіресе достарыңның бәрі жұп құрып жүргенде, сен ғана жалғыз жүргендей көрінесің.

Бәріміз бірдей емеспіз, және де адамдардың кездесе бастауы үшін қандай да бір белгіленген дұрыс уақыт жоқ. Тіпті, жалғыз сен жұпсыз жүрген күннің өзінде де сенімен бәрі де дұрыс. Біреулерде алғашқы қарым-қатынас ересек кезінде басталып жатады, онда тұрған ештеңе жоқ. 

Бәрі де махаббат сезімін бастан кешіргенде біраз қобалжиды. Бастысы – дұрыс адамды таңдай білу!

Саған кездесуге ұсыныс жасаған кезде одан бас тарту да қалыпты жағдай.  Біреумен кездесудің де, жалғыз болудың да өз жағымды жақтары бар.

Жас айырмашылықтарың үлкен болса

Егер де отбасың таңдауыңды мақұлдамаса

Жас айырмашылықтың үлкен болуы өміріңнің барлық жағына әсер етеді. Мәселен:

  • мектеп

Екеуіңнен сен ғана мектепте оқысаң, оқуға уақыт бөлуің қиынға соғады. Қызың/жігітің емтихан тапсыруға байланысты күйзеліп жүргеніңді, оқуға уақыт бөлу керек екенін түсінбеуі  мүмкін.  

  • заң

Қызың не жігітің болуы заңға қайшы емес. Егер де жасың он алтыға толмай, ересек адаммен секспен айналыссаң, бұл заңсыз. Ол оралды секс пен сексуалды фотосуреттермен алмасуға да (секстинг) қатысты. Сонымен бірге жасы үлкенірек серіктесіңнің секске қатысты сенен нені күтетініне дайын болмауың ғажап емес.

  • қаражат

Егер де біреуің жұмыс істеп, ақша тапсаңдар, бұл да бір нәрсе үшін есеп айырысқанда, біршама қиындықтар тудыруы мүмкін.

  • міндеттемелер

Біреуіңнің жасың басқадан үлкенірек болса, оның тәжірибесі де, білетіні мен күтетіні  де көп, мәселен, отбасын құру немесе балалы болу деген сияқты. Ересек адам сені уысында ұстап, осындай шешімдерді қабылдауда бақылау жүргізуді қалайды.

Егер де отбасыңа жігітің/қызың ұнамаса, не олар ғашық адамыңмен бірге болуға қарсы болса, сен қатты қиналасың.

Сол үшін қайғырасың, ыза боласың, жалғызсырап, не істеріңді білмейсің. Мұндай жағдайда былай істеуге болады:

  • олардың неліктен қарсы екенін анықтап ал

Мүмкін, отбасыңның серіктесіңнің жүріс-тұрысына, жасына, жыныстық тиістілігіне, дініне, нәсіліне қатысты қарсылығы бар шығар? Не өзге де себептері болуы ықтимал.

  • Ата-анаңа өзіңді қалай сезінетінің жөнінде айт

Бұл мәселені талқылап, шешуге тырыс.

  • Өзің сенетін адамнан көмек сұра

Отбасыңның мүшесімен, мұғаліміңмен немесе сенетін адамыңмен мәселең жайлы айт .

  • Олармен сөйлес

Біздің кеңесшіге жаз немесе 111 сенім телефонына қоңырау шал. Біз саған қол ұшын беріп, қолдау үшін осындамыз.

Алғашқы қадамды қалай жасауға болады

  • қаншалықты тату екендеріңді түсіну үшін өзің ұнайтын адаммен көбірек уақыт өткізуге тырыс
  • ортақ қызығушылықтарыңның бар-жоғын түсіну үшін ол туралы көбірек біліп ал
  • басқалардың көзінше ұялсаң, екеуің де асықпай, оңашада сөйлесу үшін уақыт тап
  • оны бір жерге шақыру міндет емес, жай ғана бірге саябақта қыдыруға да болады.

Біреуге сезіміңді қалай білдіруге болады...

Ғашық болғанда не саған біреу ұнаған жағдайда қатты қобалжисың! Бұл сондай-ақ біраз қорқыныш тудырады. Мүмкін, сен ол адамға өз сезіміңді білдіргің немесе бір жерге шақырғың келеді, бірақ не істеріңді білмейсің. Сондай-ақ оның саған деген сезімінің бар-жоғы алаңдатады.

Егер сен ол адамға ұнасаң, онда бұл қарым-қатынастарыңның басталуын білдіреді. Сендер бір-біріңді танып, бұдан бетер ғашық боласыңдар.   

Бірақ ол адам сені ұнатпаса, сен қамығып, ұялып, ол сенен теріс айналғандай күй кешесің. Бұл негативті жеңудің жолы – өзіңе деген сенімділігіңді арттырып, өзіңді жоғары бағалау! Ол жайында мұнда біліп ал.

Айырылысу

Қарым-қатынастың  аяқталуы  екі жаққа да ауыр тиеді.

Адаммен айырылысуға шешім қабылдаған кезде де, қызың/жігітің сенімен айырылысқанда да өз-өзіңе келу үшін саған уақыт қажет болатынын есте сақтау маңызды. 

Егер сен айырылысуға шешім қабылдасаң

Айырылысуға қатысты шешім қабылдау, әсіресе өз шешіміңнің дұрыстығына сенімді болмаған жағдайда өте ауыр.  Дегенмен шешім қабылдап қойған болсаң, бәрін дұрыс жаса.

  • бұл жайында жігітіңмен/қызыңмен жеке сөйлесуге тырыс. Сендерді ешкім мазаламайтын, тыныш жерде сөйлескендерің жөн.
  • хабарлама арқылы айырылыспа. Сенің хабарламаңды басқа адамдарға жіберіп, сен үшін жағдайдың ұшығып кетуі мүмкін.
  • жігітіңе/қызыңа неліктен айырылысуды қалайтының жайлы түсіндір.
  • достасып айырылысқың келмесе, дос болып қалуға ниет білдірме.Өтірік оны одан бетер жаралайды.
  • маңызды заттарыңды – үйіңнің кілтін, ақшаңды, басқа нәрсені қайтарып алуға тырыс.

Қарым-қатынастарыңды үзерде болатын жағдайдан қорықсаң, өзің сенетін ересек адаммен ақылдас, 111 сенім телефонына қоңырау шал немесе бізге хат жаз.

Егер де сенімен айырылысқысы келсе

Жігітің/қызың айырылысқысы келсе, бұл жағдай сені уайымға батырады, және де бұған шыдау үшін біраз уақыт қажет.

Біршама уақыт өтсе де, жаның ауырып, қамығып, айырылысуды қабылдай алмай жүресің, дегенмен бәрі де өзгереді. Сезімің өзгеріп, болашақта басқа адамды кездестіруің әбден мүмкін.

Айырылысуға шыдаудың 5 жолы:

  • сенетін адамыңмен сезімің жайлы сөйлес
  • достарыңмен кездесу, хоббимен айналысу сияқты жағымды істерге көп уақыт бөл
  • 111 сенім телефонына қоңырау шал, біздің кеңесшімізге немесе біздің форумға жаз
  • өзің үшін ненің маңызды екенін, болашақта нені қалайтының жайлы ойлан. Болашағыңа қатысты өз сезімдеріңді сурет арқылы көрсетуге немесе күнделікте жазуыңа болады.

Қарым-қатынасқа қатысты алаңдау

Егер де сен қарым-қатынастарың жайлы алаңдасаң, өз сезімдерің жайлы жігітіңмен/қызыңмен сөйлескенің дұрыс. Әңгімеге алдын ала дайындалғаның маңызды, оның сені түсінуі үшін нені және қалай айтуыңды ойланып ал.   

Егер де қызың/жігітің сені кемсітсе немесе қорқытса, онда бұл қарым-қатынастағы зорлық-зомбылық болып табылады. Онымен бұл жайлы сөйлесе алмайтындай көрінсе, келесіні байқап көр:

  • сенетін ересек адаммен орын алып жатқан жағдай туралы сөйлес
  • 111 сенім телефонына қоңырау шал
  • біздің кеңесшімізге жаз. 

Cурет көздер: Audrey Lee

Поделитесь:

Leave a Reply