Құрдастар тарапынан көрсетілетін қысым

Кей уақытта достар қатарына қосылу үшін барлығын жасауға барсың. Дегенмен басқалардың қалауымен іс-әрекет жасаудан өзіңді жайсыз сезінсең, сен одан бас тартуға және сенүшін ненің дұрыс болатыны жайында өзің шешім қабылдауға құқылысың. 

Осы парақта

Құрдастар тарапынан көрсетілетін қысым деп нені айтамыз?

Саған қысым жасалса…

«Жоқ» деп айтудың 4 жолы

Құрдастар тарапынан көрсетілетін қысым деп нені айтамыз?

Сен байқамаған күнде де достарың мен құрдастарың сенің қабылдайтын шешімдеріңе күн сайын ықпал етеді.

Кейде ол да жақсы, мысалы досың саған белгілі бір кітапты оқуға кеңес беріп, кейіннен ол сенің сүйікті кітабыңа айналып жатады.

Алайда сен қаламайтын іс-әрекетті жасатуға мәжбүрлеуі де мүмкін. Мысалы, біреуді ренжіту немесе сабаққа бармау.

Тек достарың солай жасағандықтан сен де олар сияқты істеу керекпін деп ойлайсың, бұл – құрдастар тарапынан көрсетілетін қысым. Ал ондайдан бас тартып, өз таңдауыңды жасау – қалыпты жағдай. Осылай жасауға үйренудің бірнеше жолын айтамыз.

Егер саған ішімдік ішуге, шылым шегуге немесе есірткі қабылдауға қысым жасалса…

Есеюдің орынды көрінісінің бірі – тәжірибе жасау, яғни жаңа бір нәрсені жасап көру. Бірақ бұл міндетті түрде ішімдік ішу, есірткі қабылдау және шылым шегу керек деген сөз емес.

Егер достарың солай жасаса, саған одан бас тарту қиынға соғары анық. Алайда бұлжөнінде шешімді олар емес, сен қабылдайсың. Басқалардың қалауымен емес, не нәрсені өз қалауыңмен жасауға құқылысың.

Біреуді қорлау

Егер де достарың/құрдастарың біреуді мазақ етіп, кемсітсе немесе әдейі басқа адам өзін нашар сезіну үшін жаман іс-әрекет жасаса, онда бұл адамды қорлау не буллинг болып табылады.

Достарың саған қысым жасап, бірге әлдекімді қорлағысы келсе, оларға қарсы шығу қиын. Дегенмен құрдастар тарапынан жасалатын қысымға қарсылық көрсетудің мынадай жолдары бар:  

  • Неліктен сол іс-әрекетті қаламайтының жөнінде себептеріңді айтып, «жоқ» деп жауап қайтаруға машықтан
  • Біреуді қорлауға мәжбүрлейтін жағдайлардан аулақ жүр
  • Ондай жағдай қайталанбас үшін біреуге, мысалы мұғаліміңе айт
  • Сені әлдекімді онлайн қорлауға мәжбүрлесе, керісінше жаса – жақсы сөздер жаз

Арықтау немесе белгілі бір қалыпта болу

Саған арықтау немесе керісінше толу керек деп қысым жасалуы мүмкін. Қысым досыңның/құрбыңның, отбасы мүшесі, веб-сайт немесе онлайн-топтың тарапынан да болады. 

Қай жақтан болмасын, бұның саған зияны тиетіні рас.

Салмаққа қатысты үнемі алаңдау анорексия немесе булимия сияқты тамақтану бұзылыстарына әкеп соғады. Бұл сенің басыңдағы жағдай болса, мәселені мойындап, бір шешімін табукерек.

Дені сау болу дегеніміз – жеткілікті мөлшерде тамақтанып, көп салмақ жоғалтпау.

Кейбір дене мүшелерінің өзіңе ұнамауы қалыпты жағдай. Дегенмен тек сырт келбетің үшін ғана өзіңе ұнауға тиісті емессің (әйтсе де бұл да маңызды). Өзіңді бақытты сезіну жан-дүниеңе де байланысты.

 Егер де сен өзіңді-өзің жоғары бағалауға тырыссаң, өзіңді ұнату үшін көптеген себептер таба аласың.

Секспен айналысу немесе сексуалды өзара хат-хабар жазысу

Секспен айналыса бастау-өмірдегі маңызды шешімдердің бірі. Әр адам бұған дайын екенін өз уақытында сезінеді.  

Егер де өзіңді жайсыз сезініп, секске дайын болмасаң, онымен айналысуға міндетті емессің. Сондай-ақ өзіңнің жалаңаш суреттеріңді жібергің немесе сексуалды өзара хат-хабар жазысқың келмесе, оны істемеуге құқылысың. Сенен ондайды күткен адамға өзіңді жайсыз сезінетінің жайында айтқаның дұрыс. 

Достарың, жігітің не қызың сезімдеріңе қатысты алаңдаса, онда олар саған қысым көрсетіп, ұнамайтын іс-әрекетті жасатуға мәжбүрлемейді.

Секс жайында көбірек ақпаратты мұнда біл.

Келеңсіз жағдайларға ұшырау

Кейде артынан келеңсіз жағдайларға ұшырататын іс-қимыл жасауға мәжбүрлеп жатады. Мысалы, сені сабақтан бірге қашуға, бірдеңе ұрлауға немесе заңға қайшы әрекет жасауға көндіруі мүмкін.  

Дау не әзіл әрекет, әсіресе бұған достарыңның бәрі қатысқан жағдайда саған және өміріңе қалай әсер ететінін айту қиын.

Әрине, өзің сенетін достарыңмен бірге әрекет жасап, көңіл көтеру жақсы. Дегенмен заңды бұзудың ауыр салдары бар.

Түрлі жағдайлар болып жатады, бірақ өткенге оралып, болғанды өзгерте алмайсың. Ал полиция құрықтаса не болмақ? Сондықтан есіңде болсын, сен қашанда достарың мен таныстарыңа «жоқ» деп айта аласың. 

Өз іс-әрекеттеріңнің неге әкеп ұрындыратыны жайлы алдын ала ойлағаның дұрыс.

"Жоқ" деп айтудың 4 жолы

Достарың бірге жүргенкезде оларға қосылмау қиын.

Кейде олар сені қабылдау үшін айтқандарын істеу керек деп ойларсың. Сондықтан жалғызсырап, қорқуың мүмкін.

Достар жиі солай жасайды, онда сенің кінәң жоқ. Былай істеп көр:

  1. Батыл сөйле

Қайсарлық таныт. Қарапайым жағдайларда «жоқ» деп айтуға машықтан, сонда қысым жасалған сәтте оңай жауап қайтара аласың. Жайсыз және қауіпті жағдайлардан бойыңды аулақ ұста. 

  1. Басқаларды сөкпеуге тырыс

Егер сен достарыңның шешімін құрметтесең, олар да сенің қабылдаған шешіміңе құрметпен қарайды.

  1. «Жоқ» деп айта алатын достарыңмен көбірек уақыт өткіз

Достармен келіспеу үшін біраз сенімділік қажет. Егер де сенің басқа достарың, таныстарың, отбасы мүшелері маңындағылардың қысымына қарсы тұра алса, олардан үйренуіңе болады. 

  1. Басқа нәрсемен айналысуды ұсын

Достарыңның іс-әрекеттерін жасау жайсыздық сезімін тудырса, неге оларға басқа нәрсемен айналысуды ұсынбасқа? Мысалы, өзің қалайтын және жасауға болатын нәрсені ұсын. 

Нені есте сақтау керек

  • Өзіңді жайсыз сезіндіретін іс-әрекеттерден бас тарту қалыпты жағдай болып табылады
  • Қалай жасаймын десең де, шешім қабылдайтын өзің
  • Басқалардың қалағанын істемей де дос болу мүмкін
  • Ойыңдағыны сенімдірек айтып үйренуге болады 

Cурет көздері: MOUNI FEDDAG

Поделитесь:

Leave a Reply