Онлайн груминг (алымсақтық)

Онлайн груминг (online grooming) – интернетте балалар мен жасөспірімдерге алымсақтық жасау әрекеттері. Бұндай жағдай ересек адам баламен не жасөспіріммен достасып, ал кейін оны сексуалды сипаттағы іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлегенде орын алады. Жиі сол ересек адам бала немесе жасөспірім кейпіне енеді. Осылайша ол сексуалды (жыныстық) алымсақтық жасайды. Біз онлайн-грумингтен қалай сақтану керектігі жөнінде айтып беремі.

Бұл парақта:

Онлайн груминг дегеніміз не?

Грумингтің белгілері

Секстинг

Азғын адам екенін қалай түсінуге болады?

Егер де саған сексуалды сипаттағы алымсақтық жасалса, не істеу керек

 

Онлайн қауіпсіздік

Онлайн груминг деп біреудің өзінен жас адамды сексуалды сипаттағы іс-әрекетті жасатуға мәжбүрлеу үшін интернетті қолдануын айтамыз. Мысалы, өзіңнің жалаңаш суреттеріңді немесе бейне таспаларыңды жіберу. Бұл дұрыс емес.   

Егер де бұндай жағдай қазіргі уақытта не өткен өміріңде орын алса, біз саған көмектесеміз.

Онлайн груминг жүзеге асатын 6 орын:

  1. әлеуметтік желілер
  2. мессенджерлер (whatsapp, telegram, facebook және т.б.)
  3. суреттерді жіберуге арналған сайттар мен қосымшалар, мысалы Instagram
  4. чаттар
  5. танысу сайттары мен қосымшалары
  6. онлайн ойындардың сайттары

Онлайн груминг дегеніміз не?

Кез келген адам басқа адамға алымсақтық жасауы мүмкін. Азғын адам сенімен чатта секс туралы сөйлесу, сенің арсыз (эротикалық) суреттерің мен бейне таспаларыңды алу, веб-камераға сексуалды іс-әрекеттер жасату, жеке кездесу үшін сенімді қарым-қатынас құрады.

Азғын адам жас та, қарт та, сондай-ақ ер адам да, әйел адам да болуы мүмкін.

Көпшілік басқалармен онлайн қатынасып тұрады, бұл – байланысудың жақсы жолы. Кейде жаңа достар табылып жатады. Алайда танымайтын адаммен тілдесудің қауіпті екенін де ұмытпау керек.

Егер сен басқа біреуге өзіңнің эротикалық суреттерің мен бейне таспаларыңды жіберсең, ары қарай олармен не болатынын сен бақылай алмайсың. Осы суреттер мен бейне таспаларды алған адам оларды басқаларға көрсетеді немесе сені бопсалайды. Мысалы, егер сен жаңа суреттерің мен бейне таспаларыңды жіберіп тұрмасаң, онда әлеуметтік желіге жүктеймін не жақындарыңа жіберемін деп сес көрсете алады.

Ал жасың 18-ге толмаған жағдайда біреу сенің суреттерің мен бейне таспаларыңды әлеуметтік желіге орналастырған болса, онда бұл туралы Қазақстандағы заңға қайшы контентке қарсы күрес бойынша Шұғыл байланысқа хабарлауыңа болады. Бұл қызмет саған қатысты заңға қайшы материалдар орналасқан ресурсты/веб-сайтты тексеріп, соңынан сол материалдарды жою үшін тиісті шаралар қолданады.    

Ешкімнің де сені бопсалауға және секске байланысты іс-әрекеттер жасату мақсатында мәжбүрлеуге құқы жоқ. Егер сен сондай жағдайға ұшырасаң, одан жол тауып шығуға болатынын есіңнен шығарма. Шұғыл байланысқа хабарла немесе бізге жаз.    

Онлайн грумингтің белгілері

Әр түрлі жағдайлар орын алып жатады. Онлайн азғындар өздері  жөнінде көбінде жалған сөйлейді. Сондықтан оның нағыз дос ретінде не әлдекім сенің арсыз суреттерің мен бейне таспаларыңды алу үшін ғана тілдесіп жүргенін түсіну қиын болады.

Сексуалды суреттеріңді алуды немесе секске көндіруді қалайтын азғынның әрекеттері мынадай:

  • ол саған көп жазады

Бұл жиі және түрлі жолдармен жүзеге асырылады, VK.com, Facebook, Instagram, Whatsapp және басқа да мессенджерлер арқылы.

  • екеулеріңнің қатынастарыңды құпия ұстауды сұрайды

Араларыңдағы «ерекше құпияның» болуын сылтау етіп, ешкімге әңгімелерің жайлы тіс жармауды өтінеді, оған сенім артуды сұрайды.

  • сен жөнінде көбірек білуге тырысады

Ата-анаң немесе отбасының басқа мүшесі біліп қоймас үшін осы компьютермен тағы біреу қолдана ма, не оның қай бөлмеде тұрғаны жайлы сұрайды.

  • ол саған өзінің сексуалды суреттерін жібере бастайды

Бұл білінбей басталуы мүмкін. Мысалы, «Сен сүйісіп көрдің бе?» деген сұрақтар қояды.

  • Ол сені бопсалауға тырысады

Өзін жаралаймын/ренжіп қаламын деген сылтаумен арсыз суреттеріңді не бейне таспаларыңды жіберуге мәжбүрлеуі мүмкін. Егер де ондай суреттеріңді жіберіп қойған болсаң, ол жаңасын жібермесең, оларды интернетте жариялаймын не таныстарыңа көрсетемін деп қорқытады.

Белгілері бірден байқалмайтындықтан, онлайн-груминге ұшырағаныңды анықтау қиынға соғады. Осы жайында біреумен бөліскің келсе, біздің кеңесшілерге жазуыңа болады. Сені тыңдап, қолдау үшін біз осындамыз. Есіңде болсын, сондай жағдай басыңнан өтіп жатса, ол сенің кінәң емес.

Секстинг

Біреуге өзіңнің арсыз/сексуалды суреттерің мен бейне таспаларыңды жіберсең, жағдайды бақылай алуың екіталай.

Бұл суреттер мен бейне таспаларды алған адам оларды басқаларға көрсетеді немесе сені бопсалайды. Мысалы, сол суреттерді жақындарыңа көрсетемін, интернетке жариялаймын деп сес көрсетіп, сенен жаңасын талап етеді.

Бірақ біз саған көмектесе аламыз. Егер сенің арсыз суреттерің не бейне таспаларың әлеуметтік желіде жарияланған болса, Қазақстандағы заңға қайшы контентке қарсы күрес бойынша Шұғыл байланысқа хабарлауыңа болады. Олар сол суреттер орналастырылған вебсайтпен байланысқа шығып, оларды алып тастауға тырысады.   

Әрине, осындай жағдай туралы мәлімдеу қорқынышты. Дегенмен саған қолдау қажет болса, біздің кеңесшімізге хабарлас.

Азғын адам екенін қалай түсінуге болады

Азғындардың белгілі бір типі болмайтынын ұмытпа. Көптеген адамдар интернетті балалар мен жасөспірімдерден арсыз суреттерін алдап не қорқытып алу үшін қолданады. Жиі азғын – бала кейпіне енетін ересек адам. Жиі, бірақ үнемі емес.

Интернетте адамдар өздерінің шын мәнісінде кім екенін жасырады. Суретте бейнеленген адам өзі екенін айтып, саған суреттер мен бейне таспаларды жібереді. Ал шындығында мүлдем басқаша болуы ықтимал. Сондықтан сақ болып,  сенуге болмайтын адамдардан аулақ жүр.

Кей кездері әлдекім саған екеуміз ұқсас адамдармыз, қызығушылықтарымыз бен қиындықтарымыз бір екен деп сеніміңе кіруге тырысады. Осылайша сендіріп, кейін қалағанын жасатқызуға мәжбүрлейді.

Алымсақтық тек онлайн болмайды

Сен кездестірген адам да, мысалы отбасылық шаралардағы немесе спорттық секциядағы адам да алымсақтық жасауы мүмкін. 

Ол адам жылы жүзді көрініп, саған көп көңіл бөледі, сыйлықтар жасайды. Бұның бәрін саған ұнау үшін істейді. Сен оған сенім арта бастаған соң, ол адам сексуалды қатынасты қалайды. Ешкімге айтпас үшін сені зорлық-зомбылықпен қорқытады.   

Ондай адамдар сендіре сөйлей біледі, өз дегенін жасатуға тырысады. Егер де өміріңде ұқсас жағдай орын алып жатса, мысалы біреу сенің арсыз суреттерің мен бейне таспаларыңды талап етсе, секске мәжбүрлесе, ондайда өзің сенетін адамға айтқаның жөн.

Сен қашанда 111 сенім қызметіне қоңырау шалуыңа немесе бізге хат жазуыңа болады.

Егер де саған сексуалды сипаттағы алымсақтық жасалса, не істеу керек

Егер де саған біреу алымсақтық жасаса, ондайда сен кінәлі емессің. Ата-анаң не отбасының басқа мүшелері ұрсады деп уайымдама. Бастысы – ол сенің қауіпсіздігің, және де жағдайдың одан әрі ұшығып кетпеуі. Сен біздің кеңесшілерімізбен тілдесе аласың. Және тағы бір қолыңнан келетін нәрсе бар.

Ол адамнан доғаруын өтін

Алғашқы қадам ретінде бәрін өзің реттеуге тырысып бақ. Ол адамнан доғаруын өтін, сексуалды суреттеріңді біреуге жіберу өзіңді жайсыз сезіндіретіні жайында айт.

Өзің сенетін ересек адамға айтып бер

Азғын адам қыр соңыннан қалмаса, сенетін ересек адамға айтқаның не сол туралы мәлімдеуің дұрыс болар. Біреуге ол жайында айту қорқынышты, және сол үшін келеңсіз жағдайға ұшыраймын ба деп ойлайсың. Ұялуың мүмкін. Бірақ сен бәрін ашық айтсаң, саған бұл жайсыз жағдайдан шығуыңа көмегі тиеді.

Сол жайында хабарла

Егер де ересек адам немесе бейтаныс біреу саған сексуалды сипаттағы хабарлама не өзіңді жайсыз сезінетіндей бірдеңе жіберсе, онымен жеке кездесуді өтінсе, арнайы қызметке хабарлауыңа болады.

Cурет көздері: Mouni Feddag

Поделитесь:

Leave a Reply