Дұрыс және бұрыс қарым-қатынастар

Кейбір уақыттарда, әсіресе достарыңның бәрі жұп құрып жүргенде, сен ғана жалғыз жүргендей көрінесің.

Бәріміз бірдей емеспіз, және де адамдардың кездесе бастауы үшін қандай да бір белгіленген дұрыс уақыт жоқ. Тіпті, жалғыз сен жұпсыз жүрген күннің өзінде де сенімен бәрі де дұрыс. Біреулерде алғашқы қарым-қатынас ересек кезінде басталып жатады, онда тұрған ештеңе жоқ. 

Бәрі де махаббат сезімін бастан кешіргенде, біраз қобалжиды. Бастысы – дұрыс адамды таңдай білу!

Саған кездесуге ұсыныс жасаған кезде, одан бас тарту да қалыпты жағдай. Біреумен кездесудің де, жалғыз болудың да өз жағымды жақтары бар.

Бұл парақтан білетінің:

Дұрыс қарым-қатынас дегеніміз не?

Қарым-қатынастағы зорлық-зомбылық

Бірақ, басында мен келістім ғой

Мені секске мәжбүрлесе ше?

Бұрыс қарым-қатынасқа тап болғаныңды қалай түсінуге болады?

Дұрыс қарым-қатынас дегеніміз не?

Сен адамды ұнатып, ал оның қылықтары сенің жаныңды жараласа, не сені ыңғайсыз жағдайға қалдырса, ондайда қарым-қатынас шиеленісіп кетуі де мүмкін. 

Дұрыс қарым-қатынастың 6 белгісі

  • сендер бір-біріңді жақсы түсінесіңдер
  • бір-біріңді құрметтейсіңдер
  • бір-біріңе сенесіңдер
  • бір-біріңе адалсыңдар
  • бір-біріңді тең көресіңдер
  • әрқайсыңда өз қызығушылықтарың мен істерің бар

Қашанда өз ойыңның жетегіне ілесіп, сен үшін ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін өзің шеш.

Қарым-қатынастағы зорлық-зомбылық

Қарым-қатынас енди басталған сәтте бәрі де жақсы! Қатты масаттанып, өзіңді бақытты сезінесің, қолыңнан бәрі де келетіндей күй кешесің. Ал,саған айтылған қошемет сөздерден өзіңді ерекше сезініп, өз өзіңе деген сенімің арта бастайды. 

Бірақ қарым-қатынас жиі бұрыс сипатқа ие болады, ал біз мұны байқай бермейміз.

Қарым-қатынаста зорлық-зомбылық та орын алып жатады. Мысалы, егер де  жақын адамың сенің әр қадамыңды бақыласа, итеріп жіберсенемесе қол жұмсаса, тіпті ондайды жасағысы келсе де зорлық-зомбылықдеп саналады. Бұл бір мәрте, не тұрақты түрде болып тұруы мүмкін. Қарым-қатынастағы зорлық-зомбылық түрлері мынадай: тәндік, сексуалдық, эмоциялық, қаржылық немесе психологиялық.

Сен құқылысың

Басқалардың сені құрметтеуіне және саған деген қарым-қатынасы ұнамаған жағдайда, оған ойыңды тіке айтып салуға құқылысың. Қарым-қатынастағы ерікті келісімнің орны бөлек. Яғни, саған қысым көрсеткеннен емес, өзің қалағандықтан бір нәрсені жасау.

Егер біреу сені секспен, қауіптілікпен немесе зорлық-зомбылықпен байланысты бір нәрсені жасауға, не секске мәжбүрлесе, онда бұл дұрыс емес.

Бұрыс қарым-қатынастар деп біреудің сені пайдаланып кетуін, не нашар қарауын айтамыз. Бұлай болмауы тиіс. Сондықтан өзіңнің ішкі түйсігіңе құлақ асып, абыржыған сәттерде көмек сұрай білу өте маңызды. Мысалы, Қазақстанның кез келген жерінен және кез келген телефоннан 111 жедел желісіне қашанда қоңырау шалуыңа болады.  

Егер сен өзіңді жайсыз сезініп, ішің бұрап, не істеріңді білмесең, онда бұрыс жағдайдың орын алғаны.

Мүмкін, денең саған белгі беріп жатқан шығар?

Орын алып жатқан жағдай саған ұнамаған кезде денең саған белгі береді

Кесірлі жағдай орын алып жатса, денеңнің саған жолдайтын 7 белгісі:

  • жүрегің шапшаң соға бастайды
  • терлейсің немесе денең қызиды
  • ауыр дем аласың
  • ішің шаншып ауырады
  • тамағың кебеді
  • құсқың келіп, басың айналады
  • денең тырысып қалады

Бірақ, басында мен келістім ғой

Әуел баста сен бір нәрсеге келісіміңді берген болсаң, кейін одан айнып қалуға құқылысың. Бірақ саған қысым көрсеткен кезде мұны істеу қиынға соғады.

Есіңде болсын:

  • сені бір нәрсе істеуге ешкім де мәжбүрлей алмайды
  • бас тартқаның үшін өзіңді кінәлі сезіндіруге мәжбүрлей алмайды және жалбарынуын жалғастыра алмайды
  • ешкім де сені басқалардың алдында міндетті сезінуге мәжбүрлей алмайды
  • басқалармен келіспегендіктен сені кемсітіп, саған тіл тигізе алмайды
  • сен туралы басқа адамдарға айтам деп немесе онлайн жариялаймын деп қорқыта алмайды
  • секске айырбас ретінде бір нәрсені ұсына алмайды
  • саған қиянат жасай алмайды

Орын алған жағдайдың дұрыстығына қатысты өз түйсігіңді тыңдау қажет.

Мені секске мәжбүрлесе ше?

Секспен айналысу – маңызды шешім. Сен өзіңді жайсыз сезініп, әлі дайын емеспін деп есептесең, өзіңді мәжбүрлеме. Егер жақын адамың сені бағаласа, онда қаламаған нәрсені жасатуға мәжбүр етпеуге тиіс.

Секс екі адам қалап тұрған жағдайда орын алуы шарт. Егер жұптағы біреу секске келісімін бермесе (яғни, сексті қаламаса), онда оны мәжбүрлеу заңға қайшы әрекет, бұл зорлауболып табылады. 

Қазіргі мәдениет секс тақырыбын музыкалық бейнеклиптер, кино, онлайн порно түрінде аса қатты жаюда. Құрдастарыңның бәрі секспен айналысатындай немесе соны ғана сөз ететіндей көрінуі мүмкін. Тек сол үшін жыныстық өмірді  бастаудың қажеті жоқ. Бәріміз бірдей емеспіз, сондықтан секспен бәрі де айналысады деген түсінікпен емес, тек өз қалауыңмен, дайын екеніңді сезінген кезде қатынасқа бару жөн.  

Егер секске қатысты сұрақтар туындап жатса, бізге жаз.

Бұрыс қарым-қатынасқа тап болғаныңды қалай түсінуге болады?

Егер жұптарыңда мынадай жағдайлар орын алса, онда сен бұрыс қарым-қатынасқа тап болдың

  • зорлық-зомбылық– шеттен тыс қызғаншақтық, тіл тигізіп қорлау, айғайлау, күш қолдану,үнемі бақылау
  • сені жиі ыңғайсыз жағдайға қалдырады және басқалардың көзінше намысыңа тиіп, кемсітеді
  • үнемі сені қадағалап, не істеп жүргеніңді бақылауда ұстайды
  • сені секске, шешінуге күштейді, қаламайтыныңды айтпасаң да, сені қауіпті іске баруға мәжбүрлейді
  • саған жалған айтады
  • шошытады, сен жиі қорқасың
  • телефоныңды, әлеуметтік желілеріңді, email-ді тексереді– сенің жеке кеңістігіңді бұзуға ешкімнің құқы жоқ
  • қашанда тек оның қалағанын жасайсыңдар, ал бұл әділетсіз
  • өз өзіңмен болудан бас тартуға мәжбүрлейді, достарыңмен араластырмай, өз істеріңмен де айналыстырмайды.

Cурет көздер: Boinova Maria, Kathrin Honesta

Поделитесь:

Leave a Reply